+6 дауыс
6.8k көрілді
Қадір түні мен Қыдыр түнінің айырмашылығы қандай? Қай кездерде болады?

5 жауап

+12 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл екі сөздің бір-біріне мүлдем қатысы жоқ, байланыстары да жоқ. Екеуі екі басқа.(Мұны имамдардың өздері де көбіне шатастырып алады)
Қыдыр түні - бізге, яғни қазақ даласы мұсылман діні келмей тұрғандағы түсінік
 Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды . Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған. Грегориан күнтізбесі бойынша, яғни біздің қазіргі қолднып жүрген, наурыздың 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді . Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» түні деп аталады. Әр үйге кіріп шығады деген, түсінік бар, сондықтан бұл күні есікті ашып қойып отырған.  
Қадір түні - ол ислам, яғни мұсылмандардың түсінігі бойынша
Алла Тағаланың қасиетті кітабы – Құран Кәрімнің алғашқы сүрелері рамазан айының 26-сынан 27-сіне қараған түні түскен. (Қазір бізде тамыз айна сәйкес келеді, бірақ жыл сайын 13 күнге артқа жылжи береді) Осы кештің қасиетті мың айдан артық делінген аят бар. Мұсылмандар бұл түнді ұйқысыз өткізіп, он сегіз мың ғаламды, барша адамзатты, бүкіл тіршілікті жаратушы жалғыз Алладан тілек тілеген. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде осы түнге шын иланып сұралған тілек қабыл болады делінген.
Керемет жауап! Ризамын.
Сұрақ та,жауап та өте орынды. Көп адамдар осы бір маңызды түйткілдің ара жігін ажырата алмай делсал күй кешуде жүрді.Соның ара жігін ажыратып,адамдардың көзін ашушыларға Алланаң нұры жаусын!Бірақ бұл әрекеттеріңе дінде талас жоқ деп қарсы шығатын некүмән,топас адамдар шығуы мүмкін.Бірақ бұл талас емес,шындықты сұрап білу екенін олар түсінбес. Оларға Алла тауфиқ,сіздерге сабыр берсін деп тілеймін.
Сосын, кейбіреулері сұрайды, осы қыдыр атаның келгенін, үйдегі адамдар сезіп, көріпті, содан ол жанұя табысты бола бастапты. Осы рас па деп сұрап жатады.
Жауап: Иә, Себебі жоғарыда айтып кеткендей, Қыдыр ата батасын оларға беріп кетуі мүмкін. Қыдыр алейким ассалам әулие. Осы өмірімізге қайта келіп, аралауға пайғамдарымызға сияқты рұқсат етілген. Яғни біз өлгесін, қайта өмірге орала алмаймыз, ал оларға қайта келіп аралауына рұқсат етілген екен. Біз сияқты өмір сүре алмайды, ұстап, су ішіп дегендей... Сонымен қатар есімде бары, шейт адамдарға да рұхсат етілген.(бір қаққанымнан айтып отырмын.)
0 дауыс
айырмашылық жазылуы мен айтылуында ғана шығар меніңше, екеуі бір
+4 дауыс
Кадiр тунi деген бар. Бiрак кыдыр тунi, кыдыр ата деген жок ойдан шыгарылган. Кадiр тунi - куранда Алла айткандай 1000 айга тен тун. Бул тунде Аллага кулшылык кылумен, куран окумен, таубеге келумен откiзген дурыс. Ал кадiр тунi кашан дегенге келсек, Пайгамбарымыз Мухаммад (Оган Алланын игiлiгi мен салемi болсын) "Сонгы он туннiн так тундерiнен iздендер" деген. Накты мына тун деп айтпаган. Жане де Рамазан айынын сонгы он кунiнiн мешiтте откiзетiн болган.
+3 дауыс
Қадыр түнінің артықшылығы

Қадыр түні – ең жақсы түн! Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді екен!

Алла Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадыр түні түсірдік.  Ал, саған Қадыр түнінің не екенін не білдіреді? Қадыр түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен, Оның әрбір әмірі үшін, періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем!» («Ләйләтул-Қадр» 1-5).

Алла Тағала былай деді: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түні түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні, Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» («Духан», 2-5).

