+1 дауыс
1.6k көрілді
Тұмауға қарсы вакцина кімдерге тегін егіледі? Жағымсыз әсерлері қандай? Ем алып жүрген адам вакцина салдыруға бола ма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Министрлік бұйырығына сәйкес меди­циналық қызметкерлер, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, иммуно­жетіспеушілігі бар әлсіз балалар мен жасы 60-тан асқан қарттарға  тұмауға   қарсы   вакцина  ақысыз егіледі.

– Кейбір адамдар  вакцина  ексе де тұмаураттық деп жатады. Мұның себебі неде?

– Білесіз бе, бір ғана  ОРВИ виру­сының 150-ден астам түрі бар.  Ал адам соның ең ауыр және қауіпті деген біреуіне ғана қарсы вакцина ектіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маусым-шілде айында түрлі зерттеу, талдау жүргізіп, жыл сайын тұмауға қарсы вакцинаның жаңа түрін шығарады. Көбіне вакцина тұмаудың А және В типіне қарсы жасалады. Мысалы, құс тұмауы, доңыз тұмауы деп жатамыз. Оларға қарсы былтыр инфлювак деген вакцина егілді. Ал жаңағы Сіз айтқан ектірсе де ауырдық дегендер тұмаумен ауырғандар емес, вирус­тың өзге түрін жұқтырғандар.

– Бұл вакцина аллергиямен ауыратындарға қалай әсер етеді?

– Жоғарыда айтып өткенімдей, тауық ақуызына сезімталдығы бар адамдарға  вакцина  қабылдауға болмайды. Яғни, тауық етін не жұмыртқасын жей алмайтын адамдар  вакцина  ектірмегені жөн.

– Ал оның жағымсыз әсері бар ма?

– Вакцина қолдануға болмайтын жағ­дай­лар бар. Біріншіден, дене қызуы кө­те­рілген адамға вакцина егуге бол­май­ды­. Екіншіден, тауық ақуызына немесе вак­цина­ құрамындағы өзге заттарға ас­қан сезім­талдығы бар адамдарға вак­цина егілмейді. Ауырып тұрған адамға вакцина­ егілген жағдайда тұмауға қар­сы иммуни­теттің әсерін азайтуы мүмкін. Сондай-ақ кейбір адамдар ағзасына вакцина­ кері әсер етуі де ықтимал. Вакцина егіл­ген ал­ғашқы бір-екі күнде тері қызарып, ауырсынуы, температураның көтерілуі мүмкін.

Ұқсас сұрақтар

...