+1 дауыс
165k көрілді
Менің жасым 13те Ораза ұстауыма болады ма? Ораза ұстайын деп едім бірак бірінші рет ұстайын деп тұрғандықтан алі шарттарын білмеймін мысалы уақыттарын дұғаларын тағы басқаларын, ал екінші сұрағым белгілі бір себептермен 3 күн кешігіп қалса оны өтеуге болады ма?

19 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де. (Әнфал, 8/38)
2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатған адамға» (Бухари, Талақ, 11; Әбу Дәәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат — балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді.
3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін» (Бақара, 2/184). Кәрілік жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған күндерінің қазасын өтейді.

Ақпарат.

Оразаның дұрыс орындалу шарттары

1. Хайыз бен нифастан таза болу: Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін Оразаның казасын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе күндіз жүніп күйінде болуы, Ораза ұстауына кедергі емес. Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу - абзал.
2. Ниет: Барлық Оразаға жүрекпен ниет ету - жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің Ораза екенін біліп, бұл айда Ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәресіге тұрса, бұл ісі Ораза ұстауға ниет саналады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық Оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету - абзал. Рамазан Оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебі әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл - факихшілердің басым көпшілігінің пікірі. Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші -түнде ниет ету. Бұларға қарыз болған Оразалар жатады. Яғни, Рамазан қазасы, ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл Оразаның казасы және кәффәрат Оразасы мен жалпы атау (нәзір) Оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай Оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып, ниет етуі шарт. Ақшам уақытында шешім қабылдау мен сәресіге тұру да ниетке жатады. Екінші - түнде ниеттену мен анықтау шарт емес Оразалар: Бұған Рамазан Оразасы, уақыты белгіленген атау Оразасы және мұстахап, мәкрүһ, сонымен қатар, барлық нәпіл Оразалар жатады. Мұндай Оразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай Оразаға ниет ететін адам екінші шанақтан бері ешнәрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл Оразаға ниет ете алуға мына хадис дәлел: Аллаһ Елшісі (с.а.у.) бір күні Айшаға былай деді: «Бесінғе тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», - деп жауап қайтарды. Сонда Аллаһ Елшісі: «Онда мен ораза ұстаймын», - деді. Кісі түнде қандай да бір Оразаға ниет етсе, бірақ екінші шапақ атпай тұрып, ниетінен бас тартса, бұл бас тартуы дұрыс саналады. Сол секілді Оразасын бұзуға ниет етіп, аузын ашпаса, Оразасы дұрыс болып саналады. Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы ниет етпеу керек. Мысалы: «Ертең пәленше қонаққа шақыра қалса, аузымды ашуға, егер шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан бұрын айығып ниет етсе, Оразасы жарамды. Бір адам Рамазан айында уәжіп немесе нәпіл Оразаға ниет етсе, ол Рамазан Оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл мәселеде мейлі тұрғын, мейлі жолаушы, тіпті науқас адам болсын еш

ОРАЗА ДҰҒАЛАРЫ
Ауыз бекіту дұғасы:
Нәуайту ән асума саума шаһра рамадана минал фажри иләл мағриби халисан лилләһи таъала. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһтың разылығы үшін таң білінгеннен күн батқанға дейін рамазан айының оразасын ұстауды ниет еттім.
Ауыз ашу дұғасы:
Аллаһумма ләкә сумту уә бикә әмәнту уә ъаләйкә тәуәккәлту әу ъала ризқикә афтарту фағфирли зунуби ма қаддамту уа мә аххарту. Аллаһу акбар!
Қазақша мағынасы: Аллаһым! Сен үшін ораза тұттым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім. Сенің берген ризығыңмен ауыз аштым. Уа кешірімді Аллаһым! Менің әуелгі және кейінгі күнәларымды кешіре гөр..

ЖЖ лайық.............
0 дауыс
Мен алғаш 12 жасымда ұстағам.Иа, сенде хайыз (етеккір) немесе нифас (бала туғаннан кейін келетін қан) себептерінен немесе басқа себептермен кешігіп қалсаң өтеуге болады, бірақ себепсіз ауызды ашуға болмайды.
0 дауыс
кайрлы кун! ораза ұстауға ниеттенип журмин, кыз баласының кандай шарртары немесе ережелери бар : кай жерден оқысам болады толык мағлұматты кайдан алуга болады?
0 дауыс
Аллаһ Тағала пайғамбарымыз Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі болсын) үмметіне ораза ұстауды бұйырып, былай деген: «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрыңғыларға ораза парыз етелгендей, сендерге де ол парыз етілді – әрине тақуа боласыңдар» («әл-Бақара» сүресі, 183-аят).