Қатада: «Бұл түні, келесі жыл істерінің тағдыры жазылады», – дейді (“Тәфсир әт-Табәри” 25/65).

Ибн Аббас былай айтқан: «Аллаһ Тағала Қадыр түні Құранды толығымен және бірден “сақтаулы тақтадан” (ләухул-махфуз), “Ұлылық үйі” деп аталатын орынға түсірді. Ол жұлдыздар бататын жерде орналасқан. Ал бұдан кейін Алла Құранды Өзінің пайғамбарына (с.ғ.с) Жәбрейіл періште арқылы,  түрлі жағдайларға байланысты, бөлек-бөлек түрде, жиырма үш жыл бойы түсірді» (Қараңыз: “Тәфсир әт-Табәри” 2/144, “әл-Мустәдрак” әл-Хаким 2/530 және “Тәфсир Ибн Кәсир” 4/685).

Әнәс ибн Мәлик былай айтқан: «Рамазан келгенде, Алланың елшісі (с.ғ.с): “Расында, сендерге бұл ай келді! Онда, мың айдан да артық бір түн бар. Сонда кім ол түннен мақрұм қалса, оның барлық игілігінен мақрұм қалады”, деді» (Ибн Мджаһ 1/289. Сенімділігін  хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбәни растаған. Қараңыз “әс-Силсилә әс-сахиха” 1307).

Алланың елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Шын мәнінде, Қадыр түні жер бетінде, періштелер ұсақ тастардан да көп болады» (әт-Таялиси 2545, Ибн Хузәйма 2/223. Шейх әл-Әлбәни хадисті хасан деген. Қараңыз: “әс-Силсилә әс-сахиха” 2205).

Хафиз Ибн Ражаб: «Әй, өзінің өмірін еш пайдасыз өткізген адам! Жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін, Қадыр түнін қолданамын. Расында, ол түгел өмірге тең!», – деп айтқан. (“Ләтаифул-мә’ариф” 191).

Қадыр түніндегі  құлшылық

Алланың елшісі (с.ғ.с) былай деді: «Кім Қадыр түнін, иман келтірген және сауапқа үміт еткен күйде намаз оқып өткізсе, алдыңғы күналарының барлығы кешіріледі» (әл-Бухари 38, Муслим 760). Айша пайғамбарымыздан (с.ғ.с) былай сұрағаны хабарланады: «Әй, Алланың елшісі, егер мен Қадыр түнінің келгені туралы білсем, не айтуым керек?». Ол: «Әй,  Алла, расында Сен – кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. мені керіше гөр!”, – деп айт», – деді. (әт-Тирмизи, Ибн Мәджаһ, әл-Хаким. Имам Әбу `Исә әт-Тирмизи, әл-Хаким және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деген. Қараңыз:  «Сахих әл-джәми’» 4423).

 

Қадыр түні қашан болады?

Қадыр түнінің нақты датасы жөнінде, ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар.  Алайда,  олардың барлығы Қадыр түні Рамазанның соңғы он түндерінің бірі болып табылатындығында бірауыздан келіскен. Ол туралы пайғамбар (с.ғ.с) былай деп хабарлаған: «Қадыр түнін, Рамазанның ақырғы оң тақ түндерінің бірінде күтіңдер!» (әл-Бухари 2017, Муслим 1169).

Имам Әбу Иса әт-Тирмизи: «Қадыр түні жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма жетінші және Рамазанның соңғы түніне сай келіп жүргені пайғамбардан (с.ғ.с) жеткен» (Қараңыз “Сунан әт-Тирмизи” 1/372).

Әл-Музәни және Ибн Хузәйма деген имамдар, осы тақырыптағы хабарлардың барлығын жинап: «Қадыр түні әр жыл сайын ауысып тұрады!», деген  (“Сахих Ибн Хузәйма” 3/329). Осы пікірді хафиз Ибн Хажар да қолдап, былай дейді: «Ең дұрыс пікір бойынша, ол (Қадыр түні) Рамазанның соңғы он түндерінің бірі болып табылады, әрі тақ түнге сай келеді. (“Фатхул-Бәри” 4/326).

