0 дауыс
681 көрілді
Кiмде бiр гана арiптен басталатын создерден куралган текст бар?

4 жауап

+8 дауыс
 
Жақсы жауап
Талай — талай тартысқа түскен тұста, төзімділік танытқан, тәуелсіз, тұғырлы, туы төрде тұрған тілімізді, тарихымызды танитындарда, танымайтындарда таңқалдыруда. Тіл туралы тақырыпты түртіп, тақырыпты тілге тиек тегенім теледидарды тамашалап тұрғандағы, телефонмен тілдесудегі, таусылмайтын тынымсыз тіршіліктегі, тағысы- тағы талай тұстарда тоғысатын тілдік тоғыстырулар, туған тіліміздің тағдыры. Толықтай түссем, тіліміздің туғандары тілге түрлі — түрлі тілдерді тоғыстырады, танымайтындары тануға талпыныс танытпайды. Топқа топырақты төкпей түсінгенім, туған тілінде тілдесуге тартынғандары! Тартынатындар, тап- тамаша тілімізді тани тұрып, таза тілмен түсіндірмей, төрдегі тілімізді табалдырыққа тартатындар ту таңда толып тұр. Туған тілінде тілдеспек түгілі, тілдесу түнгі түсіндеде тұрмайтындар таңырқауға тұрарлық. Турасы, тіліміздің тағдырына тосын тосқауыл. Татарлардың танымал тарихшысы, «Тілдің тыныш тұрғаны тарихқа тас тастағаны, тілдің тыным таппағаны тілді тауға тартқаны», — турасындағы тақырыпты талқылағаны тарихтарында таратылған. Тура татардың тарихшысы талқылаған тақырып тәрізді, тіл талқылауға, таласуға тұрарлық тақырып.
Уауу мықтысың ғой(*))))
+3 дауыс
"Жайық жағасында Жамбыл Жабаев жеті жұмырытқаны жарып жеді" осындайма?
Түп-тұқиянын талқылауға тырысқан тартуымның «Тематикасы», «Текстовкасы», «Тақырыбы» (теңеуін тілегіңіз таңдасын) − тіл тағдыры. Тіл туралы талай-талай талпынып, талаптанып, толғаныстан, талас-тартыстан туған тұсаукесер туындым. Тіл тағдыры талай тарландарды тыным таптырмай тұрған тақырып. Тарихты терең талдасақ, тіл тағдыры толғантқан талай танымал тұлғаларымыз түрмеге тоғытылды, тамұққа түсті, төбеттерге таланды. Тоталитаризмнің төтенше төбеттері Тұрарларымызбен тапанша тілімен тілдесті. Тәуелсіздігіміздің туы тігіліп, тайпа тағдыры тұрақтағалы тіліміздің түбегейлі тірілуін, туған тұғырына тік тұруын тай-тұяғымызбен, түгеліміз тіледік.
Тілінің тілеуін тілемейтіндердің тізіміне:
−төл тілінде түсініспейтін тексіздерді;
−туған тегін танымайтын тасбауырларды;
−тікішегін тезекке толтырып, тамаққа тойғанына тоқмейілсіген тоғышарларды топтастырдым.
Тізбелесек тағысын-тағы, топтасып тоқайласқан тұжырымсыздар, тіл тарихын түрпілеп түзетуге талпынған тұрлаусыздар, тұрпайы түсініктерімен тәнімізге тағылған таңба тәрізді.
Табаны тайғанақтап тұрған тіл тағдырына толғанбайтын, тәубені түсінбейтін, тәкапппар, төресымақ, табысқой танысымнан тіл тазалығын түсіндірмекке талабымды тосқанымда тулаған тайдай тарпынып, талағы тарс түсті.
− «Трагедизируешь! Таласып-тартысуға тұрмайтын тақырып. Төбеде тұрған тағынан түспейтіндердің таңдаған, «трасттылық», «традициялық», «транспаренттік», «толеранттық» туралы тілшілердің тапқан танымал терминдерінің түпнұсқасын талқылауың — тантықтардың теориясы. Так‑то товаришь!»
− «Тогда твоя теория тоже — твердолобая тупость (тәржімесі — топастық). Таңдағандарың «тоталитарлық» тіл! Тұран тіліміздің тарихи түп-тамырын түсінбейтіндердің, тіл тағдырын тендерге тоғытып тікелей табысты тілейтіндердің тұжырымдамасы».
Тәйтік топаспен тәжікелесіп, түк таппадым. Тоқтадым.
Тартысқа толы тағдырымның тебіреністерін «Т-мен» тізбектеген туындымда тұңғыш тентегім Темірханым туралы толғандым. Темірханым туғанда төбем Тәңірдің тұрағына тәк-тәк тимей тұрды. Тілеуім түзу-тұғын. Төңірекке табалатпай тәй-тәй тұрды. Таңдайы тақылдап, тілі түзелді. Төрт түлігім түгел, теңіздер таяз тартып, тіземе тимей тұрғандай-тұғын. Титімдей тәмпішіме тәлім-тәрбие тоқытатын, туған тілін терең түсіндіретін тиісті тұрақ таңдадым. Тұрған төңірегімізден төл тілімізде тәрбиелейтін «тәлімхана» таза-тақыр табылмады.
