Ораза ұстау шарттары 1. Мұсылман болу: Ораза мұсылмандарға парыз. Сондықтан жаңа мұсылман болған жандарға өткен жылдардағы Ораза секілді ғибадаттарына қаза керек емес.Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық күнәсі кешіріледі: Құранда Аллатағала:(Мұхаммед) «Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйылса, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса, сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» (Әнфәл, 8/38). 2. Балиғат жасында болуы жәнеақыл - есі түзу болу: Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас адамға Ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-есі түзу болғанға дейін ақылы нұқсанға, оянғанға дейін ұйқыда жатқан адамға» (Бухари, Талақ, ІІ. Әбу Дәуд, Худуд, 17). Яғни, сана аса маңызды. Алланың өмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа кірген кезде оразаға күшіжететін қыз бала мен ер балағаата-анасы Ораза ұстатып үйретукерек. Мақсат - балаларды Оразаға баулу. Акыл-есі кемтар мен есінен танып қалған адамдар уақытша болса да оларға Ораза парыз емес. Ақылы орнына келсе, қазасы өтелмейді. 3. Ораза ұстауға күші жету жәнетұрғын болу: Науқас немесе жолаушыларға Ораза парыз емес. Бірақ Ораза ұстаса, Оразасы дұрыс. Ал Ораза ұстамаса, басқа күндері Оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім наукастанса, яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін». Кәрілік жасқа келіп, Ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға Ораза парыз емес. Сонымен катар хайыз, нифас кезіндегі әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиюі ықтимал екі қабат әйелдермен бала емізген әйелдерге де парыз емес. Кәрі адамдар Оразаорнына пидия береді. Олар Оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90 шақырымнан аса жерге жолаушылап шықса, жолаушы саналып, Ораза ұстамауына рұқсат. Оразаның дұрыс орындалу шарттары 1. Хайыз бен нифастан таза болу: Хайыз бен нифас жағдайындағы әйелдер уақытыөткеннен кейін Оразаның казасын өтейді. Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл алу - абзал. 2. Ниет: Барлық Оразаға жүрекпен ниет ету - жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің Ораза екенін біліп, бұл айда Ораза ұстайтынын жүректен өткізсе немесе сәресіге тұрса, бұл ісі Ораза ұстауға ниет саналады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық Оразаға түнде немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету - абзал. Рамазан Оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет ету шарт. Себебіәрқайсысы өз алдына жеке ғибадат. Бұл - факихшілердің басым көпшілігінің пікірі. Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші -түнде ниет ету. Бұларғақарыз болған Оразалар жатады. Яғни, Рамазан қазасы, ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл Оразаның казасы және кәффәрат Оразасы мен жалпы атау (нәзір) Оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай Оразаны ұстайтын адамдар түнде немесетаң атпай тұрып, ниет етуі шарт.Ақшам уақытында шешім қабылдау мен сәресіге тұру да ниетке жатады. Екінші - түнде ниеттену мен анықтау шарт емес Оразалар: Бұған Рамазан Оразасы, уақыты белгіленген атау Оразасы және мұстахап, мәкрүһ, сонымен қатар, барлық нәпіл Оразалар жатады. МұндайОразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай Оразаға ниет ететін адам екінші шанақтан бері ешнәрсе ішіп-жемеген болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл Оразаға ниет ете алуға мына хадис дәлел: Аллатағала Елшісі (с.а.у.) бір күні Айшаға былай деді: «Бесінғе тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», - деп жауап қайтарды. Сонда Аллатағала Елшісі: «Онда мен ораза ұстаймын», - деді. Кісі түнде қандай да бір Оразаға ниет етсе,бірақ екінші шапақ атпай тұрып, ниетінен бас тартса, бұл бас тартуы дұрыс саналады.