Құдіретті әрі аса Дана Аллаһ Өз құлдарына бір үкімді бұйырғанда немесе парыз еткенде әдетте оның даналығын баяндамай, тек бұйрықтың өзін ғана атап кетеді. Өйткені Аллаһтың жалпы даналығы Ол Өз құлдарына міндеттіліктерді жүктеп, оларды сынайтындығында, әрі Оған бағынатындар мен бағынбайтындарды айқындайтынында. Алайда аталмыш аятта Аллаһ Құранда жиі кездесе бермейтін бір нәрсені атап өтті, яғни Ол ораза ұстау бұйрығының себебін: «…әрине тақуа боласыңдар», — деп түсіндірді.

Тақуалық деген не екен? Талқ ибн Хубайб: «Фитна (бүлік) туған кезде, оны тақуалықпен сөндіру керек», — деген. Одан: «Ал тақуалық деген не?», — деп сұрағанда, ол: «Тақуалық — бұл Аллаһтың нұрының негізінде Аллаһтың сыйынан үміт етіп Аллаһқа бағыну. Тақуалық — Аллаһтың нұрының негізінде Аллаһтан қорқып, Аллаһқа мойынсүнбаушылықты тастау», — деген (Ибн әл-Мубарак 1343, Ибн Әби Шайба 30356).

Са`ид ибн Жубайр былай деген: «Расында, Аллаһтан қорқу дегеніміз — бұл сені мен күнәларыңның арасында тұратын нәрсе. Міне осы нағыз қорқу! Аллаһты еске алу (зикр) Аллаһқа мойынсұну болып табылады, әрі кім Аллаһқа мойынсұнса, сол Аллаһты зікір етеді. Ал Аллаһқа мойынсұнбаушыға келсек, ол Құранды көп оқып, Аллаһқа жиі мақтау-мадақ айтса да, еске алушы болып табылмайды» (Әбу Ну`айм «Әл-Хилия» 4/276).

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оразаның парыз етілуінің иләһи хикметін түсіндіріп: «Аллаһ өтірік айтуын және өтірікке сәйкес амал етуін тоқтатпаған адамның жеп-ішуін қойғанына мұқтаж емес», — деді (әл-Бухари 1903).

Имам Әбу Бакр ибн әл-`Араби былай деп айтқан: «Кімде-кім осы хадисте айтылғанды істеген болса, оразасы үшін сауап алмайды!» («Фатхул-Бәри» 4/177).

Осы хадистен түсінетініміз, егер ораза ұстаушы адам күнә жасауды, өтірік айтуды, балағаттауды доғармаса, онда Аллаһ ондай кісінің тамақ пен судан және әйелімен жақындасудан бас тартқанына көңіл бөлмейді (қараңыз: “Итхафул-Кирам” 187).

Ораза ұстау бұйрығындағы даналық мүміндердің жағымды, хәлал және игі нәрселерден тыйылуында ғана емес, бұл ораза ұстайтын адамға міндетті болса да. Әрі бұл оразаға енгізілген жалғыз талап етілетін нәрсе емес. Аллаһ Тағала ораза ұстау туралы Өзінің әмірін «…әрине тақуа боласыңдар» деген сөздермен аяқтайды.

Бұл «оразаның парыз етілуінің даналығы мұсылман адам ораза кезінде Аллаһ Тағалаға құлшылықтарын көбейту керектігінде, бұрыңғысына қарағанда бойұсынғыш болуы және жамандықтың барлығын тастауы керектігінде» дегенді білдіреді.

Рамазан айында ораза ұстап, бірақ жаман нәрселерден тыйылмай жүрген адам, қаланы қиратып, зәулім сарай соғып жатқан біреу секілді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаушыға оның оразасынан аштықтан басқа еш нәрсе тимей қалуы мүмкін», — деген (Ибн Мәжаһ 1690. Хадистің сенімділігін шейх әл-Әлбани растаған).

Бұл дегеніміз, Аллаһ Тағала адамдарға ораза ұстау парызын жүктегенде, олардың белгілі уақыт ішінде тек жеп ішуден және ерлі-зайыптылық қатынастан тыйылуын ғана меңземеді. Олар сондай-ақ аса Құдіретті Аллаһ тыйым салған күнәлардан және Оған деген мойынсұнбаушылықтан өздерін тыйюы керек, ал мұндай істердің арасында сөздер мен амалдардағы өтірік те бар.