Тағатым таусылғандықтан, 9‑ға толған томпатай тентегімді тіліміздің тереңдегі тұнығымен табыстырдым. Төл тілімізді «тоталитарлық» тілден төмендетпей, терезесін теңестіріп таразыға тартудан тайынбадым. Тілімізді талас-талқыға түсіріп, «тендершілердің» торсығын толтырғанына төзбедім. Тілімнің тау-тасын талқандап, топ-тобымен, тайлы-тұяғымен топырлатып табанына тастауға тырысқандармен тартыстым. Таласқанмен тұрмыс түзелмесін түсініп, тәңірге табындым.
Темірханым, түсінген текті тояттайтындай тиянақтылығын танытты, тіпті тестілеуді тәп-тәуір тапсырып, төсбелгі тағынып, тума-туыс, таныстарымды таңдандырды. «Тесік тамның тәңірі төбесінде», «тең-теңімен, тезек торбасымен» тәрізді теңеулерді теріске тіркеу — түсінбеушілік. Темірханым тағдырдың талай тайғақтарына төтеп, талмастан талаптанып тереңдік танытты. Тұлпарымды тотталмайтын темірмен тағалап, тұмар тақтым. Тілді терең талқылағанда теңдестерінен таяқ тастам төрде тұрды. Тағдыр тәлкегі түсініксіз тылсым табиғат тәрізді. Танауы тәмпиған титтей түлегіме тіл тиді. Тәңірім тағдыр талқысына тағы тоғытып, түбінде Тимамды (Темірханымды) тәркілеп тынды. Тәңірдің тартуы таусылмауын, төзімімнің тозбауын тіледім. Төздім. Түңілмедім.
Түнде түсімде тіл тағдырын талдайтын талай тарихи тұлғалар топтасқан торқалы тойға тосыннан тап түсіппін. Түр-түсі тұрпайылау, төртпақ, тойған торайдай топ-томпақ төрде тұрған төраға толғанып тұр. Тіл төңірегіндегі тиіпқашпа талқылауларды түкке тұрмайтын текетіреске теңейді. Тіл тағдырын Тойфл тәсілімен тестілеп-ақ тұғырына тұрғызбақ. Тілді тестілеп тәлімдейтін тұжырымдамасына түсінбедім. Тәңірім-ай, таңертең тұншығып терлеп түрегелдім.
Тіл табиғатын ТЕСТілеу — тілді тұғырына тұрғызбайды. Тіл тестілеуге төзбейді. Тулақтай тырысқан тіліме тірек табылып, табалдырықтан төрге тартатын тарихи тұлғалар табылса, тұнжырауым тарқап, түркі тектес тілімнің тойында тамадалық талантымды талайыңа танытармын.
Толғауы тоқсан тебіренісімнің тобықтай түйіні — тілімнің тағдыры.
Тіл тақырыбын талдасақ:
−тарихы табанға тапталған тақырып;
−төркінін талдасақ − тамыры терең тақырып;
−талапты түлекті түбегейлі толғандыратын тақырып;
−тынысы тарылып, тығырыққа тіреліп тұрған тақырып;
−туған төрінен тұғырын таппай тұрған тақырып;
−талқылай-талқылай төзімді тауысқан тақырып;
−түбің түскір тексіздердің тәлкегіне түскен тақырып;
−тоны тігілгенмен, түймесі тағылмай тұрған тақырып;
−«тоқалдан туған» тақырып;
−табанын тас тескен, тасмаңдай тақырып;
−тулағы тықыр, тұяғы тұқыл тақырып;
−талапайға, талан-таражға, тендерге түскен тақырып;
−тіземен таптап, тезге тартып түзетуге төзбейтін тақырып;
−тілмашқа телмірген, тәржімашыға тәуелді тақырып;
−тар телпек тақиялы төбелтаздар түсінбейтін тақырып;
−толғағы толып тұрған тақырып…
Тек тіл тақырыбының толғағы талықсып түсік тастамауын тілейік. Тілдің туын тіктейтін талабы таудай тастүлектер тууын тілейік, туысқандар. Тәмсілге татитын, тәпсір тілемейтін титықтатқан тақырыбымды түйсігім тозып таусылғанша тәмәмдамаспын.
неге міндетті түрде Жамбыл Жабаев басқа есім қойған абзал сияқты!атамыздың есімін қорламағанымыз жөн!
Белгісіз
+3 дауыс
Талғат тоғайдың түбінде темекі тартып тұрғанда, тәтесі таяқпен талдырып тастапты.
+2 дауыс
Сапарбаева Сайран сағат сегізде студенттерге синтаксистік сөйлемдерді салыстырды))))хехе)
Сәнім Салтанат саябақта сыбырласып сөйлесіп сықылықтасты)))
...