Өйткені ол әр түрлі тұздардан тұрады. Соның ішінде біз ас әзірлеуге пайдаланатын натрий хлориді. Негізінде көз жас адам қанымен бірдей. Ол да ащы. Қан мен жастың химиялық құрамы бір-біріне ұқсас. Қан адамның денсаулығының жағдайынан хабар берсе, жаста одан кем хабар бермейді. Олардың құрамы адам денсаулығының жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Сосын адамның көз жасы лизоцим деген пайдалы заттан тұрады. Ол көптеген микробтарды өлтіруге қабілетті. Сөйтіп ол көздің қабығына ауру жұқпауын қамтамасыз етеді.