0 дауыс
2.0k көрілді
Елорданың осыдан 15 жыл бұрын Алматыдан Ақмолаға ауысуы қалай болды? Президент жарлығымен сарырқада қала салынғанын барлығымыз да білеміз. Және оны Еліміздің Астанасы қылды. Бұл тек бер жағы. Осы мәселеге тереңірек үңілсек...

1 жауап

+1 дауыс

Астана неден басталды...
      Есіл өзенінің сол жағалауында мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген Қыпшақ сұлтанының әскери ставкасының Қазақстанның жаңа елордасы Астана тарихында өзіндік орны бар. Боз-оқ қаласының үйіндісін ашып, оны зерттеу жұмыстарының арқасында қаланың тарихы ілгеріде жатқаны белгілі болды.
     Бұл өлкеде бұрыннан-ақ адамдар мекен еткен. Палеонтологтар, археологтар сар далада жортуылдаған көшпенділер қорғаны жайлы, сонау  оныншы ғасырлардағы Боз-Оқ секілді қалашықтың қайталанбас қолөнері мен мәдениеті жайлы археологиялық қазбаларды сөйлеткісі келеді.
     Бір кездері Қараөткел арқылы аққан Есілдің суы сарқырап жататын. Ұзақ жол жүріп келе жатқан керуен өзеннің жағасына тоқтап, тыныстап алатын еді. Ал кесененің күнмен шағылысқан ақ күмбезі  жолаушыларға ақ сапар тілеп тұрғандай.   Міне, осындай, ежелгі Сарыарқаның төсінде қала бой көтерді. Басында қала емес, жай ғана қорған сияқты болатын. Бұл төңірекке қоныстанған қазақтар жылдың қай мезгілі болса да Қараөткелдің тайыздау жерімен жылқы, түйе малын пайдаланып, жаз жайлауға ал қысқа қыстауға көшіп-қонып жүретін. Өзеннің осы тұстағы өзен арнасын жабатын қара түсті құмнан Қараөткел пайда болған. Ал одан Нұра өзеніне қарай он сегіз шақырым жерді Ақмола деп атап кетті. Ал күмбезі алыстан көз тартатын кесене Есілдің жағалауында тұр. Ол жерде бір кездері өзінің даналығы мен әділдігімен бүкіл сахара танымал болған Нияз би жерленген.  Оның әкесі Тілеулі батыр қазақ-жоңғар ұлт-азаттық соғыс тарихында өзіндік орны бар адам. Аты аңызға айналған қолбасшы, сардарлар Есет пен Жәнібектің үзеңгілесі болған ол Аңырақай, Қалмаққырған мен Қарақұмда 1710-1729 жылдары болған жоңғар соғысында  қыпшақтың 92 руының әскерін басқарған. Сонымен қатар, лайықты ұлды тәрбиелей білді. Кейінірек, Нияз би Абылай ханның беделді кеңесшілерінің бірі болды. Ал күмбезі киіз үйдің шаңырағына ұқсайтын, ақ кірпіштен тұрғызылған кесене осы өңірдің атына айналды.

Ақмола бекінісін құру туралы шешім
    1822 жылы Александр 1 Сібір қырғыздары туралы жарғы қабылдайды. Осылайша әкімшіл патшалық реформамен қазіргі Қазақстанның тарихы басталды. Ақмола аймағында көшіп-қонып жүрген орта жүз жаңадан құрылған Омбы облысы құрамына енгізіліп, әкімшілік аймақтарға,  болыс, ауылдарға бөлінді. 1829 жылы Орта жүздің билеушісі Семеке ханның шөбересі Қоңырқұлжаев Құдайменді орыс басшысына қарамағындағы ауылдарды қарақшылардың шабуылынан құтқарып, Қарпық және Қуандық болыстарын құру туралы өтініш жасайды. Одан өзге, «Түркістаннан шекаралас аймақтарға  шығатын» сауда керуендерін сақтау туралы  басқа сұлтандар мен патша шенеуніктері де өтініш жасаған. Көп ұзамай-ақ Ақмола бекінісін салу туралы шешім қабылданды. 1830 жылдың 28-мамырында құрылысқа Петропавлдан құрамында екі жүз адамы бар Ф.К.Шубиннің тобы шықты. Ол жазда Қоңырқұлжаев Құдайменді сұлтан ауылымен Қараөткел маңайында көшіп жүрген болатын. Ф.К.Шубиннің тобы осы төңірекке келіп, Нияз бидің кесенесінің айналасына бірінші болып шатыр тікті. Бір ғана зиратпен әйгілі болған жерге болашақ Ақмола бекінісі аймағының  әкімшілік орталығының тұрғызылатын орнын ақылдасу үшін, жергілікті рулардың ақсақалдары жиналды. Ақсақалдар Шубинге Есілдің екі жағалауының да тұрғындарына ыңғайлы болу үшін, Қараөткелде көпір салуды ұсынды.  Офицер айтылған кеңеске құлақ түріп, 1830 жылдың 18-маусымында ақсақалдардың қол қоюымен құжат жасалды. Бұл қазақ болыстарының аға сұлтандары мен ақсақалдарының берген тілхаты  сияқты болды. Атын өзгертіп жатпады, патша әкімшілігінің  бар қағазында Ақмола деп жазылып кетті. Тура осы күнді Қазақстанның болашақ астанасының туған күні деп есептесе де болады. Ол кездері бекіністе бар-жоғы 313 адам тұрып жатты.

