"Астана" деген ол,орысша "Столица"(Столица Казахстана Столица деген болмайды)сондықтан да Астананың аты өзгерілуі тиіс.Астананы салуды өзі бірінші болып қолына алды ма,идеясы өзінікі,архитекторларды жинап,оларға тпсырма берді,жобаларын өзі қарап,ішіндегі уздіктерін таңдап,мынаны салыңдар деп бұйрық беріп отырды ма,Астананың бас архитекторы аталды ма,ендеше Нұрсұлтан қаласы аталуы керек.Бұл сол кісінің бастамасы.Бұл бастама кез келгеннің қолынан келе бермейді.Бұл қаланы Нұрекең келешек ұрпақтарға арнап салды.Қазақтар архитектураны білмейді деген орыстардың аузына құм құйды.
Бұрынғы батыр,билеріміздің атын қоюға да болар еді,бірақ сол замандағы ата-бабаларымыз өздері бастап бүгінгі ұрпақтары үшін осындай қалалар салуы керек еді.Тарихты оқып отырсақ Ата-бабаларымыз жарты әлемді билеген,бәрін жаулап,бағындырып,олардан алым салық алып тұрған өте бай бола тұра,тастан қала салмапты,Мысалы:Италиядағы Рим,Кализей және европадағыдай қалаларды салмапты.Ресейдің өзінде Санкт-Петербург қаласы керемет салынған,ол қазіргі орыстардың беделін аспанға көтеріп тұр.
Қазақ тарихында бірінші болып тастан қала салған Нұрекең болып тұр,сондықтан Астаның атын Нұрсұлтан деп қойған барлық жағынан орынды болар еді.
Ал ежелгі қалаларды айтсақ оларды қазақтар салмаған,ол кезде қазақ мемлекеті емес,әр тайпа өз руларымен аталған.Мысалы:Үйсіндер,Қаңылылар,Қыпшақтар.Керейлер,Наймандар деп аталған.
Дұрыс емес па достар, Астананы Қазақстан Республикасының алғашқы президенті өзі салды,өзінің атын берген дұрыс,мен қолдаймын.Егер қарсы болсаңдар сендер де өздерің қала салыңдар да аттарыңды қойып алыңдар.