Көлікте келе жатқан үлкен адаммен қалай амандасқан жөн ?

+2 дауыс
683 қаралым

Бағана көшеде кетіп бара жатқанымда бір таныс үлкен кісі көлігімен қасымнан өтіп  бара жатқан. Амандасайын деп қолымды көтердім . Кейін өтіп кеткен соң үлкен адамға қолын көтеріп амандасқан мәдениетсіздік  сиақты көрінді ( жас адам болмағасын) .  Жасы үлкендер қалай ойлайсыздар?  Қол көтеріп амандасқанның орнына  басымды сәл иіп өткен дұрыспа? Баланың әңгімесі сиақты болып кетті ау дим)!

Салт-дәстүр туралы

4 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Меніңше, нағыз қазақтықты танытып қолыңызды кеудеңізге қойып, басыңызды иіп амандасыңыз. Сонда ғана сіздің берген сәлеміңіз оның жүрегіне жетеді.
Керемет жауап! +1
+2 дауыс
Егер құрдастарыңыз бен достарыңызға,яғни сен деп араласып жүргендерге қол көтеріп,ал үлкен кісілерге бас иген дұрыс қой.Мен көшеде кетіп бара жатқанда үлкен болсын,кіші болсын қалай амандасса да басымды изеймін.
Толықтай қосыламын! +1
+2 дауыс
Бас иіп амандасқан дұрыс. Ассалаумағалейкум деп, ол естімесе де айту керек.
+2 дауыс
Өзіңмен қатарлас балалармен, қыздармен қол көтеріп, ал үлкен кісілермен бар изеп сәлемдескен дұрыс. Үлкен кісілерге қол көтерген ерсі көрінеді.
127,680 сұрақ
322,223 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы