+1 дауыс
641 көрілді
Бұқа сүзістіріп ойын көрсетіп жатады ғой испандықтар ма италияндар ма. Ал ит төбелестіру,қораз шоқыстыру деген ойындар қайдан шыққан?
http://kiwi.kz/watch/pdc3stk0l7fc/
Белгісіз

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ит төбелестіру үрдісі Ежелгі Рим империясынан бастау алыпты. Римдіктер амфитеатрларында иттерді бір-бірімен, жолбарыс немесе арыстандармен төбелестірсе, кейде тіпті адамдарға айдап салып қызықтаған екен. Кейін бұл XIX ғасырда Англия мен Францияда кеңінен таралады. Сөйтіп, Еуропадан бастау алған ит төбелестіру үрдісі біртіндеп бүкіл әлемге жайылды. Ал итті малды қасқырдан қорғайтын күзетшіретінде ұстаған қазақ үшін бір-біріне айтақтап, төбелестіру дегеннің жат нәрсе болғаны белгілі. Бірақ заманның көшіне қарай бұл үрдістен біздің еліміз де тыс қалған жоқ. Бүгінде Қазақстан — ТМД елдерінің ішінде спорттың белгілі бір түрі ретінде төбелескіш иттер спортын заңдастырған жалғыз ел. Қазір елімізде «Бөрібасар — қазақ төбеті» республикалық федерациясы жұмыс жасайды. Спорттың бұл түрін дамытуда Ақтөбе облысы алда тұр.
+2 дауыс
Менің ойымша ит таластыру, қораз төбелестіру сияқты қасиетсіз жарыстар қазақ халқында болмаған, айналамыздағы өзбек тағы сол сияқты елдерден енген үрдіс. Бұның бәрі қазір де болмай ақ қойса нұр үстіне нұр болар еді.
...