Мен осы бір жақын араға дейін осы бір жігіттің әнін тыңдамасам да көпшілік пікіріне ілесіп "ұнамайды" -деген пікірді жүрегіме әбден ұялатып алған едім. Осы жақында теледидар қоссам осы баланың концерті болып жатыр екен, содан бір байқайыншы деп арнайы қарадым. Менің жас алшақтығымнан болар айтылып жатқан әндері де, мәтіні де ұнады дей алмаймын, бірақ сол әнді соншалықты беріле, жанын сала, сол өнерге деген ерекше бір махаббатпен орындағанын көргенде, бұрынғы пікірімнен айныдым. Бұл жігітті сол еңбегіне бола силауға, құрметтеуге болады деген пікірге келдім.