0 дауыс
10.9k көрілді
Алақанның от болып ,қызып кетуi ненi бiлдiредi? Ал үнемi мұздап жүргенi қай дерттiң белгiсi? Ал алақанның суланып кетуi ше?
https://surak.baribar.kz/312853/ )))))
Жауаптарға рахмет. Ақжол ол массаж жасап қызып кететiн менiң қолым ғой, ал бұл әжемнiң қолы )) мұздап журедi, қызып кетедi, ұйып кетедi саусақтарым дейдi.
Иә оқыдым...... Ренжіме жәй есіңе салғаным ғой...))

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Қолыңыз қысы-жазы бір жылымайтын болса, онда аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғаны.
Қос алақаныңыз шоққа қақтағандай үнемі лапылдап, қызып жүрсе, бауырдың уытқа қарсы "қайратының" кеми бастағаны.
Алақаныңыз қарадан-қарап тершіп, дымданып, әйтпесе құрғап, бозарып жүрсе, қалқанша без жұмысындағы ақаудың салдары.
Қолыңыздың терісі ақ жарғақтанып, сыдырылып түсе бастаса, тәніңізде А, Д дәрумендері тапшы.
Шынашағыңыз ауық ауық жансызданып қалғандай сезілетін болса, жүрек қан тамырлары жүйеңізде ақау бар.
Ауық-ауық жансыздану үлкен саусақтардан байқалса, тыныс жолындағы кеселдің хабаршысы.
Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсындағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе, сусамырға шалдығуыңыз ғажап емес.
Саусақтарыңыздың ұшы қан қызыл түске енсе, ас қорыту жүйеңіздегі ақауды, қоңыр қызыл түске енсе, бауыр мен бүйректегі кеселді аңғартады.
Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуылдап, қыши берсе, тоқ ішегіңізді бір тексертіп алыңыз.
Сұқ саусақтың ішкі жағы жарғақтанып, терісі түлей берсе, өтқалтасы жұмысының бұзылғаны.
Алақан мен саусақтағы бұл өзгерістер, әрине, ауруыңызды өзіңіз «анықтап», өзіңіз «ем» тағайындауыңыз үшін емес, дәрігерге көрініп, тексерілуіңізге нақты себеп.

"Мұсылман күнтізбесі 2009-2010 жылдар" кітапшасынан алынды.
Тамаша ақпараттар. Көп рахмет .
+1 дауыс
Қолдың қызып кету себебі жүректің жақсы жұмыс істеп,қанды дұрыс таратуы. Ал суық болуы,жүректің  қанды нашар таратуынан болу керек.
Дұрыс жауап +1
Белгісіз
+2 дауыс
Ол адамның әлсіздігін жәнеде қанның аз болуынан болады. Менің қолым жиі мұздап кетеді, мұны өзімде зеттеп сұрастыртым. Қан құрамы бұзылған, аз қимылдағанмен өзіне деген сенімсіздік жоқ болуынан пайда болады.
0 дауыс
Зоб...................................................
...