0 дауыс
19.0k көрілді

Тараз қаласы ораза кестесі 2016Осы жолы ораза айы 6 маусым келіп тұр!

 

Биыл, яғни 2016 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн.

1. Шілденің 01-нен 02-не қараған түн Ләйләтул-Қадр, яғни қасиеттi Қадiр түнi.

2. Сәресi iшу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады.

3. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады.      

4. Тарауих намазы Құптан намазынан кейiн оқылады, ал Үтiр-Уәжiп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.

 5. Пiтiр-садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 200 теңге.

6. 05 - шілде (сейсенбі) күнi Ораза айт мейрамы басталады.

7. Оразаға ниет: Алла тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім.

8.  Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық  несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»

Тамақтан соң айтылатын тамаша тілек. «Уа, Алла! Бізге тамақ берген, сусын берген кісіні Сен де тамақ беріп, сусындандыр әрі оған құт-береке бер!»

Сәресіде айтылатын дұға:

نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауыз ашарда оқылатын дұға:

اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Тұтпақ болған оразаңыз қабыл болғай! Алла тағала ниетіңізге қарай сауаптан жазсын! Әмин!

1 жауап

0 дауыс
Осы кесте дурыс па,интернетке кырсем аркайсысы артурлы,алдынкуны енем сатып акелды,ол кесте мулдем баска
...