+3 дауыс
8.7k көрілді
махаббат өлеңдерінің немес шығармаларының патшасы деп кімді айтар едіңіз?

11 жауап

+13 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине әр ақынның өз стилі, өз бағыты, өзінің жазатын тақырыбы болады, Бірақ Махаббат тақырыбына соқпай кететін ақын өте сирек, себебі өлең сезімнен туады:
Өзім ұнататын Махаббат туралы шығармаларды айта кетесм:
Махаббат менен кеткен, бөлекте жүр
Мен де бір, жасын түскен терек те бір,
М.Мақатаев, ол өзінің шығармаларында сөздерді қиыннан қиыстырып, айтар ойын жер-жебіріне жеткізіп солай жазады,(жасын, яғни найзағай түскен теректі көрдіңіз бе, көрмесеңіз түсіне алмайсыз)  мысалалы тап осы сөздерді Тұманбай:
Шамын басқа үйдің жақтың аяулым
Сендей бақытты, қайдан табамын, -деп қарапайым сөздер мен жеткізеді.
Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің - Т.Айбергенов, көріп отырғандай мұның стилі мүлдем басқа
Негізінен қазақ ақындарының ішінде Махаббат тақырыбын ең көп қозғаған ақын М.Шаханов болып есептеледі. бір ғана "Танакөз" поэмасын оқып қараңыз, сонда түсінерсіз (Бір қызға бала күннен ғашық болған екі дос жігіт жайында)
немесе мына өлең қалай Авторы: Күләш Ахметова
“Сіз осы шыныменен білмейсіз бе,
Кезігіп қала берем бірдей сізге?
Сіз жүретін жерлерде, әлде мені,
Адасып, не ерігіп жүр дейсіз бе?

Қағылуы махаббат қанатының,
Жаныңызға жабырқап баратыным.
Байқалмай ма сізге осы,
Қып-қызыл боп, қипақтап қалатыным.

Сізді ойламай көзімді әлі ілдіріп
Көргенім жоқ, керек пе жалындыру?
Өртенемін жаныма жалын кіріп,
Әдейі үнсіз жүрсіз бе, бәрін біліп?..

Қара көзден қашсаңыз, несіне ерсіз,
Бір әдемі бақытқа кешігерсіз.
Қарап қалсам, өтесіз көрмегенсіп,
Оңбағансыз, не деген, кешірерсіз…”
Керемет,айтары жоқ...
Пах шiркiн керемет жауап..,....,...,....,....,....,
Белгісіз
Және Фариза Оңғарсынованы қосуға болады :
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем,
осынша мені арман қып келдің неге сен.
«Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой»
демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бас иген көп-көп бозбалаларға паңдана
асқақтау басып, бақытты болдым. «Сонда да
жан-жүрегіңді толтырар бір жан жетпей жүрді ғой»
демесең,
мен саған ғашық емес ем.
Бір дауыл сәттің соғарын сезіп жүргенмен,
сен екеніңді білген бе ем…
Әйтеуір, жаным, «бұл күнде менсіз жүре алмайсың ғой»
демесең,
мен саған ғашық емес ем.  НЕМЕСЕ  
  Телефон шыр етеді:
сонда менің жүрегім дір етеді,
көйлегімнің желбіреп гүл етегі
жүгіремін. Не пайда, сен емессің.
Тек қиялдау көңілді жүдетеді.
Кешке дейін неше рет дірілдетіп,
мәнсіз, әрсіз, алаңмен күн өтеді.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймін енді мен - қылғын, сарна!
Жүрегіме тыныштық бермей қойды-ау,
төбесінен бір қойып сындырсам ба?!
Әне тағы... сені ме!
Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйіп мен тұрдым сонда.
 ТАҒЫ БІР ӨЛЕҢІНДЕ:
 Сенің көзің көк те емес, қара да емес -
қой көзді деп атайды мұндайларды.
Ол көздердің оты да ғажап емес,
бірақ маған сол жанар нұрдай мәңгі.
Сенің көркің ерекше емес, тегі,
(дәрі боп па қыздарға сарылығың!)
Бірақ маған "керім" боп елестедің,
саған ғана табынды бар ұғымым.
Мен үшін сен - бәрісің тіршіліктің,
жаным ұйып тек саған сыр ағыттым.
Осы екен ғой, мен жаңа бір сыр ұқтым,
"Сүйген - сұлу" дейтіні бұ халықтың.     

Негізгі,сыршыл сезімге толы өлеңдері жетерлік. Ақиық ақын Мұқағалидың көзін көрген бұл ақын апамыздың әр өлеңінен қайсар қыздың бойындағы нәзік махаббатты сезінгендей боламын. Ал  көркем әдебиет шығармалары бойынша Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат,қызық мол жылдарының" мен  үшін орны бөлек.
+5 дауыс
Махаббат өлеңдерінен ең жақсы маған ұнайтыны Мұқағали Мақатаев. Шығармалары өте әсерлі, жүрекке жететін өлеңдер.
+5 дауыс
Әр ақынның шығармашылығында махаббат туралы кем дегенде бір тамаша туынды болады. Жүрегі жараланбаған адамнан ешқашанда жақсы өлең туындамайды. Менің ойымша махаббат біреуді аңсау, сағыну, екі адамның арасындағы мәңгілік достық. Махаббат шығармаларының патшасы Исраил Сапарбаев ағамызбен Қалқаман Сарин. Маған ұнайтын махаббат туралы ән:

    Алтыным-ай.

Толқығандай теңіз кеудем,
Екі жүрек егіз деумен,
Жүрмін жаным сені іздеумен.
Айдындағы аққудайсың,
Қанат қағып кеп тұрғайсың,
Неге жаным таптырмайсың сен?

Алтыным-ай көзің мөлдір,
Хабар күттім өзіңнен бір.
Махаббаттым қайдасың, қайда ?
Ғашық едім саған сәулем,
Өтсін өмір сені аңсаумен.
Махаббаттым қайдасың, қайда ?
Алма бақты аралаумен,
Жалғыз кетіп барам-ау мен.
Махаббаттым қайдасың, қайда ?

Қосып арман тілегімді,
Ұстап нәзік жүрегімді.
Сені сүйдім, бұл өмірде мен.
Қарай қарай талды көзім,
Қайда сол бір бал мінезің,
Сағынышым жалғыз өзің, сен.
0 дауыс
http://www.kalkamansarin.com/ махаббат өлеңдерін осы жерден табасыз...
+3 дауыс
Басқаларды білмедім өзім махаббат өлеңдерінің патшасы деп МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВты айтар едім оның әр өлеңінде жүректі  елжірететіндей сөздерімен ұйқастырылып айтылған өлеңдері маған қатты ұнайды.  Мұқали Мақатаевтың мына өлеңін сіздерге ұсынамын.  
Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,
Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе...
Жастыққа жалын атып сүйсем егер,
Түспес ем дәл мынадай күйге мүлде.  
Мен нағыз махаббатты армандаймын,
Оны мен жоғалтып та алғандаймын...
Ақ қаздар арасынан аққуымды  
Ажырата алмаған сор маңдаймын.
Өтінем сенен ғафу, асыл жарым,
Көрсетпе тарпаң мінез, тасынбағын.   
Сен менен от іздеме, құрмет ізде,   
Өртеніп жана-жана басылғанмын.
Осылай жарына арнап, махаббатына арнап өлең шығаратын жігіттеріміз аз....(shake)
+1 дауыс
Әрине Мұқағали Мақатаев, Одан басқа махаббат туралы жан тебірентіп жазатын ақынды білмейді екем
+1 дауыс
О махаббат сегіз әріп, бір арман...
Мұқағали мен Мағжан Жұмабаев
+2 дауыс
МаХаББаТ

 СеЗбейсіҢҒой, СеЗбейсіҢҒой Сен мені,
КөРМейСіҢҒой КеремеТТі менДегі.
ТүСінсеҢші СарСаң БолҒан ПеНДеніб
ТүСінШеҢші аҚыЛ Ойын КемБеДі.

Әрине Мен БіЛетін АҚыН МұқаҒаЛи МаҚаТаеВ.

ШәМіл,ШәмшіГе АйТ,ШәмшіГе АйТ,
ТаҒыДа БіР ТаҢДанДырСын,ЖанДанДырСын.
ЖүРекТі ЖаНДанДырСын,
МәнгіЛік МаХаББаТымДы айТа жУрсін,
МәНГіЛік өЛмейТұҒын Ән ҚаЛДыРСын.
+2 дауыс
Қайғымын ба!!!

Көз тартады бұрымың бұлғақтаған,
Жүрегіңнің жауабығой үн қатпаған,
Сезіміңнің айнасына қарап алып,
Сезіне алмағаның жұмбақ маған.

Бейнесіне байланып сезім көштің,
Өшіре алмайтындай сезімді ешкім,
Есесіне түсімде көрмесем де,
Өңімде ойлау үшін көз ілмеспін.

Түстерім таусылмаған бітіп арең,
Құрсауынан сезімнің құтылар ем,
Егерде ғашық болып күн кешпесем,
Тағдырымнан тым қатал ұтылар ем.

Мендегі сағынышқой арман биік,
Сезіміңнің отына қалған күйіп,
Жанарыңның жасыда жыйылып ап,
Жаңбыр болып жауады неге қүйып.

Үзілген үмітіңмен құлап талып,
Сарғайып сағынышқа сұрап барып,
Түңіліп түннен іздеп жатырсың ба,
Жылаған жастарыңа сыр ақтарып.

Құздан құлап арманның айдынында,
Бөленіп неге кетем қайғы мұңға,
Мүмкін мен сен үшін бақыт емес,
Төбеңнен төніп тұрған қайғымын ба.автор АРМАН
*автор Арман.*     Сен бе ?..
ия мен негылды унадыма
Ұнады.ұнады)
солайде жаман емес
+1 дауыс
Мен Танакөз Толқынқызын айтар едім. Интернеттен іздесеңіз шығады. Маған мына өлеңі қатты ұнайды.
Мына әлемге керек ауа керек күз
Әттең шіркін біз жай ғана терекпіз
Біреу мені сүйсе деймін жай ғана
Біреу мені сүйсе деймін себепсіз. - деп басталады. Оқыңыздар өкінбейсіздер.
0 дауыс
Менн үшін Мұқағали МАҚАТАЕВ пен www.KalkamanSarin.kz
...