Дала қорғанының құрылысы
    Қаланы тұрғызу құрылыс материалдарының жетіспеушілігімен біраз қиынға соқты. Оларды Петропавл мен Омбыдан жеткізді. Шубиннің тобы 1832 жылдың 22-тамызында орталық үшін аса қажетті объектілердің құрылысы біткеннен кейін, ресми түрде Ақмола приказы мен ішкі округ ашылды. Жиында ақындар айтысы, бәйге, күрес болды. Отыз бір рет от шашу атылды. Бас кезінде бұл жерде бірнеше балшықтан, ағаштан жасалған  үйлер салынды. Олар қорғаныс үшін пайдаланылды. Қазыналық ғимараттар мен кеңсе, лазарет пен асханадан тұратын бірінші қатар өзеннің жағалауына орналастырылды. Ал әскери тағайындаудағы ғимараттар, яғни, офицер үйлері, казармалар мен қару-жарақ қоймалары және тағы басқа құрылыстар екінші қатарда орналастырылды. Жекелеген казармалар көпестердің уақытша тұрағына айналды. 1835 жылы округте 71 262 адамнан тұратын он бес болыс пен тоғыз ағаш үйлі бір орыс поселкесі болды. 1840 жылы бес мұнаралы көп қырлы формалы қабысқан далалық қорған салынды. Оның төменгі жағы балшықтан, оқшашарға лайықтап жасалды. Бүгінде бұл қару Президенттің мәдени орталығында сақтаулы. Мұнараның жоғарғы жағы қарағай бөренелерінен тұрғызылды. Олардан атуға ыңғайлы тесіктер жасалды. Әскери-стратегиялық жағынан алып қарағанда қорған тамаша қорғалған болып саналатын. Оң жағынан Есіл ағып жатты, батысы мен солтүстігінде қамысты батпақ, ал шығысында - созылған сардала еді. Басынан бастап батыс жағына отставкадағы солдаттар, ұсақ саудагерлер, қолөнершілер орналасты. Олар «Слободка» елді-мекенін құрды.
     Уақыт өте қорғаныстың айналасына адамдар қоныстанды. Болашақ Ақмоланың аудандары құрыла бастады. Кеңес Одағына дейін ескі атаулар сақталып келді. «Қорған» қазіргі Желтоқсан мен Кеңесары көшелерінің орнында, ал «Орталық мұнара» Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионның орнында тұрды. Ол уақытта екі бөлмелі ағаш үйлер және де «Г» әрпіне ұқсайтын атақты «глаголи» үйлері тұрғызылатын. Бұл үйлердің терезелері құрғақ пленкамен қапталатын. Қала екі мектептен, яғни, казак және мешіт жанындағы мешіттен, екі ұстахана, екі нан дүкені, бір шарап ұрасы мен он бір дәмханадан басталды. Біртіндеп өсе бастаған қорған 1845 жылы Ақмола станицасына айналды. Станицаның жеке храмы болмады. Оның орнына қайтыс болғандарды ақтық сапарға шығарып салатын жорық шіркеуі ғана болды. 1854-1856 жылдары қорғанда Сібір казак әскері қазынасының есебінен татар А.Абдулманов пен А.Сәбитовтар жолдастарымен бірге Есіл өзенінің бойынан Константин Еленин шіркеуі салынды. 1876 жылы Ақмола қорғанын таратып жібергеннен кейін казактар шіркеуді станицаға көшіруді талап етті. Бұрынғы шіркеуді бұзып, қазіргі Константин Еленин кафедралды соборы тұрған жерге көшірілді. Оны 1900 жылдың 14 мамырында сала бастады. Кейінірек, 1891-1893 жылдары болашақ Президент резиденциясының орнында, Александр-Невский соборы көтерілді. Оның жобасын Тобылдан арнайы шақырылған инженер-технолог Павел Голышев жасады. Оны бірде-бір шегесіз тұрғызды. Ішкі қабырғалары мен төбесін 1941 жылы мәскеулік суретші, В.М.Васнецовтың шәкірті М.И.Тимофеев салды. Собор көптеген тұрғындар, көпес, жергілікті әкімшіліктің берген садақасынан тұрғызылды. Оның сыртқы және ішкі жинақылығы, сапалылығы мен байлығымен ерекшеленді. Шіркеуді ХХ ғасырдың бас кезінде бұзды. Президент мәдени орталығында дінбасы Виктор Плотниковтың портреті сақталған. Ол рухани қызметпен айналысып қана қоймай, сонымен қатар, Ақмола уезі мен қаласының 1891-1916 жылдар аралығындағы  шежіресін де жазған. Және де Жаңа туылған нәрестелер туралы мәліметтерді де толтырған. Тауарларын алып өтетін  мұсылман көпестердің де жан азығы туралы ойланатын кез келді. Енді  бұл төңіректе ағаштан жасалған мешіттер пайда бола бастады. Керуен келген кезде мешіттерде жиындар өткізіліп, ал жай күндері мен мейрамдарда жақын орналасқан ауылдардан қазақтар бас қосатын. Кейіннен, 1865 жылғы ведомоствоға сәйкес, Ақмола мешітінің жанынан мектеп жұмысын бастады. Мектепте әр түрлі уақыттарда сегіз балаға дейін дәріс алатын. Бұл – он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысы үшін жаман көрсеткіш болмайтын. Балалар Құран үйреніп, сауаттарын аша бастады. Мешіт Ақмола көшпенділері үшін р

...