Мен неге қарсы болады екенмін. СЖ-сияқты сайт тек менің рұқсатыммен ашылмайды ғой. Қаласаң аша бер, ешкім қарсы болмайды. Жақсы тәриже болады, сайттың движоғы ашық кодта. Сайттың ең астында сілтемесі тұр, сілтеме бойынша өтіп жүктеп алуыңа болады. Орнат, істеп көр. Қолыңнан келсе тіпті жақсы, тура осындай келбетке келтіре алсаң да қарсы емеспін. Мәселе сайт ашуда емес, мәселе сайтты қалай жылжытасың. Осы жағы сені ойландыру керек, себебі сайтты ашқанда өзің үшін емес көпшілік үшін ашасың. Ал көпшілікпен бірге жұмыс істеу өте қиын. Оған қоса сайттың жұмыстары бар дегендей. Байқап көр ешкім қарсы емес, бірақ сайт қолданушыларының барлық сұранысын қанағаттандыру мақсатында мен қолымнан келген сайтты жетілдіру жұмыстарын жасап отырамын. Жасай беремін де, мүмкін СЖ-ның бәсекелес сайты болып кетуі де мүмкін. Құдай қаласа СЖ сайтына 3 жыл толады. Осы уақыт ішінде сайт талай кезеңдерді басынан өткізді, сайт қолданушылары сайтпен бірге келе жатыр. Сол үшін сайт қолданушыларына алғысым шексіз. Тиісінше мен де сапалы дүние жасауға барынша күшімді салып жатырмын.