+1 дауыс
9.0k көрілді
Жүгерi шыға бастады мiне. Жүгерi собығы неге пайдалы? Қандай витаминдер бар собықта? Жугерi шашағын неге пайдаланса болады? Денсаулыққа пайдалы жақтары туралы көбiрек мәлiметтер бере кетсеңiздер.
Сұрақтың жабылу себебі: Жауабы табылды.
Барлық жауаптар ушiн рахмет

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көп ұзамай сауда нүктелерінде жүгері собығы сатыла бастайды. Дәмді тағам ғана емес, оның бірталай ауруларға ем екені халық медицинасында ежелден белгілі. Жүгері дәнінде адам ағзасына қажетті минералды заттар: калий тұзы, кальций, магний, темір, фосфор бар. Сондай-ақ жүгері белогының құрамында лизин және типтофан атты таптырмайтын аминқышқылдар кездеседі.

Жүгері ағзаны токсиндерден, радионуклидтерден, клеткаларда жиналып қалған шлактардан тазалайды. Ал собығы жүрек ауруларынан, рактан және қартаюдан сақтайды. Өсіп келе жатқан балаларға жүгеріні көп жегізу керек. Себебі ол салмақ қосуға және витаминдер мен микроэлементтермен қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Жүгері В1, В2, PP витаминдеріне және мыс, никель сияқты микроэлементтерге бай. Аллергия, қант диабеті, семіздік және басқа да зат алмасу процестері бұзылған адамдарға, асқазан жолдары ауыратындарға жүгері жеген аса пайдалы. Жүгері дәнінде ғана кездесетін майлардың құрамында 80 пайыз қанықпаған қышқыл ерітінділері бар, ал олар ағзадағы холестеринді реттейді. Сондай-ақ жүгері құрамында көміртегі көп кезде­седі. Ал көміртегінің қан құрамындағы қантты реттейтіні ежелден белгілі.

Орталық жүйке жүйесі ауыратын адамдар мен полиомелит және эпилепсия мазалайтындарға жүгері жақсы көмектеседі. Жүгерінің бұлшықетке де тигізер пайдасы мол. Сондықтан бұлшықет дистрофиясы кезінде көбірек пайдалануға болады.

Бауыры ауырған адамдар жүгері шашағын қайнаған суға шай секілді демдеп ішсе, ауруынан айығады. Емдеу мерзімі жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Ал жасаған еміңіз нәтижелі болу үшін жүгерінің піскен болуы шарт. Піспеген жүгерінің шашағының емдік әсері болмайды.

Міне, жүгері собығының денсаулыққа осындай пайдалы жақтары бар.

ақпараттар  http://zamana.kz/gazetter/4077-jugeri.html?format=html&Itemid=77&option=com_content&id=4077:jugeri&view=article&layout=default&month=7&year=2011
+2 дауыс

Жүгері собығы жүрек ауруларынан, рактан және қартаюдан сақтайды.

Мамандардың айтуынша, бауыр ауырса, жүгері шашағын немесе талшығын пайдалану керек. Ол түйір дәріден әлдеқайда пайдалы. Бұл үшін алдымен жүгері сабағын қабы­ғынан және жапырақтарынан айырып алыңыз. Содан кейін шашақтарды қай­на­ған суға демдеп, шай тәрізді ішіңіз. Емдеу мерзімі науқастың жағдайына қарай кейде жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Ал еміңіз ойдағыдай әсер ету үшін жүгері собығы пісіп-жетілген болуын қадағалаңыз. Өйткені, піспеген жүгерінің емдік қасиеті болмайды.

Ақпарат.

+2 дауыс
Көркем қыз! Жүгерінің собығын қайтесің, дәнін жеген дұрыс қой )) Консервленген тәтті дәндер де өте пайдалы тағам. Шашағының өт айдайтын қасиеті бар.
...