+1 дауыс
11.4k көрілді

Берілген сөздердің анықтамалары мен орыс тіліндегі аудармаларын толығымен жазып, көрсетсеңіздер...?!..

_______________________

  1. Атауыз -
  2. Құлтемір - 
  3. Бағбан -
  4. Айыз -
  5. Мұрап - 
  6. Кеңшар -
  7. шиіт -
  8. Бессайыс -
  9. Ауқат -
  10. Қарық - 
  11. Сонар -
  12. Жүйек н/е жүйеп -
  13. шығыр -
  14. Көсек -
  15. Аллитерация -
  16. Шығыр - 
  17. Олақ -
  18. Кейуана -
  19. Салдыр -

Міне, осылар. Басы бар, аяғы жоқ, шала-пала жауаптар жасырылынып, иесі құлыпқа салынып, кейіннен сайттан аты жойылады, сөз беремін. Үмітті ақтағанның жанкүйеріне айналамын. Алдын ала рақмет, Достар!)

  1.  
Қиын екен! Жауабым шала. Берейін десем қорқып отырмын. Бүгін сейсенбі!
Мына сөздер түсініксіз ғоооой
Белгісіз
Біраз мотивациялағым келгені. Күтемін жауаптарыңызды :)

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Атауыз - ағаш шеберінің бұйымды қысып қойып, жонуға, сүргілеуге, кесуге арналған көмекші құралы, қысқы.(плоскогубцы)

Құлтемір - антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы.(робот)

Бағбан - бау-бақша күтуші, баптаушы адам.(садовник)

Айыз – айызы қанды: риза болды, сүйсiндi; құмардан шықты.(чувство полного удовлетворения)

Мұрап – егістіктегі суды басқаратын адам.(мираб)

Кеңшар - кеңес шаруашылығы.

шиіт – мақтаның дәні.(семена хлопка)

Бессайыс - спорттық жарыстың бір түрі.  Оның бағдарламасына спорттың бірнеше түрлері енеді: атпен кедергілерден өту (конкур), семсерлесу, пистолетпен ату (25 метрден), еркін жүзу (300 м), жеңіл атлетикалық кросс (4000 м).(пятиборье)

Ауқат – 1.Жағдай,тұрмыс-жай,дәулет. 2.тамақ.(зажиточность, пища)

Қарық – 1.суландыру жүйесіндегі жасанды арна.2.молшылық.(арык, обилие)

Сонар - Қалың қар жауып ашылғаннан кейiнгi аңға шығуға қолайлы тынық күн, із түспеген қар беті.(пороша)

Жүйек - көкөніс дақылдарын өсіру үшін арнайы қолдан жасалған топырақ жоталары.( гряда)

Шығыр - Егiстiкке су шығару үшiн жасалған, су жүретiн науасы бар қарапайым құрал.(  чигирь)

Көсек - Мақта қозапаясының өнiм беретiн түйнегi, ұлпа болып ашылатын қауашақ.( коробочка хлопка)

Аллитерация -  Бiр ойды, сөздi баса айту мақсатымен белгiлi бiр дауыссыз дыбысты қайталау.(aллитерация)

Олақ - Iске икемi жоқ, ебедейсiз, епсiз.(неуклюжий)

Кейуана – 1.Жалғыз өркештi көп боталаған ұрғашы түйе тұқымының кәрiсi..2.Жасы ұлғайған кәрi ана, кемпiр.( почтенная старая женщина)

Салдыр - Заттардың бiр-бiрiне соқтығысуынан болатын дыбыс, қаңғыр-күңгiр.( грохот)
айыз деген , кейбір жерлерде хайыз деп айтылады, жазылады екен. Ұят болса да жазайын,   әр айдың белгілі күндерінде әйел адамдарда пайда болып, кейбір ғибадаттарға кедергі жасайтын қан деп жазылған.
мынауың енді интернеттен алғаның көрініп тұр
Фансайтыңды ашу қалды, алғысым, Айдос :)
+1 дауыс
Атауыз - Плоскогубцы
Құлтемір - Робот шығар
Бағбан - Кәрдімгі садовник
Айыз - айызын қандыра сөйледі - деп жатады ғой... толық түрде удовольствие беру шығар
Мұрап - ...
Кеңшар -...
шиіт - шиіт мақта деген бар еді ғой...
Бессайыс - осындай спорт түрі бар емес па ?
Ауқат - тамақ
Қарық - күлкіге қарық болды деген бар....
Сонар - қар жауған соң, таңғы іздер...
Жүйек н/е жүйеп - қиярды ма бір нәрсені егеді ғой, тізіп қойып
шығыр - мүмкін, наверно....
Көсек - мақта ма ?
Аллитерация - .......
Шығыр - мүмкін, наверно....
Олақ - қолынан ешнәрсе келмейтін, неумелый адам
Кейуана - кәрі әйел
Салдыр - салдыр-салақ қарау деген бар....
РауанчеГ http://sozdik.kz деген тамаша сайт бар емес па, ішінде бар ғо анықтамалары
білем ол жағын....мен өзім білгендерімді жазғым келген....
ааа мадиссс
сж-ға қайта оралуыңмен_)
қайта оралатындай ешқайда кеткен жоқпын мен
ааа...мен қайта келген екенмін ғой........
Рауанчеееег, анықтамасымен бірге
жарамайды мынауың қой, ниеттерің қабыл болғай ораза ұстағандарың
мен кока кола ішівотрм
...