Құрметті, белгісіз, несиені қай банктен алған тиімді екендігін өзіңіз анықтағаныңыз жөн. Банктің қолайлы, қолайлы еместігі әр адамның жеке жағдайына қарай анықталады. Мысалы біреуге А банкімен жұмыс істеген тиімді. Өйткені ол жерде оның ақпарат беретін танысы бар. Біреуге Б банкі тиімді. Өйткені банк бөлімшесі үйінің жанында орналасқан. Солай кете береді. Сіздің жағдайда былай істеуге болады. Рейтингі жоғары ең үздік 10 банкті алыңыз. Қазақстандағы банктердің тізімін мына жерден таба аласыз: http://www.afn.kz/?docid=461&switch=kazakh
Банктердің сайттарына кіріңіз. Жеке тұлғаларға-несие деген бөлімі болады. Сол жерге кіресіз. Несиенің қандай түрлері барын қарайсыз. Сол жерде пайыздары туралы ақпарат болуы керек. Ақпарат болмаса немесе түсінбесеңіз, банктердің сайттарында клиенттер үшін телефон нөмірлері бар. Көпшілігіне қоңырау шалу тегін. Сол нөмірлерге қоңырау шаласыз. Асықпай, уақыт кетті демей барлық сұрақтарыңызды қоясыз. Бірақ алдымен несие не мақсатқа керек, анықтап алыңыз. Егер тауар алғыңыз келсе, дұрысы тауарлық несиені дүкендерден рәсімдеу. Қолма-қол ақша керек болса, онда қанша көлемде, қанша айға керек? Осыларды менеджерге түсіндіру керексіз. Егер телефонмен түсінбесеңіз, банктердің бөлімшелеріне барып, менеджерден кеңес алу керек. Алған ақпаратыңызды түгел жазып алып отырыңыз. Сосын үйде отырып салыстырып, өзіңізге қажеттінесиені таңдайсыз.
Қаржы_мәдениеті
пікір