Америкаға барсам дейтін туристерге шағын кеңес.
Америкаға жол түссе деп армандайтын жұртшылық көп. Бәрі қалтаға байланысты. Бірінші кезекте, мұхит асып АҚШ-қа келу үшін 650 мың теңге керек. Оның өзін қысып, ұстасаңыз жетер. Егер Франкфурт немесе Стамбул арқылы ұшсаңыз, онда тағы жүз мың қосасыз. Жалпы, Амстердам (240 мың теңге) мен Мәскеу (190 мың теңге) арқылы ұшу арзан. Виза мен сақтандыруға кететін және визаңыздың түріне қарай төлейтін төлемдер тағы бар (шамамен 60 мың теңге). 300 мың теңге билет пен құжаттарға кетті десеңіз, қалтаңызда қалған 350 мың теңге Нью Йорк, Вашингтон және тағы бір шағын қаланы аралауға жетіп қалады. Вашингтон Нью Йоркпен салыстырғанда арзан қала. Үш күнге 250 долларға қонақ үй табуға болады. Және 150 долларға қаланы аралауға туристік автобусқа билет алып, үш күнге тамақтануыңызға болады. 50 долларды естелік сыйлықтарға жұмсауға болады. Үш күнге 100 доллар тамақтануға кетеді. Сонда 600 доллар Вашингтонда үш күнге қалуға жетеді. Бірінші Вашингтонды аралап алған дұрыс. Кейін 150 долларға пойызға билет алып, Нью Йоркқа тартасыз. Бұл қалаға екі күн жетеді. Жақсы қонақ үй аламын десеңіз, екі күнге 350 доллар керек. Тек жатар орын болса болды десеңіз бір төсегі бар бөлмелерді күніне 75 долларға табуға болады. Бірақ ол бөлмелерде жағдай жасалмаған. Тамақ пен қаланы аралауға сол 250 доллар қажет. Мұнда тегін мұражай аз. Тамақтары да сәл қымбаттау. Қалай болғанда да 600 доллар керек. Нью Йоркта Бруклин, Манхеттон және Азаттық ескеркішіне, шайнатаун, даунтаунға міндетті түрде барыңыз.
Пойыздың билетін ауыстырсаңыз, біздегідей айып төлемейсіз. Метроның 3 долларлық билетін екі сағат пайдалана аласыз. Алған тауар, киімдеріңізді ұнамаса он төрт күнде қайтара аласыз.
Дүкендерде салықты өзіңіз төлейсіз. Мысалы бір аяқ киімнің бағасы 50 доллар деп тұрса, кассаға барғанда 61 доллар бересіз. 50 доллар аяқ киім бағасы+11 доллар салық. Cондықтан, ақшаңызды есептегенде осыны да ескеріңіз. Жалпы, Америкаға топ болып, немесе екі үш адам барған дұрыс.
Қонақ үйде бөлмеңізді жинайтын адамға шиви тастау міндет) Төсегіңізге 2 долларды қалдырасыз. Официант, гидтерге де қызметіне қарай шиви беру керек)
Картаны дұрыс пайдалана білсеңіз адаспайсыз. Әрине, тіл білсеңіз тіпті керемет.
Көшеде сізге қараған адаммен амандасу немесе жымию міндет. А то, жаман ойлап қалады. Метрода автобуста үлкен келсін, қарт адам келсін орыныңыздан тұрмайсыз. Орын берсеңіз "Менің денсаулық жағдайым автобуста немесе метрода тұруға жетеді, мені қорлама" деп ренжуі мүмкін.
Сәттілік! — в городе Нью-Йорк.
Америка қалсында жүрген Руслан Меделбек-тің фейсбуктағы жазбасынан алынды.