+2 дауыс
5.0k көрілді
Жылда күн суыта бастағаннан соғым басталады. Бiр жылқы баптап ,жеке сойып алып қысымен азық етiп шығатын үйлер де бар. Жiлiкке бөлiп таратып сататындар да бар. Сол соғым қазiр неге жоқ? Неге күн суықта көбейiп кетедi? Соғымға арналған жылқыны қалай семiртедi?
Барлық жауаптар керемет. Рахмет айтамын. Бiлмегендi бiлiп алдық. Жылан жегiзетiнiн де ендi есiтiп отырмын. Негiзi жануарды олай қинау улкен күнә. Ит жесе не болатынын да ендi оқып жаға ұстап отырмын. Рахмет. Jako аға 2рет жауап жазып жiберiптi жж баспасам ұят болар дедiм.

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақсы сұрақ екен,бірақ қазіргі уақытта бұл сұрақ мәнін жоя бастаған сияқты. Қазір соғымды жыл он екі ай соя береді,ал біз жей береміз. Бұрынғы кезде қазіргідей ет ала салатын дүкендер, етті тоңазытып сақтайтын тоңазытқыштар болмаған. Жалпы халықтың айналысатын кәсібі мал шаруашылығы болғаннан соң, қыста қолдары бостау болған. Әрі қараша айы малдың қоң жиып,семіретін уақыты. Ол кездерде қазіргідей малды жемдеп,нан беріп семіртпеген. Жаз бойы жайлау ауыстырып жайған мал күзге қарай онсызда балықтай болып семіретін болған. Соғымға негізінен жылқы малы таңдалған, жақсы семірген жылқылар табан қазы береді. Жылқы малының еті дәрі,майы анау-мынау суықта тоңбайтындықтан онымен қоректенген адамдар да суыққа төзімді келген. Қазір жылы тамда,газ гүрілдеп жанып тұрған соң бұның бәрінің мәні кете бастады. Ал енді соғым байлауға келсек, ол өзінше бір ғылым. Алдымен қазақтар мал қадірін білгендіктен соғымға кез-келген жылқыны соя бермеген. Аяқтан қалып табынға ілесе алмайды-ау деген, болмаса жасы келіп қалған, т.с.с.жылқылардан таңдағанда оларға бөлек күтім жасап отырған, бұл бір жағынан санитарлық қызмет атқарған. Қазіргі уақытта соғым болар малды жоңырышқамен,жүгерімен, қызылшамен жемдейді. Жылқы малы 40 күн байлағанда бабына толысады,соғымға дайын болады.
+2 дауыс
Мал бағып көрмеген сон қалай семіртетінін білмедім, күн суықта соятын себебі шыбын-шіркей болмайды, бактериялар аз болатыннан шығар, обчно иттін етін житіндер де жылы күні жемейді, қатты суық күндері ғана жейді екен)) Қараша күздің соңғы айы, оның алдында "Қазан" бар, қазан деген "таусылды" деген мағынада да қолданады кейбір жерже, "жиған тергендерім қазан болды" деген сияқты, қазанда азың түлік таусылған сон қарашада соғым сиятын шығар логично қарасақ)))
Иттің етін қыста жейтін себебі қыста майкмен жүрсенде мұздамайсың...Ал жазда жесең терлете береді тершіл болып қаның ішіледі...25c градуста моншада жургендей терлейсің...Ондай терлеу жазда ешкімге керек жоқ сондықтан оны жазда жемейді.Иттің еті туберкулезға ем бір көршім қыста жейтін...
Сұрақтан ауытқып кеттік ғой) Иттін етін жесе 1 ай бойы жағымсыз иіс шығып тұрады диди ғо, мен просто дәмін көрдім, конкретно жегем жоқ)) қатты болады екен, шашлык жасаған жолдас балдар)) ОЛар қыста микроб аз болады қатты аяздан, ал жазда ауру көп болады деген.
бір шетінен олда бар бірақ жазда ешкім жемейді
+3 дауыс
Соғымды қарашада сойатын себебі мал семіз  және мал арзан болады.Сатса ұтылып қалатынын біліп, бір жағынан қыстың қамын жасап сойып алады.Зато соғымның етін көктемге дейін жеп жатасыңғо...Қазір көбі  соғымға сиыр сойадығой...Жылқыны семірту үшін жылан жегізу керек содан кейін борласан семіргенің көкесі сонда болады....Жыланды берсен жей салмайды оны мурнынан тыгып жіберіп  мұрнының бір тесігін және аузын жауып тұншықтырасын сосын жылқы  ауа жетпей қатты демалып жібергенде жыланды сорып жібереді да,жылан көмейге түсіп кетеді,көмейден асқазанға барып қорытылады сосын жылқыны борлайын.Күзге дейін борласан Ат емес доп боладығой былай айтқанда...
