0 дауыс
3.2k көрілді
Болашақта сұраныска ие мамандықтар қандай деп ойлайсыздар, пікір қалдыруларыңызды сұраймын.
Кез-келген сұрағыңыз, осылай тура сұрақ формасында жазылуы керек екенін ұмытпаңыз.
Басқа уақытта болғанда бұл сұрақты қайталанған деп жауып тастар едім, қазір оқушылардың мектеп бітіріп, бәрін мамандық таңдау мәселелері толғандырып жүргендігін және оның адам өмірінде қаншалықты маңыздылығын ескере отырып дәтім бармады дағы жауап жаздым. Сайт ережесін бұзғандығыма Админнен,қолданушылардан кешірім сұраймын.

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Кез-келген мамандықтың өз орны бар, сондықтан керексіз мамандық болмайды. Қазір жастар жоғарғы лауазымды басшы адамдарды жамандауға жаны құмар, бірақ неге екнін қайдам бірде біреуі қарапайым токарь, дәнекерлеуші, шабан немесе қарапайым трактор айдаушысы болғысы келмейді,Сол қарапайым маман иелері арасынан К.Дөненбаева,Ж.Тастанбекова,Ж.Қуанышбаев,Ы.Жақаев т.с.с. даңты адамдар шыққанын көбі білмейді де. Әйтеуір жоғарғы білім алсам,сөйтіп өздері сынап,мінейтін лауазымды ағаларының мансабына жетсем деген ғана ой. Әрине білім жақсы,мүмкін қызмет те жақсы болар таласым жоқ, бірақ ауыл шаруашылығын шалқытатын, өндірісті өркендететін күштің негізі қарапайым мамандық иелері екенін де ұмытпаған жөн болар деп ойлаймын. Түсінем бұл мемлекет қолдауын, оң көзқарасын керек ететін шара. Дәл бүгіннің өзінде осы бір мамандықтар тапшылығы сезілуде, ертең іздесең таппауымыз мүмкін. Қазір тракторды айдайтын,қойды бағатын,темірді жонатын аға буын өкілдері, ертең олар кеткенде ше? Қазіргі жастар ертеңгі аға буын орнын басуы керек емес пе? Елдің бәрі сот,прокурор,адвокат болып кетсе не болады, бірін-бірі соттап,бірін-бірі ақтап жүре бере ма? Қазірдің өзі солай болып жатқан жоқ па, сонда ол мамандықтан не қадір қалады? Сондықтан мамандық таңдауда аса ыжаһаттылық, талғампаздылық  керек заман туды қазір. Осыдан бір 5-6 жыл шамасы бұрын адамдар компьютерге үрке қарайтын,қорқатын, елімізде IT- саласы мамандықтары тапшы еді, қазір ше? Қазір басқаша, кез-келгенің комптың құлағында ойнайсыңдар, өздерің қалауларыңмен комп жинап аласыңдар, қолдану туралы айтпаса да болады, енді біразда бағдарламалар өзгертулерің де мүмкін.Ал енді сол мамандық таңдау жөніне келсек, шамам келгенше өз ойымды айтайын. Мамандық таңдамас бұрын мен келешекте қай  аймақта өмір сүремін, ол аймақтың негізгі шаруашылығы,өндірісі не, сол  салада қандай мамандықтар тапшы деген сұрақтарды негізге алу керек болар, одан кейінгі кезек осы сала мамандықтары менің талғамыма келе ме,жоқ па деп соны шешкен абзал болар. Мамандық таңдауда өмірлік тәжірбиесі бар ата-ана орнының да, олардың кеңесінің де зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Осы критерилер бойынша,асықпай байыппен таңдаған мамандықтан қор болмайсың деп білемін. Сөз соңында айтарым жаман мамандық болмайды,бірақ маманның жақсы, жаманы болады дегім келеді, дана халқымыз "Тауық сойса да,қасап сойсын"-дегенді тегін айтпаса керек. "Іске сәт, алға,жас маман!"-дейді Жако ағаларың.

+1 дауыс
Бұл сұрақ қайталанған! Іздеу виджетін пайдалан! Техникалық мамандықтарды таңда!
0 дауыс
Сәлем ! Менің ойымша өзіңнің таңдауыңа , жүрек қалауыңа  байланысты мамандықты таңдағаның жөн. Қай салаға жақынсың ? Қандай жұмыс істегенді ұнатасың? дегендей. Өмірде мамандық таңдаудан қателеспеу керек. Иа,техникалық мамандықтар сұранысқа ие. Бірақ дәрігер пен мұғалім мамандығы қай заманда да сұранысқа ие...
0 дауыс
оооооо Айбол юрист болсаңшы,а
0 дауыс
бұл сұрақты мана ғана мен қойғам...
Басқа уақытта болғанда бұл сұрақты қайталанған деп жауып тастар едім, қазір оқушылардың мектеп бітіріп, бәрін мамандық таңдау мәселелері толғандырып жүргендігін және оның адам өмірінде қаншалықты маңыздылығын ескере отырып дәтім бармады дағы жауап жаздым. Сайт ережесін бұзғандығыма Админнен,қолданушылардан кешірім сұраймын.
0 дауыс
Мұғалім бол................................
0 дауыс
Кай мамандыкты тандасанда.ен бастысы-адам бол!
...