+2 дауыс
64.5k көрілді
Жеті атаны қалай дұрыс айтамыз? Мысалы рудан бастап па әлде басқашама, жеті атадан басқа аталар көп болуы мүмкінбе? Маған дұрыстап түсіндіріп беретін адам барма? Мысал үшін өз жеті атаңызбен түсіндіріп берсеңіз тіпті керемет болып кететін еді!

6 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Рулық жағынан келетін болсақ жақындық жеті атамен шектеліп қалмайды әрине. Адам-Атадан бастап шежіре тарқатыла береді. Соның ішінде жеті атаңды талдап ,жете білсең адаспайсың деген тағлым ғой. Жеті атадан ары қыз алып, қыз берісуге бола береді, оған дейін туыстық жалғасады деген тәмсілмен дана бабаларымыз халқымыздың қан тазалығын сақтап келген, және оның өте-мөте дұрыс жол екенін қазіргі медицина да мақұлдап, ғылыми жолмен дәлелдеп отыр. Ал жеті ата атауына келсек ол былай жіктеледі:

  1. Ата.

  2.Бала.

  3.Немере.

  4Шөбере.

  5.Шөпшек.

  6.Немене.

  7.Туажат.

  8.Жекжат.

Жекжат-деген енді қыз алысып,қыз берісіп бір бірімізбен туыстық қатынастан,құдалық қатынасқа көшуге жол ашық деген сөз. Бұрынғы кедерде жеті атадан асып, сегізінші атаға келгенде сол рудың ақсақалдары айналасындағы басқа руларға хабарлап, өздерінің өскенін-өнгенін, қыз алып,қыз беруге  жеткенін жариялап,бүгіннен бастап қазақ халқына тағы бір ру қосылды деп ер жетіп отырған бір қыз бен бір жігітке рұхсаттарын беретін болған. Бұның өзі үлкен мағанада боз бие сойылып,әлгі үй болатын жастарды соның сүтімен шомылдырып, ру атын беріп, өсіп-өніңдер деп барлық ру басылары батасын беретін болған.Сондай жолмен қазақ рулары көбейіп отырған.

Мәәә саған! Керемет жауап! Плюс 1 !
Айтарға сөз жоқ. Керемет жауап қой мынау. +1
Осы жерде үлкен қате бар ол - Атамен  баланың арасындағы әке қайда қалды? сосын немелтай неге жоқ?
+1 дауыс
"Алтын тамыр" деген бір кітаптан оқыған едім

"Жеті атасын білу деген 7 шалдың атын зырылдатып айтып беру емес, осы 7 атадын тараған үрім-бұтақты таратып айту "--деп!

жеті атасын білмеген жетесіз дейді ғой дана халқымыз
+1 дауыс
Жеті атасын білу ол өз ата-бабаларыңа деген сыйластық болып табылады. Қазақта "Жеті атасын білмеген жетесіз" деп өз балаларына кәмелеттік жасқа толмай жатып үйрететін болған. Бір рудағылар жеті атаға толмай және содан кейін де шамалары келгенше қыз алысып беріспеген. Жеті атадан асқанның өзінде де ақсақалдар кеңесімен шешім қабылданып отыратын болған. Жеті ата мынадай жолмен тізбектеледі: Әкең, атаң, оның әкесі, т.с.с. Мысалы менің жеті атам:

Амангелді (әкем)

Ідір (атам)

Базар (Ідірдің әкесі әкесі)

Тойнаш (Базардың әкесі)

Алмамбет (Тойнаштың әкесі) ... осындай жолменен жалғасын табады.

 

Қазіргі медицина да жеті атадан өткеннен кейін қан құрамының өзгеретінін дәлелдеп, осы жеті атадан аспаған бір ру жастарына лажы келгенше шаңырақ көтермеулеріне кеңес береді.
0 дауыс
ең бірінші жасы үлкеннен бастайды немесе рудан басталады
0 дауыс
жеты атасын былмеген жетымдыктын белгысы
0 дауыс
ен биринши улкенен бастайды
...