0 дауыс
14.5k көрілді
Дуа дегенді калай түсінесіздер, кәзіргі уақытта дуа салу барма, бойында дуасы бар адамның мінезі қандай болады жалпы түсінік бере аласыздарма?

8 жауап

+2 дауыс
Дуа деген сөз араптікі оны қазақтар дұға дейді. ол рас нарсе, адамдар оны Алладан сұрау үшін қолданады. Менімше сіз дуа деген созді сиқыр деген созбен шатастырып отырсыз. Қазақтарда тілек-дұға, ал сиқыр-дуа болып қалыптасып кеткен бұл қате. Ал сиқыр жайлы айтатын болсақ, ол үлкен күнә сізді діннен шығарып жіберетін күнә. Сиқыр жасайтын адамдарды орысша айтқанда Калдун деп қояд. Ол рас нәрсе сиқыр жасау арқылы адамға жындарды кіргізеді. Кейбір адамнан білінеді кейбірінен білінеді, әсіресе құран оқылған кезде қатты білінеді. Ықылас, Фалақ,Нас, Аятуль курси сияқты коптеген аяттар бар. Жынданған адамды тек Құран аяттарымен ғана шығаруға болады. Жын кірген адамдардың кейбір белгілері: Қараңғыда отырғысы келеді немесе қараңғыдан қатты қорқады, өзінен өзі сөйлеуі мүмкін, аза бастауы мүмкін, құран оқылған жерден қашуы мумкін, жедел жүдеуі мүмкін айта берсең коп сипаттары. Сиқыр жасау адамдарға керек емес тиым салынған. оны тек надандар жасайды.
Дуа бөлек,дұға бөлек,екеуін шатастырма
Дуа сиқыр деген мағынада.Дұға Алладан бірнәрсе сұрау деген мағынада сияқты деп ойлайм өзім)Мысалы дұға қылды дейдіғо)
Белгісіз
+1 дауыс

Дуа - адам ағзасы мен психикасына зиянды ықпал жасауға бағытталған қарау әрекет атауы. Көбінесе, ерік-жігері әлсіз, тылсым күштердің болатынына сенгіш адамдар зардабын тартады. Дуаны дуақандар жасайды. Дуа жасау үшін дуақандар кері оқитын арнаулы діни дұғаларды пайдаланып, адам суретіне дем салады, кері дұғалы тұмар береді, адамның үйі мен жұмыс орнына әр түрлі заттарды кері оқып тастайды, шашады немесе сыйлыққа береді, біреу арқылы сәлемдеме етіп жібереді, киімінің қалталарына, алып жүретін заттарының ішіне білдірмей кері оқылған нәрселерді салып қояды, шайға, басқа да сусындарға, тағамдарға кері дем салады. Дуаланған адамда бас ауру, әлсіздік, жүйке ауруы (ұйқысыздық, үрей, шошу), бедеулік пен белсіздік, буын, іш құрылысы, сал аурулары, қатерлі жаралар пайда болуы мүмкін. Отбасындағы берекесіздік, жақын адамдардың ұрыс-керісі, адам ісі алға баспай, қабілетінен, дәулетінен айрылу, себепсіз үй-мүлкін біреуге беру, есінен тану, дуақанның ырқына көну, туысын ұмыту, т.б. құбылыстар — дуа алған адамға тән. Құран Кәрімде дуа ең ауыр күнәлардың бірі ретінде айыпталады.

Ақпарат мына жерден алынды.

+1 дауыс
Дуа деген адамды адамның психикасын бұзуға арналған әрекет.Бойында дуасы бар адамдар өзінен өзі жылап,кей кездері аласұрып жынды адам сияқты болып кетеді.Оны дер кезінде қайтармаса тоқтату мүмкін емес болып кетеді
+1 дауыс
Тағы бір айта кетерлік жайт дуаланған адамның шашы түсе бастайды
0 дауыс
Дуға бөлек,дуа бөлек
0 дауыс
Дуа дегенім ол адамды дуалау ғой, яғни адамды қарғап сілеу ғой.
0 дауыс
салеметсиздерме мен ка сол дуадан катты киналып журмин. бир неше молдага барып окытылдым типти жынымды да бир неше рет шыгардым. кайта кирип кетеди. жаксы боламын тагы кайталап ауырып кала беремин. енди нестесем болады киналып кеттим.
0 дауыс
Саламатсыздарма! Мен жақында тұрмысқа шығып едім. Күйеуім жап жақсы ақ алам етін. Екеуміз бір бірімізді сүйетінбіз. Енді уйленгеннен кейін 1айдан кейін, ол өзгере бастады, қатты ішіп кетті, маған қол көтеретін болды, мені көрсе жын көргендей болып қалды, маған кет -кет дей берет. Мен оның 2 ші  әйелімін. Сосын екі сөйлейді түсінбеймін, бірде мен семен бірге қартайғым келет сені сүйем ешкімге бермеймін дейд, кейде кет екеумізде болашақ жоқ, сенен бала болғанын да қаламаймын дейді. Бірде көл, бірде шөл. Сосын туысқандары апалар айтады оны бірінші әйелі дуалап тастаған. Дуаланған адам екі сөйлейді дейді. Сосын олар мені бір тәуіпке апарды- ол тәуіп айтады онан етеккір ішкізген бірнеше рет дуаоаған дейді. Енді уйге құран оқыттым, күнде кешкісін ясин сүресін оқимын бірақ жағдай сол қалпы. Енді тәуіп тағы оқиық дейді дуаны қайтару үшін, білем Алла ғана ұлы, бірақ әкесі туған туысқандары бәрі тәуіпке қарал оқып басын шешіп ал деп отыр. Күнә екенін білем бірақ тәуіп айтады дуаны дуамен шешеді деп. Не істесем екен? Ақылдарыңызды күтем . Мен ажыратпадым семьясынан ажырасқанда мен оны танымайтынмын.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
Белгісіз 26.01.2022 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
+1 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
6 жауап
Белгісіз 27.05.2013 Денсаулық сұрақ қойды
...