Қаладағы халық саны 2012 жылдың 1 қыркүйегінде статистика деректер бойынша 269,1 мың адамды құрады. 2011 жылғы 1 қыркүйегінде көрсеткішпен салыстырғанда 2,9% арттық, бұған туғандар санының артуы және халық өлімінің төмендеуі ықпал етті.
2012 жылғы қыркүйекте халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 126983 теңгені құрады, 2011 жылғы қыркүйекке қарағанда 14,1% жоғары, нақты ақшалай табыс 8,5% өсіп отыр.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген, орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 2012 жылғы қыркүйектегі шамасын өткен аймен салыстырғанда 0,3%, 2011 жылғы желтоқсанмен – 15,5%-ға өсті.
2012 жылғы қыркүйекте жалдамалы қызметкерлер саны 118019 адамды құрады, оның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 109000 адам, бұл өткен аймен салыстырғанда 434 адамға көп.
2012 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 213362 теңгені, ірі және орта кәсіпорындарда 221194 теңгені құрады.
Өткен айда бағаның жоғарылауы жаңа жиналған көкөністерге 2,8%, ұнға – 2,7%, жаңа жиналған жемістерге -2%, күрішке – 1,7%, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне -1,6%, макарон өнімдеріне – 0,6%, балық және теңіз өнімдеріне – 0,4%, тоқаш және кондитерлік өнімдерге – 0,2%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жармаларға 1,3%-ға тіркелді.
Баға кеңсе тауарлары және сызба құралдарына 1,6%, фармацевтикалық өнімдерге - 0,6%, тұрмыстық тоқыма бұйымдарға - 0,5%, киім және аяқ киімге 0,3%-ға өсті.
Баға деңгейі білім беру қызметтеріне 7,6%, шаштараздар және жеке қызмет көрсету орындары – 1,5%, денсаулық сақтау – 1,1%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 0,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет – 0,8-ға өсті. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметтері - 2,8%-ға арзандады.
2012 жылғы қыркүйекті тамызбен салыстырғанда бағаның жоғарылауы сыраға 20,2%, сұйытылған пропан және бутанға – 16,7%, шикі мұнайға – 6%. Төмендеуі аяқ киімге 13,5%, бензинсіздірілген газға - 0,6% белгіленді.
2012 жылғы қыркүйек айын өткен аймен салыстырғанда баға картопқа 5,4%, көкініске – 5,3%, мал және құсқа - 1,1%, сүтке – 0,5%-ға өсті.
Ағымдағы жылғы қыркүйекте баға линолеумге 1,9%, цементтен жасалған тақтайшалар, тақталар, кірпіштерге – 1,2%, қиыршықтас, ұсақтас, шақпақтасқа – 0,9%, ағаш материалдарына 0,2%-ға өсті.
Сырлар, лактар және табиғи құмға 0,5%-дан, мұнай және тақтатас битумдарға - 0,2%, портландцементке - 0,1%-ға арзандады.
2012 жылғы қыркүйек айын өткен аймен салыстырғанда көтерме саудада сату бағасының жоғарылауы темекіге 7,6%, өсімдік майына - 5,6%, құмшекерге – 0,4%-ға белгіленді.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестиция-лардың көлемі 508,4 млрд. теңгені құрады. Инвестициялардың басым көздері шетелдік шаруашылық субъектілерінің қаражаттары (73,6%) болып отыр.
2012 жылғы қыркүйекті 2012 жылғы тамыз айымен салыстырғанда инвестициялардың көлемі 11,9%-ға артты.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекке бөлшек сауда тауар айналымы 66646,5 млн. теңгені құрады және 2011 жылғы тиісті кезеңге 10% артты.
2012 жылғы 1 қарашаға бөлшек саудадағы саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарлық қорларының көлемі 4834,3 млн. теңге құрады, саудадағы күндері – 30 күн.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өнімі 97,2 млрд. теңгеге, соның ішінде кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларында – тиісінше 35,9 млрд. теңге және 40,9 млрд. теңгеге өндірілді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) нақты көлем индексі 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте 100% құрады.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 164,5 млрд. теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2012 жылғы қыркүйекте тамыз айымен салыстырғанда 21,4% құрады.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үй құрылысына 16,9 млрд. теңге жұмсалынды, оның ішінде халық қаражаты есебінен – 7,5 млрд. теңге.
Тұрғын үйлерді пайдалануға берілгені, жалпы ауданының 221076 шаршы метр.
2012 жылғы қыркүйекте өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда жүк айналымының жоғарылауы (2,2%) автомобиль көлігіндегі жүк ағымының көбеюіне байланысты болып отыр.
2012 жылғы қаңтар- қыркүйекте байланыс қызметтерінен түскен табыс 5479,7 млн.теңге құрады немесе 112,6%, өсуі Интернеттен түскен табыстардан болып отыр.
2012 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша барлық тіркелген заңды тұлғалар 7761, оның ішінде шетелдік – 420 және 371 бірлескен кәсіпорындар.
Қала бойынша жұмыс істейтіндер заңды тұлғалар саны 4639 бірлікті құрады, оның ішінде белсендісі – 2516 бірлік.
Толығырақ http://kaz.akimat-atyrau.kz/index.php/10-publikatsii/stranitsy/162-2010-10-18-10-35-51