Алла елшісі (с.ғ.с) соңғы он түннің бәрінде де құлшылықта болған.  Бұл туралы Айша: «Рамазанның соңғы он күні келгенде, Алла елшісі (с.ғ.с) түндерін намазбен өткізген, отбасы мүшелерін оятқан және құлшылықтарында ерекше ынта танытқан», – деген (әл-Бухари 2024, Муслим 1174).

Қадыр түнінің белгілері

Убәда ибн Самит Алла елшісі (с.ғ.с) Қадыр түнінің белгілері туралы былай айтқанын жеткізеді: «Қадыр түнінің белгісі –   таза және жарық,  ол түні ай масаттанып (жарқырап) тұрғандай болады. Бұл түні, таң атпайынша жұлдыздар атуға рұқсат етілмейді. Оның және де бір белгісі: таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады,  әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді» (“Тәфсир Ибн Кәсир” 4/255).

Бірақ еш күдіксіз, Рамазанның соңғы он түні, ықыласты түрде және дұрыс кейіпте Аллаға  құлшылық еткен әрбір мұсылман, Қадыр түні жасалған құлшылық үшін уәде етілген ұлы сыйын алады, тіпті егер ол оның дәл қай түні өтіп кеткенін білмей қалған болса да!
Ал Қыдыр түні деген жоқ, имамдар шатасып айтпайды Муса А.С кезінде Қызыр деген білімді ғалым кісі болған білімсіздер Қадыр түнімен Қызыр А.С шатыстырып Қыдыр ата келеді деп халыққа қате түсінік беріп келеді.
Амин Аллаһ баршамызды білімділерден қылсын!Білімді тек сабырлылар алады біз білімді болсақ сабырлы болғанымыз!
Ясин,Аллатағалам бақытты бір шалдан бере ме,жоқ әлде бір шыбыннан бере ме ол өзіне ғана аян. Сонан соң  Қыдыр ғ,с, бір шал емес қой,алланың сүйген құлдарының бірі,(Алла бәріңізге соны нәсіп етсін)Пйғамбарларының бірі емес пе?
оған дауым жоқ сіз дұрыс айтасыз бірақ біздің түсінікте басқаша ғой ақ сақалды ақ киімді ата келеді деген ал ол кісінің тарихын оқысақ олай ойламайтын едік қыдыр ата келеді деп Аллаға серік қосу болып қалады ғой ол өмірден өтіп кеткен атадан бір нәрсені дәмету деген
Дау тудырмай-ақ қояық. Осы сайттың ережесінде жазылған ғой: ОСЫ САЙЫТТЫҢ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ ҰЛТЫНА, ДІНИ СЕНІМІНЕ,  НӘСІЛІНЕ ҚАРАМАЙ БӘРІ ТЕҢ ДӘРЕЖЕДЕ ҚОЛДАНА АЛАДЫ ДЕП ендеше ұрыс тудырмай әркім өз пікірінде қалсын! Мен өз сеніміміді айтпай-ақ қойяын,
вввддд,сенің позицияңа түсіне алмадым?
Әрине түсіне алмайсыз, СЕБЕБІ МЕН ЕШТЕҢЕ СЕНБЕЙМІН, маған бәрібір, бірақ сенімі бар адамды қатты қадірлеймін мысалы сен мұсылмансың ба, христиансың ба, буддиссің бе, әлде тәңіршілдік дінін қолдайсың ба, иудаист болсаң да маған бәрібір, маған бәрі бірдей болып көрінеді. Сенімге талас жоқ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Сол еді айтпағым?
Бірақ мен барлық дінді жақсы білем деп айтсам қателеспейтін шығармын деп ойлаймын, себебі: Тәуратты, Інжілді (библия)і, Құранды түгел оқып шықтым, тіпті ежелгі вавилондық, шуммерлік аңыздарды да, (Бәрінің түпкі негізі бір десем тағы ұрыс басталып кететін сияқты)
Е, Алла пендеңе тауфиқ бере көр!
+1 дауыс
Дельфина мынандай ғой. Былай түсіндірейін!
Қадыр түні деген болады. Ал қыдыр түні болмайды. Қыдыр ата болған ғой. Сосын Қыдыр атанын атынан Қадыр түні деп айтылған! Бірақ кей адамдар да қыдыр түні деп қателесетін шығар. Мен бар білетінімді айттым!!!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...