Магистратураға түсу үшін қандай құжат тапсырамыз?

0 дауыс
4.1k қаралым
Магистратураға түсу үшін қандай құжат тапсырамыз? Және магистратурада оқу үшін тест,емтихан тапсырады ма?
Университет, колледж

1 жауап

0 дауыс
Магистратураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру керек:
–                 Ректордың атына өтініш (Қабылдау комиссиясында толтырылады);
–                 Жоғарғы білім туралы диплом және оның қосымшасы (түпнұсқа); шет тілін тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда);
–                 Кадр бөлімінің жеке іс парағы және еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі (бар болған жағдайда);
–                 Фотосурет – 6 дана 3,5*4,5;
–                 086-У үлгідегі медициналық анықтама;
–                 Жеке куәліктің көшірмесі;
–                 Ғылыми хатышымен немесе деканаттың қызметкерімен расталған ғылыми және ғылыми-әдестемелік жұмыстардың тізімі; авторлық куәліктердің көшірмелері, мақтау қағаздар, дипломдар және т.б. көшірмелері, бар болған жағдайда (құжаттардың өздерін ұсыну қажет емес);
–                 Келісім-шартқа отырып оқу ақысының төленетінін растайтын кепіл хат (ақылы бөлімде оқитындарға қатысты);
–                 Құжаттар тізімі.

19 шілде күні ҚР БжҒМ комиссиясының жұмыс жасауына байланысты магистратура мен PhD докторантураға құжаттар сағат 13.00 мен 19.00 аралығында қабылданады.
Белгісіз
Тест тапсырады !
рахмет....
Оқасы жоқ!

Ұқсас сұрақтар

127,692 сұрақ
322,280 жауап
153,250 пікір
72,713 қолданушы