+1 дауыс
2.5k көрілді
Жүннен тоқылған киiмдердi айтам. Жуғаннан соң созылып кетпеу үшiн не iстеу керек? Сосын кейбiр киiмдер жуғанда бояуы шығып кетедi, түсi оңып кетпес үшiн не iстеу керек?

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Мына жердеде біршама ақпараттар. 

Киімнің жылтырауын жою
Жүн немесе жартылай жүн киімдерде матаның үйкелісі әсерінен жылтырау пайда болуы мүмкін. Оны ылғал шыт мата арқылы үтікпен булап, мата суығанша қатты шөткемен ысқылап кетіруге болады.
Жылтыраған жерді сонымен қатар бензинге батырылған шүберекпен, артынан мүсәтір спитінің судағы ерітіндісімен (5:1) сүртіп, ылғал қалың матамен үтіктеуге де болады.
Бензинмен сүрткенде мата қатты түктеніп кетсе, өте ұсақ құрғақ ас тұзымен шүберекпен немесе губкамен ысқылап жіберіңіз.
Бас киімді күту
Фетр қалпақтар жұмсақ шөткемен түгінің бағытымен тазаланады.
Фетр қалпақтарындағы дақтар бірдей өлшемде алынған мүсәтір мен спирт ерітіндісімен жақсы тазаланады. Қалпақтың қатты ылғалдануына жол бермеңіз, пішінін бұзып алуыңыз мүмкін. Одан кейін құрғақ орамалмен сүртіп, шөткемен тарап, кептіруге қойыңыз.
Жаңа түскен май дағын қара нан қабығымен ктіруге болады. Ал кетпесе, бензин немесе дақ кетіргіш ерітіндіні қолдануға тура келеді.
Фетр қалпағының түктеліп кеткен жерін ұсақ зімпара қағазбер абайлап ысқылауға болады. Екінші әдісі - ұсақ тұз сеуіп, қатты шөткемен ысқылаған.
Тері баскиімдерді тазалауда да бензинді қолдануға болады.
Былғары баскиімдерді екіге жарып кесілген пиязпен ысқылап тазалаңыз. Пияздың ластанған бетін жонып алып тастап отырыңыз.
Замш баскиімдерді ұсақ тұзбен тазалауға болады. Тек бұл әдісті жиі қолданып керегі жоқ.
Аяқ киім күтімі
Лакталған аяқ киімді жиі кимеңіз, әсіресе жаңбырлы күні киілген лакталған аяқ киім тез тозады. Жаңа лакталған аяқ киімді сүтке батырылған жұмсақ шүберекпен сүртіп, кейін пияз кесіндісімен ысқылап, тағы шүберекпен құрғатылады.
Қалың былғары аяқ киімді шаңынан тазартқан соң май жағып қоюға болады. Жұмсақ былғары аяқ киімді шаңынан тазартып, кептіріп, аяқ киім кремін жұқалап жағып қояды да, құрғағаннен кейін шүберекпен жылтырағанша ысқылайды.
Су аяқ киімді пешке жайып кептіруден аулақ болыңыз, былғарысы тез тозып, қатайып, жарылып кетеді. Аяқ киімді құрғақ жерде, ішіне газеттерді тығындап кептіріңіз.
Сөмкелер мен қолғаптар күтімі
Замш қолғапты тазалау үшін мынадай ерітінді дайындаңыз: жарты стакан майсыздандырылған сүтке жарты ас қасық ас содасын, осыншама 10 пайыздық мүсәтір спиртін қосып, араластырыңыз. Қолғапты қолыңызға киіп, дақтарын ерітіндіге батырылғанмақтамен сүртіңіз. Сонымен қатар мүсәтір спиртінің 1:4 қатынасындағы суға ерітіндісімен тазалауға болады. Одан кейін таза суға батырылған мақтамен сүртіп алыңыз.
Сөмкенің ішін босатып, астарын жиі тазалап тұрыңыз.
Былғары сөмкені жұқа аяқ киімді күту әдісімен тазалауға болады. Тек аяқ киім кремін аз жағыңыз. Соңынан барқұт шүберекпен май дағы көрінбейтіндей етіп ысқылаңыз. Сөмке қатты кірлеп кетсе, Сабын ерітіндісімен тазалап, кем жағылған шөткемен ысқылап, жылтырата сүрту керек.
Тері киімдерді күту
Тері тоныңызды ұзақ пайдалану үшін сөмкеңізді иығыңызға асып іліп жүрмеңіз. Жаңбыр немесе қардан су болып қалса, сілкіп алыңыз да, пештен аулағырақ жерге иықілгішке іліп кептіруге қойыңыз. Тері кепкеннен кейін тағы да сілкілеп жіберіңіз, тек түктерін тарауға болмайды.
Тері тонды ізбес қабырғаға ілмеңіз, ізбес - терінің жауы.
Тон шаң болып кетсе, кілемқаққышпен ұрғылаңыз. Егер шаң көп болса, ылғал жаймаға түгін төмен қаратып жайып, кілемқаққышпен қағып алыңыз.
Ақ тонды тазалауда крахмалды қолданыңыз, жылтырату үшін сіркесуға батырылған шүберекпен сүртуге болады.
Жасанды теріден тігілген киімді кіржуғыш ұнтақпен салқын суда жууға болады. Жақсылап шайғаннан кейін жаймаға орап, аз уақыттан кейін жазып, иықілгішке іліп кептіреді. Ақ жасанды теріні нілдің көмегімен аздап көгертуге болады.
Тері түктерін абайлап тарауға да болады. Терідегі май дағын бензинмен немесе дақкетіргіш сұйықпен кетіруге болады. Сабын немесе кір жуатын ұнтақ ерітіндісі де дақты кетіре алады. Тек ылғал теріге тимеуін бақылау керек. Бензин дағы жылы сумен жылып, кептіруге ілінеді.
Тері киімді құрғақ жерде сақтау керек. Киім арасына қалташа ішіне тігілген камфара салып қойса, ылғалды өзіне жақсы жұтып отырады. Тек оны анда санда ауыстырып отыру керек. Немесе селикогель қолданған дұрыс. Оны пеште немесе табада қыздырып, ауыстырып отырады.
Тері киімдерді сандықта сақтамаған дұрыс, олар мақта-мата немесе қағаз пакеттердің ішінде ілініп тұруы керек. Сақтауға қойылатын шкафты алдын ала тазалап, ішін желдетіп алыңыз. Тері киім қалтасына күйеге қарсы нафталин салуды ұмытпаңыз, тек нафталинді киімге сеппеңіз. Жасанды тондға күйе түспейді.

Ақпарат.

...