Не далбаса екенін түсінбедім, сонда біздің ата-бабаларымыз соғым жейміз деп жылан теріп кеткен бе?
Вааааа алғаш білуім... Малды қинап семіртеді дишиш)) Тұншығып жатқанын елестетіп кеттім..Малға нанды көп берсе семіреді деуші еді, жылан жұтқызып....
еее ол сататын малдарды суйтип семіртесің.Ал нанға келсек жылқы жемейди.Сен жылқыны қоймен шатастыр ма? Мүмкін құлын кезінен үйретпесен жейтін шыгар.Ангіме жылқы жайлы болып турғой.Ал жылқыға нан берсен жемейді.Семірту үшін жем бересің сол жылан жұтқызасыңғой...Одан басқа вариянттарын білмедім
+2 дауыс
Соғым сою тәртібі Қысқа ет дайындау кезінде сойылған мал-соғым. Соғымға сойылатын малдар: жылқы, түйе, сиыр. Соғымға сойылатын мал ерте күтімге алынып, жемге байланады. Ол әбден семіргенше, қазақтар қызылсырап қалмауы үшін күн суыта күздік сойып алып, соның етін жей тұрады. Күздік малы: тана, торпақ, тай, құлын, кәрі-құртаң. Сол себепті қараша айы туғанында қазақтар: «Қараша – қауыс, кәрі-құртаңды тауыс», - деп мәтелдеген. Өйтпегенде ше, кәрі-құртаң мал қыстың ақырған аязы мен бұрқасын боранын көтере алмай, текке арам өліп қалады. Содан ол жазбойы жинаған азын-аулық қоңын жоғалтпай тұрғанында оны күздікке сойып алған дұрыс. Егерде мүмкіндік болса, соғымға жылқы сойған жақсы. Соғымға арналып, жемге байланған жылқыны суық толық түсіп, қар бекіп, қыс күшіне енген желтоқсанның аяғында, қаңтардың басында сояды. Әйтпесе, жылы ауа-райында шошалада сақталған жылқы еті тез бұзылып кетеді. Қазір қаладағы қазақтар соғым етін мұздатқыш, тоңазытқышта сақтайды. Ал, аязға сорғызып, мұз қылып қатырмай, күтіп ұсталған соғым еті дәмді болады. Жылқы еті шамалы суыққа қатпайды, семіз болса, тіпті тез қызып, бозданып, дәмінің бұзылып, қоректік құнарлығын жоғалтып алатыны белгілі. Соғым соятын отбасында орындалатын шарттар: 1. Малды соғымға соятын күн, оның сағаты алдын-ала белгіленеді. 2. Малды жығып, аяқ-қолын байлайтын, бауыздап, терісін ірейтін, етін мүшелейтін, қарын, ішегін тазалайтын адамдар шақырылады. Оған негізінен, жақын туған-туыс, мал сойып жүрген қасапшылар келеді. 3. Соғым союға қажетті жабдықтар дайындалады. Олар: жылқының басын тартатын, аяғын байлайтын мықты арқан, жіп, өткір де қарулы пышақ, шарық қайрақ (жай қайрақ жарамайды), балта, омыртқа қайыратын кіндік темір, жаңғырық (бауыздау алқымға және қабырғаға салу үшін), мал сойғанда астына төсейтін қамыс немесе сабан, ілеген (шылапшын), су құятын ыдыс (бұл күні су көп қажет болады).
+2 дауыс
Соғымды жылына 2 рет соятындар да бар,қарашада,және ақпан айына жақын.Күзде,күн салқындағанда соятын себебі мынау ғой,мысалы жаздың кезінде адам ағзасы жеміс-жидектерді көп теп жейді,ондай қарыны ашпайды.Ал күн салқында бір түрлі ет,ыссы тамақтарды көп жейсіңғой жаздан гөрі.Малды мұрнынан жылан тығып семіртеді дегенді естімеппін.Былай семіртеді,қараңғы,ауа кірмейтін қораға байлап қояды да,алдына жем-шөпті мол қояды,суды да апарып береді,жалпы айтқанда соғым малын далаға шығармайды
Малды борлау дейдіғой оны барі біледі.Жылқыны ғана емес тоқтыларды да солай борлайдығо...
Білмейтіндер де бар
...