Былтыр 2012 жылы қанша грант бөлінді?

0 дауыс
364 қаралым
Былтыр 2012 жылы қанша грант бөлінді?
• Санаты: Университет, колледж

1 жауап

+1 дауыс
«2012-2013 жылға арналған оқу жылына жоғары білімді мамандар даярлауға берілген мемлекеттік білім беру грантының жалпы көлемі 34 315 орынды құрайды. Сондай-ақ, конкурстық негізде мемлекеттік білім беру тапсырмасы ораластырылатын жоғары оқу орындарының тізімі анықталды. Білім беру грантын орналастру құқығына 80 оқу орны ие болды», - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ағымдағы жылы білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысқан талапкерлер саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеу.

«Білім беру грантын тағайыдау конкурсына 67 985 талапкер қатысуда. Олардың 48 350-і қазақ тіліндегі оқу бөліміне, ал қалған 19 635-і орыс тіліндегі оқу бөліміне құжаттарын тапсырған. Өткен жылы 91 018 талапкер қатысып, оның 66 912-сі қазақ тіліндегі оқу бөліміне, ал 24 106 талапкер орыс тіліндегі оқу бөліміне құжат тапсырған болатын», -деді ол.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
3 жауап
127,804 сұрақ
322,402 жауап
153,153 пікір
72,838 қолданушы