Асалаумағалекум СЖ-лықтар! Кеше біздер уәделескен күні Атырау қаласында жиналдық https://surak.baribar.kz/327030/
Мен, Наргиза және де Азамат! Үшеуміз болсақта жақсы өтті! Алдағы уақытта кездесулер болады деп ойлаймын және де саны артады деп сенеміз. Сендерге сол кездесу туралы айта кетсем деймін.
Мен Алдымен қолданушыларды Махамбет Исатай ескерткішінің алдына шақырған едім, мен бастағасын міндет болған соң аяғынан дейін аяқтайын деп едім. Өзім 18 30 деп шақырсамда, 18 00 де барып тұр едім күн ыстық, содан сусынымды алып күтіп тұрдым. Сосын алаңда концерт болып жатты, мейрамға байланысты мен оны шын айтсам естіген жоқпын, қолданушыларымен кездесуге асықтым. Бір кезде телефон соқты көтерсем Азамат екен біз келе жатырмыз деді. Ол мені 89 болған соң үлкен болар деп ойлаған сияқты, мен бойым кішкентай. Азамат пен Наргизаны көріп қуанып кетім, Наргиза пысық қызық екен жақсы сөйлесіп кеттік, Азамат бойы ұзын әдеміше келген жігіт. Бір біріне сай. Бақыт тілеймін екеуіне! Содан жүрдік, қыдырдық, балмұздақ жеп) Сосын видеода кім сөйлейді дегенде Азамат екеуіміз ұялап қалдық. Сосын қарындасым болсада Наргиза екеуімізге де ұрысты. Жігіт емесіңдерме деп! Жарайды деп Азамат бастады мен қоштадым оператор Наргиза болды. Біздің алғашқы сұхбат беруіміз! Күлмеңіздер!)
Және де ұмытып бара жатырмын ертен Наргизажанның туған куні! Наргиза туған күнің құтты болсын! Қарның тоқ болсын! Өмірің ұзақ болсын! Дастарханың майлы болсын! Жүрегің нәрлі болсын! Ұрпағың күшті болсын! Денсаулығың мықты болсын! Өмірің тәтті болсын! Жүрегің сырлы болсын! Әрқашан да бақытты болып жүре бер! Мамандығынды абыроймен біттіріп шық! Азамат екеуің бақытты болыңдар! Туған күнің құтты болсын!
Тамашалап көрейік!!!!!!!