Қарлығаш ұя салған үйге береке кіреді деген әңгіме бар. Ілгеріде Жоңғар шапқыншылығы кезінде ауылға жау шауып бүкіл ел үдере қашады. Сол ауыда тұратын бабамыз Төле би ғана көшпей отырып қалады. Шапқыншылықпен келген жоңғар қолбасшысы, бәрі қашқанда бұл неге көшпей қалған ,жөнін біліп келіңдер деп әскерлерін жұмсапты. Сонда Бабамыз: "Үйімді бұзсам босағадағы қарлығаш ұясы қоса бұзылатын болғандықтан орнымнан қозғалмадым"-деген екен. Сонда жоңғар қолбасшысы " Бұл әулие адам екен,мазаламаңдар"-деп бұйырыпты деген сөз бар. Осы жағдайдан кейін Төле бабамызға екінші бір "Қарлығаш би"- деген ат беріліпті дейді әңгімелерде. Осының бәрі қарлығашта бір қасиет болмаса босқа айтылмаса керек.
Үйлеріңде бақыт пен ырыс орнайды!!Яғни бір сөзбен бақытты болсыздар!!Ол ұяны бұзып тастап жүрмеңдер!!
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы