+1 дауыс
1.3k көрілді
Еркелетіп алған баланы қатал (строго) тәрбиелеуге бола ма?

8 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Негізі қазақтарда " Қатынды бастан,баланы жастан"-деген сөз бар, сол сөз босқа айтылмаса керек. Біреу Макаренкодан "Балам беске толды тәрбие жұмыстарын бастай берсем бола ма?"-деп сұрапты, сонда Макаркенко "Әттең-ай,бес жылға кешігіп қалған екенсіз"-депті. Сол айтпақшы баланы туғаннан бастап тәрбиелеген дұрыс, әке балаға қаталдау болғаны дұрыс деп ойлаймын, ал ана сол қаталдықты ақылды мейіріммен толықтырып отырса тамаша тәрбие болады.Еркелікті дер уақытында түсіндіріп, тәрбиеге алмаса оның соңы өкінішке ұрындырары сөзсіз. Сондықтан да кешіктірмей қолға алса тәрбиеге көнеді деп ойлаймын

0 дауыс
жас бала тәрбиесінің 90 пайызын 5жасқа дейын алады егер ол жастан асып кетсе баланың ойына байланысты тәрбиелеу әр түрлі қиындық әкеледі
0 дауыс
баланы туғаннан бастап сабау керек
Ақпантоқпан сабыр!
Сабыр тек оған ғана керек емес, білесіңбе...)
Акпантокпан өз балаңды туғаннан бастап сабарсың!! Рахмет ақылыңа,оны қалтаңа салып қой
Белгісіз
0 дауыс
Ұл бала болса, ұрып өсір. Жұдырықтан қорықпайтын болсын. Қыз болса, еркелетіп өсір. Қвартирант қой, кейін күйеуінің миы ашып жүрсін )))
0 дауыс
Ия, балаларға қатал болу керек, әсіресе ер балаларға. Менің туыстарымның балалары өте ерке, бір жерін кішкентай жарақаттап, ақырын ғана құлап қалса жылай салады. Жыным келеді. Ата-аналары әбден еркелетіп жіберген. Осындай жағдайға ұшырамас үшін, қатал болу керек.
0 дауыс
Жоқ баланы ұрып тәрбиелеуге болмайды. Олар адам ғой.
–1 дауыс
Баланы ұра берсе жасқаншақ болады. Байқап отырмын біршама адам баланы ұрып тәрбиелеуді жөн көреді екен. Тек ұратын кезінде ұру керек! Болды! Артық керек емес! Баланы тәрбиелеуде кішкентай кезінен аса мән берген жөн. Негізінен кішкентай бала ата-анасына еліктеп өседі. Әкесі жақсы кісі болып баласына ақыл парасатын айтып жүрсе, өзі де жаман қылықтардан аулақ болса бала да соны қайталайды. Тек қана ата-анасына байланысты емес бұл жерде басқа орта да әсер етеді. Жап-жақсы баланың басқа ортаға барып жаман қылықтарды тез үйреніп алып, өзгеріп кеткенін көреміз. Бұл жерде ата-ана дұрыс тәрбие бере алмаған.

Ана туралы айтпай-ақ қойайын ана махаббаты шексіз ғой!

Егер балаңа дұрыс тәрбие бергің келсе алдымен өзіңді дұрыстап тәрбиеле. Себебі бала болашақтағы өзің! (с)
0 дауыс
Кей кезде еркелету, мадақтау болсын, өйткені еркелеткенді бәрі жақсы көреді, еркелету 3 мин. аспасын, ал өте жоғары деңгейдегі қаталдық баланы мейірімсіздікке,адамдарды аямауға әкеп соқтырады. Бір баланы еркелетіп, сосын қаталдықққа тәрбиелеуде кекшілдік,көңіліне әр нәрсені ала беру пайда болу мүмкін. Қол тигізу ертен өскенде өзіңді ұрады, мен көргем сондайды, бала тіптен ашуланшақ, өзінің басынан өзі ұрады, соқтығып жүреді. Қаталдық меніңше, қабақ түю, көп нәрсеге рұқсат етпеу, жәй сөзбен ренжіп түсіндіру секілді, менің көргенім осы.
...