Былай, достар. :)
Аз-мұз сайт жасап, кейде командалық жобаларға қатысып тұрамын. Сол кезде байқалатын мынадай ерекшелеіктер бар:
Қазнет болсын, Рунет болсын, тіпті Ағылшыннет (ондайы да бар болса егер) болсын, кез-келген сайтқа қойылатын стандартты талаптар бар. Соларды орындау да жеткілікті. "Бұл не?" деген заңды сұрақ туындайды. Бұл дегеніміз, менің ойымша, әуелден "қанағат-сұраныс" заңдылығы. Қанша жерден сайт әдемі болсын, егер сұраныс болмаса, ол жоба далада қалады. Бұл заңдылықты мен американы ашып жазып отырғаным жоқ, бұл барлық салада ұшырайтын табиғи заңдылық. Сайтты (жобаны) бастайтын адам, ұйықтап жатып немесе туалетте отырып басына келе салған дүниені ала жүгіріп, мен сайт ашам дегенімен, бір адамға қажет сияқты дүние аудиторияға бір тиынға қажет болмауы мүмкін нәрсе. Сондықтан, жобаны жасайтын адам алдымен зерттеу жасауы керек. Бұны да аспаннан алып отырғаным жоқ. Жетістікке жеткен менеджерлердің басты қағидаларының бірі.
СЕО, аналитикалық талдау деген ұғымдар бар. Қарапайым мысал, қоғам көктем айында: "шпоргалка к ент", "ент жауаптары", "грант иелерінің тізімі" сияқты сұраныстарды жиі тереді. Бұл сұраныс. Осы сұранысты қанағаттандыратын ресурс жасау, білімді жоба басқарушының тактикасы. Ақша туралы ұмытыңыз. Алдымен шын ниетіңізбен істеңіз, ол ісіңіз көпке пайдасын тигізсін, артынан пайда өзі-ақ келеді. Және сіз де тұтынушыларыңыз да разы. Көп амиго ақшаның артынан жүгіремін деп еш нәтиже көрмейді, керісінше шығынға батады.
Қазақтың намысын жыртамын, қазақ тілі үшін жасаймын деп кеудесін боққа тосып, жанбай жатып өшетін амиголар да бар. Оны бар дейтін себебім, арасында өзім бармын. Бұл қате деген ойдамын. Іс, білім, ғылым дегендер ұлт талғамайды. Демек, алдымен білім, ғылым керек. сонан соң барып оның жемісін көру керек, онан соң ол жұмысыңызға қазақ тілін енгізе салу аса бір шаруа деуге келмейтін әңгіме.
Жоба күрделі механизм. Сайт жасақталарда, барлығын бір адам істемейді. Бұны ұмыту керек. Қанша жерден дамыған деген елдердің жұмыс істеу моделі мынаған жақын келеді: әркім өз ісімен айналысады, істің барысы асықпай, тоқтамай; жұмыс істейтін уақытта отвлекаться етпей істеп, дем алатын кезде дем алу керек.
Логикалық тұрғыдан, 1+1=2 болуы керек. Кей адамдар 1+1=10 деген нәтижені көргісі келеді, бұл табиғи құбылысқа қарсы әрекет, нәтижелі болу ықтималдығы өте төмен.
Очм, әрі қарай сөзім жоқ. Ұмытып қалдым. Соңына дейін оқып шықсаңыз, рақмет! :)