Сөйтіп, ораза — бұл тек ішіп-жеуден тыйылу емес, оған қоса бұл балағаттау, ғайбаттау, өтірік айту, өсек айту, жалған куәлік беру сияқты баршаға белгілі тыйым салынған істерден бас тарту болып саналатыны бізге айқын болды. Абу Һурайрадан жеткен хадисте, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Ораза – бұл жай ғана ішіп-жеуден тыйылу емес. Ақиқатында, ораза – бос сөздер мен жаман сөздерден тыйылу!» (Ибн Хузайма, Ибн Хиббан, әл-Хаким. Хадис сахих. Қараңыз: “Сахих әт-тарғиб” 1082).

Әрбір мұсылман оразаны бұзатын істер — бұл тек бәріне мәлім болған ішіп-жеу мен жыныстық қатынас жасау сияқты дене амалдары ғана емес екенін білуге міндетті. Оразаның мәні бұлардан тыйылуда ғана емес. Сондықтан да кейбір ғалымдар оразаны бұзатын нәрселерді екі топқа бөледі. Рамазан кезінде адамдарға уағыз айтатын көптеген дағуатшылар, оразаны бұзатын нәрселер туралы айтып жатқанда тек ішіп-жеу және жақындасу сияқты шариғи нормалар жайында ғана сөз қозғайды. Бірақ олар оразаны бұзатын екінші топқа да басты назар аударулары қажет.

Ал енді оразасын тек ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тыйылумен ғана шектейтін, әрі рамазаннан бұрын бойында болған бұзық мінез-құлқында қасарысып тұрып алатын адамға келер болсақ, онда оның оразасы Раббымыз: «…әрине тақуа боласыңдар», — деп нұсқаған, осы айда заңдастырылған құлшылықтың дана мағынасына сәйкес келетін ораза болып саналмайды.

Сондықтан да біз мұсылман бауырларымызға олар оразаны құнсыз ететін өзгеше, материалдық емес нәрселердің басқа да тобын да естен шығармауларын, ішкі дүниеге де көңіл бөлулерін еске салып, кеңес береміз. Оразаны бұзатын істердің осы тобын мүлдем білмейтін қарапайым адамдарды айтпағанның өзінде,уағыздаушылар мен адамдарды тура жолға салуды қалайтын адамдар да бұл туралы өте сирек айтады.

Әрбір мұсылман Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тіл кесапаттарына қатысты көптеген өсиеттерін есте сақтап жүруі қажет. Жаман немесе пайдасы жоқ нәрселерді айтқаннан гөрі, үндемеген абзал, әсіресе осы ұлы айда. Му`аз ибн Жәбәлдың сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, сен сөйлемеген сайын игілікте болуды тоқтатпайсың. Ал сөйлей бастасаң, онда бұл (сөйлегенің) не сенің жағыңда болады, не саған қарсы болады» (әт-Табарани “әл-Кәбир” 2/73. Хадис сахих).

Ораза тұтушы осы айда Аллаһқа құлшылық етуде және Оған бойұсынуда көбірек ынта-ыждағат танытуы керек. Адамдар келтіретін забірге төзіп, ешкіммен ұрысып-керіспей, дауысын көтермеуі керек. Егер ораза тұтушыны біреу ұрысатын болса, онда ол барынша сабырлық танытып: «Менің ауызым берік!» /Инни соимун!/ , — деп жауап қайыруы керек. Бұл туралы мына хадисте айтылған: «Сендерден ешкім ораза күнінде жаман сөздер айтпасын және дауысын көтермесін. Ал егер біреу оған ұрысатын болса немесе онымен жанжал туғызғысы келетін болса, онда ол: «Расында, менің ауызым берік!», — деп айтсын» (әл-Бухари 1904, Муслим 1151).

Адам сондай-ақ күнәлардан аулақ болуға тырысуы, тыйым салынған нәрселерге қарамай, көздерін төмен түсіріп жүруі қажет. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Қиямет күні үш адамның көздері Отты көрмейді: Аллаһтан қорқып жылаған көздер, Аллаһ жолында күзетші болған адамның көздері және Аллаһтың тыйым салғанын көргенде, төмен қараған адамның көздері» (Ибн ‘Асакир “әт-Тәрих” 1/297. Хадис хасан. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-Сахиха” 2673).

