+2 дауыс
620 көрілді
Достар Қазақстан барысы 2013 жарысындағы 1/2 финалдағы Шынкеев пен Ыстыбаевтың белдесуі әділ өтті деп ойлайсыздар ма? Бейбіт жеңіске жетті деп қолын көтергенімен төрешілер Шынкеевті таңдады. Қолды көтеріп жеңіс кімді екенін айтқаннан кейін жеңімпазды өзгерту спорт тарихында болмаған оқиға секілді. Төрешілер өз сөзінен таймауы керек.

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Әділ болған жоқ) Бүгін тікелей эфирде 6 сағат бойы жанұямызбен тамашаладық. Сонша күткенімізде ойымыздағыдай болмады. Біздің елімізден бөлек әлемнің 40 шақты мемлекеті тамашалап отырған үлкен масштабта өткізілген жобада өз көзіммен әділетсіздіктің куәсі болдым деп ойлаймын. Жүрегім шырылдап қоя берді. Жеңіп тұрған азаматты орнынан алып тастау дегенді әлі де түсіне алар емеспін. Белдесуге дайын тұрған барыстың бетін қайтарып тастады. Сонша кезеңді артта тастап, жеңіске ұмтылып келе жатқанда, соңғы сәтте жеңісті қолынан жұлып алғандай болды. Бейбіт ағамыздың қарсыласы Ержан Шынкеевтің де қылығын түсінбедім. Жігітке тән мінез бе сол? Жеңілгенді де мойындау бір ерлік емес пе?!

Мен үшін сол жартылай финалда жеңіске жеткен Бейбіт Ыстыбаев болып қала береді. Бұл әділетсіздік алдағы жылдары қайталанбайды деп ойлаймын. Әрине, бұл тек менің ойым. Мүмкін қателесіп жатқан да шығармын. Бірақ барлықтарыңыз куә болған шығарсыздар. Бейбіт жеңісті таза еңбегімен алды емес пе?!
+2 дауыс
Шынкеев өзінің бетпақтығымен жеңді.Төрешілердің шешіміне қарсы шығып,мінезін көрсеткені жігіттік емес қой.Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың өзі Шынкеевтің жеңгенін мойындай салды.Бұл сайыс әділ өтті дей алмаймын.Бірақ Бейбіт 2012 жылы таза жеңіспен алды жүлдені.
0 дауыс
Менің ойым әділ өтпеді.

Бейбіт Ыстыбаев пен Ержан Шынкеев екеуі тең болды. Қосымша уақыт бергенде , Бейбіт жеңіп кетерме еді.

Негізі Ержанның ойы емес , төрешілердің ойы жеңімпазды анықтау. Бейбітке обал жасады.
...