+1 дауыс
1.9k көрілді
Биыл ораза айы қашан басталады?Оразаны қалай ұстайды,оның шарттары қандай?

3 күндік ұстауға болады дегенді естіп едім,бұл қалай сонда?Оразаны қаны аз адам ұстауға болама? Менің қаным аз,кейде көз алдым қараутып кетеді.

3 жауап

+1 дауыс
Ораза шілденің 9 нан басталады.Түкірік жұтуға рұқсат бар су ішуге болмайды ауыз ашарда тамақты жеңіл тамақпен ашады.Оразаны асқазаны ауырмайтын адам ұстау қажет
0 дауыс
Ораза ағзаның ауруларына ем! Егерде Алла Тағала адамның жанын ораза ұстап жүрген кезінде алса ол адамға жұмақ есігі айқара ашық болады деген
0 дауыс

Биыл 2018 жылы Рамазан айы 15 мамырдан 16-сына қараған түннен басталады.

Рамазан айы мұсылман емес адамдардың көпшілігін былай қойғанда, барлық мұсылмандардың сана сезімінде ең әуелі оразамен - күндіз бойы ішіп жемнен тыйылумен ұштасады. 

Сізге осы Рамазанда ораза ұстай алмайтындай жағдай туындап тұрған болуы мүмкін. Ендеше, бұл айдың игіліктері мен сыйынан құр қалмас үшін оны қалай өткізу керек? Ары қарай осыған қатысты бірсыпыра ақыл-кеңестер келтіріледі:
 
Біріншіден, белгілі бір орынды себеппен ораза тұтпаған күннің өзінде ораза ұстағандардың көзінше ішіп-жемеуге тырысыңыз, бұл мәкрүх болып саналады.
 
Рамазанда ізгі амалдарға берілетін сауап еселенеді, сондықтан, игі іс жасауға асығыңыз. Айналаңыздағыларға ілтипатты болыңыз – қарт кісінің сөмкесін көтеруге немесе кіреберістің есігін ашуға көмектесіңіз, егде жастағыларға орын беріңіз, көршілеріңізді немесе туыстарыңызды зиярат етіңіз, мешітте мұқтаж жандарға ауызашар жасауға қол ұшын беріңіз, науқастың көңілін сұрауға барыңыз, қасыңызда жүрген адамдардың арасында жәрдемге мұқтаж ешкім жоқ па, ...

Ораза ұстаған жанды тамақтандырыңыз. Өзіңіз ораза ұстай алмасаңыз, достарыңыз бен туыстарыңызға немесе таныстарыңызға арнап ауызашар жасаңыз. Олардың арасында көмекке зәру жандар болуы ғажап емес. Осылайша, сіз игі амал тындырасыз – кедейге жәрдем бересіз әрі ораза ұстаған адамның аузын аштырасыз (әрі егер фидия садақасын төлеу сіз үшін міндетті болса, осы арқылы парызыңызды орындайсыз).

Күні бойы ораза ұстап, кешкісін ауыз ашу қуанышын сезінуге мүмкіндігіңіз болмаса, сіз жасаған ауызашарда ауыз ашатын адамдарды тамақтандыру арқылы қуанышқа кенелесіз.
 
Егер туыстарыңыздың, көршілеріңіздің не болмаса достарыңыздың арасында дінді ұстанбайтындар (я болмаса мүлде мұсылман емес адамдар) болса, дәл осы айда оларға Исламның көркемдігін көрсетуге барыңызды салсаңыз болады. Оларды ауызашарға шақырыңыз, Рамазан айының мәні жайында баяндап беріңіз, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен өзге де салиқалы жандардың өмірлерінен хикаялар айтып беріңіз. Исламға асқан сақтықпен, пікіріңізді таңбай, жазғырып-айыптамай, дөрекілік танытпай, өз амалдарыңызбен мұсылманның көркем мінезін көрсетіп шақыру керек.

Мәліметтер azan.kz сайтынан алынды.

...