Құрметті сұрақ-жауап пайдаланушылары! Мен сіздерге бүгін өмірімнің, жүрегімнің түбінде жатқан мұңымды, сырымды айтып, сіздердің маған деген кеңестеріңізді медициналық тұрғыдан хабары бар жандар болса өз ойларын нақты айтып пікір қалдырсаңыздар! Жалпы бұл туралы айтуға аузым да бармайды! Сол себепті, мен осы Сұрақ-жауап сайтына тіркеліп, сәлде болса ішімдегіні тарқатқым келді! Мені дұрыс түсініңіздер, бұл менің балалық кезімдегі үлкен қателігім болды ма әлде ата-анамның маған көңіл бөлмегенінен болды ма? Білмеймін тіпті, бір күні есімнен ауысатын шығармын! Қазір жанымда қорған бола болатын, менің болашағымның арманын орындауға септігін тигізетін сүйген жігітім бар! Осы жылы үйленейік деп маған ұсыныс жасады! Мен не деп айтарымды да тіпті білмей қалдым! Ол мені қатты жақсы көреді, таныстығымызға 3 жыл болды! Тек бір нәрседен қатты қорқамын, ертеңгі күні оған тұрмысқа шыққанда мен қыз болмай шықсам, жағдайым не болмақ, осыны ойласам болашағым бұлыңғыр.......! Бір жерге барып яғни гинеколог маманына барып көрінуге де арым жібермейді! Жасым 20 да! Менің балалық шағымнан ешқандай қызықты бір естелік айтарлықтай жоқ деп айтуға болады! Мұның бәрін не үшін айтып отыр - деп түсінбей отырған шығарсыздар! Бала кезімде үйдің үлкені болғандықтан мені үнемі үйде қалдырып кететін! Мен 3-айлық кезімде әкем жол апатынан қаза тауып, қайтыс болған, содан анам басқа күйеуге шықты! Мүмкін осының бәрі сол кісілердің маған бере алмаған тәрбиесі шығар! Бала кезімде мені үнемі жалғыз қалдырып кеткендіктен болар осы кеудемдегі қасіреттің барлығы! Бір күні көрші үйдің баласы қызық көріп жыныстық қатынасқа итермелеген. Ал, ол кезде ешнарсе түсінбеймін, маған қарайтын ешкім жоқ, ол бір рет қана емес, бірнеше рет болған! Бұл жайлы ешкімге тіс жарып айтпағанмын! Содан міне 9-10 жыл өтті! Бұл жайлы мені ес білгеннен кейін, оқу бітіріп қалаға оқуға түстім! Сол кезде білдім, қыз баласында қыздық перде болатынын! Енді мен пәкпін жоқ әлде қыздығымнан айырылғанмын ба? Осы сұрақтың нақты жауабын айтыңыздаршы өтінем сіздерден! Мен естіген едім, бозбала кезде яғни кішкентай кезде мен сол кездері шамамен 10-12 жаста болған шығармын! Ол жаста қыздық дамымайды деп осы интернет желісінде оқығаным бар еді! Енді мен не істеуім керек? Егер мен қыз болмай шықсам өзімді өлтіргенім жақсы, бұлай жер басып жүргеннен көрі.....!