Ибн Мас`удтан Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Шын мәнінде, ораза – бұл аманат (сеніп тапсырылған нәрсе). Ендеше, әркім оған сеніп тапсырылған нәрсені сақтасын!» (әл-Хараити “Мәкәримул-ахләқ”. Хафиз әл-‘Ирақи хадистің иснадын хасан деген. Қараңыз: “Тахриж әл-Ихья” 1/354).
0 дауыс
Йа кыз балага да ул балага да 8 жасынан бастап устай беруге болады
Ол ата-ананың парызы 8 жасынан бастап балаларын баулуы керек Ораза тут балам,кызым деп айту :)
0 дауыс
САЛЕМЕТСИЗ БЕ? МЕНИН БИЛЕЙН ДЕГЕНИМ 2 БАЛАМ БАР ? 4 ТЕ ЖӘНЕ 1,5 ЖАСТА

 БІРАК ЕМІЗБЕЙМІН. БУЛ ЖАГДАЙДА КАЛАЙ БОЛАР ЕКЕН. ОЗІМІЗ АУЫЛДА ТҰРАМЫЗ. ОРАЗА ҰСТАУҒА НИЕТ ЕТІП ОТЫРМЫН ҚИЫН БОЛСАДА. ОСЫ ЖАГДАЙДА КАЛАЙ БОЛАР ЕКЕН?
Денсаулыкка байланысты сурагым келип тур. Менин иним колына жакында операция жасаткан, бирак дари ишпейд, укол салмайды, тек массаж алады, ал массаж кезинде мазь жагады екен. Ал оган ораза устауга бола ма?
Терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды. Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұру, жараның бетіне дәрі таңу т.б. Тек крем не майды жаққан кезде тым қалындатпаған жөн. Себебі, қалың жағылған крем не май дәрет алғанда суды теріге жеткізбеуі мүмкін. Ал теріге су тимеген соң дәрет дұрыс болмайды.
0 дауыс
29 кун устай алмайтын адамга кандай женилдиктер бар.айдын басында немесе ортасында.аягында устауга болама
0 дауыс
САЛЕМЕТСЫЗДЕРМЕ АСААРДАҚТЫ ОРАЗА ҮСТАЙТЫН КАУЫМ ОРАЗА КАБЫЛ БОЛСЫН,МЕНЫН КОЯТЫН СУРАҒЫМА ЖАУАП БЕРЫНЫЗШЫ,МЕН БЫЛТЫР ОРАЗА ҮСТАҒАН ЕДІМ НАМАЗДЫ ҮРЕНДЫМ ҚАГАЗДАН КЫТАПТАН КАРАП БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОКЫДЫМ ,ОРАЗА БЫТКЕН СОН НАМАЗЫМДЫ КОЫП КЕТЫМ АЛЛА ТАГАЛА КЕШРЕГОРСЫН ,ОЛ ҮЛКЕН КЫНАМА ,БЫЕЛ ТАГЫДА ОРАЗА ҮСТАЫНДЕП НИЕТ ЕТЫП ОТЫРМЫН НАМАЗ ДЫ ОҚЫБЕРУГЕ БОЛАМА.ЖАУБЫН КУТЕМЫН АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН .
0 дауыс
Салеметсизлер ме! Менин кишкентай кызым бар 6 айлык емшекте. Мен ораза устауга ниеттенип отыр едим. Болады ма. Косымша тамактарга енди гана уйретип жатырмыз.
0 дауыс
Салеметсизба! Мен ауыз бекитер уакытына кешегип калган едим. Сагат 3.29 ауыз жабуым керек ал мен сагат 3.35 бекиттим. Енди ол оразадан кейин 1 карыз болып санала ма? Сол сурагыма жауап бересиз ба?
0 дауыс
Барша ораза устаган адамдарга, орзаларыныз кабыл болсын. Мен сурайын дегеним ауыз ашкан сон журип журген жигитиммен жакын катынаста косылуына болама. Толык дарет алады. Ары карай, болган жагдайда нестеуге болады?
0 дауыс
Саламатсызба, ораза  устар журмын,тумау боп ауырып жатырмын.Дары ышсем сосын калай кайта бастауыма болады.
0 дауыс
салеметсиздерма ауыз бекиткен адамга тырнак бояп кас жулуга болама........
0 дауыс
1)ораза ұстағанда мысалға қысқа шорты немесе юбка киуге болама
2)Ораза ұстағанда сілекей жұтуға болама?
0 дауыс
Сәлем менің сұрағым келгені ораза күніне бір күн кешігіп қалсаң ертесі ораза ұстауға бола ма ?
...