+1 дауыс
2.8k көрілді
Атам бiзге баяғы кездегi естелiктерiн айтып отырады үнемi. Бiр құсты айтады, көршiмiзде болып едi . Киiк , туйе т.б жануарлардың белiн сындырып құлатушы едi сол деп. Аты бидайық. Ол қандай құс естiген, көргендер бар ма?(суретi болса)
Сұрақтың жабылу себебі: Осы жауаптарда жетерлік :)

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Бидайық  деген жыртқыш құстар тобына жатады. Сұңқар,лашын тектес құс, онша үлкен емес. Киік,түйе сияқты ірі жануарлардың омыртқасын үзуге шамасы келе қоймас деп ойлаймын, ол тұрмақ қоянға да шамасы келуі кәдік-ау. Қосаяқ,суыр сияқты тышқандарды аулап тамақ етеді. Қазақстанның біраз аймақтарында кездесетін шығар деп ойлаймын, Жамбыл обылысында бары анық,талай көргенмін.

Сонда менiң атам өтiрiк айта ма?
:)) Может преувеличивает атаңыз))
Көркемжан, мен сіздің атаңыздың не айтқанын білмеймін,өзімнің білетінімді, өзім көріп жүрген бидайық деген құс жайлы ғана жазып отырмын.
Жауабыңызға рахмет Jako аға! Атам асыра сiлтеп отырған жоқ Димаш. Өтiрiк айтпаса керек ,5 уақыт намазын тастамайтын адам ғой . Бiр құсқа бола ұрыспай ақ қояиық. Мумкiн бiлетiндер табылып атамның сөзiн растап қалар. Кутем мен.
Көркемжан, менің жауабымды атаңа оқып берші, пікірін білгім келеді, мүмкін мен білмейтін нәрселер айтар. Олай болса ерінбей жаз,жарай ма?
Жұдырықтай көкшiл құс дейдi Jako аға! Атамның көршiсiнiң буркiтi болған екен.  Сол буркiтпен аңға салуға шығарыпты бiр күнi,  сонда ұшып бара жатқан  буркiт кенеттен жерге оңбай құлапты. Жугiрiп келiп қараса  қараса екi қанаты да қырқылып қалған екен. Аспанда кiшкене бiр құс ұшып жур дейдi. Кейiн соны аңдып ұзақ уакыттан соң(1-2ай) балапанын асырап алыпты. Сонымен аңға шыға бастапты, балапан улкейген соң. Киiк т.б аңдардың белiн сындырып, құстардың қанатын қиып тусiретiн құс сол бидайық екен.  Адам да , мал да бара алмайтын жерге ұя салады дейдi. Мiне осы айтқаны.
Атаңыздың айтқандары келіп тұр,бидайық ұясын қия жартастарға салады,әрі таптырмайды. Сондықтан балапандарын табу өте қиын. Ал жаңағы атаң айтқан қасиеттерінен бейхабар екенмін, бірақ құстың сұлбасына қарап киік омыртқасын үзіп жібереді дегенгше сену қиын.
+2 дауыс
Бидайық[2] (лат. Falco pelegrinoides) — сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кездеседі. Таулы-тасты жерлерді, жарлар мен құздарды мекен етеді.
Шәулісінің (қоразының) қанатының ұзындығы 27 — 30 см, салмағы 330 — 350 г, ұябасары шәулісіне қарағанда ірілеу. Арқасы көлденең жолақты сұр, ал бауыры күрең, қызғылт күрең түсті келеді. Төсінде дөңгелек дақтары бар. Бидайықтың лашыннан ерекшелігі: төбесі жирен, көзінің астында ұзынша келген қос қара “мұртшасының” шеті күрең түсті болады. Ұясын биік, тік жартастарға салады, басқа құстардың ұяларын да пайдалана береді. Бидайық оңтүстікте — отырықшы, ал шығыста — жыл құсы. Олар бір рет жұптасып, наурыздың ортасында шәулісі мен ұябасары 1 — 4 жұмыртқаны 30 — 33 күндей кезектесіп басады. Балапандары 1,5 айда ұядан ұшады. Құстарды (бозторғай, кептер, бұлдырық, кекілік, кейде жарқанатты) қорек етеді. Жемтігін ұшып жүріп ұстайды. Тіршілігі әлі толық зерттелмеген.
Бидайық Ақсу-Жабағылы, Алматы қорықтарында қорғалады. Алматы хайуанатттар паркінде бидайықтың 2 жұбы тіршілік етеді. Бидайық сирек кездесетін құс болғандықтан, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996). [3]

http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B_(%D2%9B%D2%B1%D1%81)
0 дауыс
Бидайық деген  құс емес, шөп емес пе,,,,,
...