Әскен (Әжі) ұлы Әбілқайыр хан (1693-1748) – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Аңырақай шайқасындағы қазақ қолының бас сардары, қазақ сұлтандарының кіші буыны - Үсектің ұрпағы. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден бұйырмаған.
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605) – орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, атақты биі. Тарихи шығармаларда оны «Қайырғали Жалаири» деп көрсетеді. Бұл – тарихи тұлғаның аты-жөнінің соңына оның қай мекеннен екені білдіру үшін туған жерін көрсететін бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша алынған.
Жангелдіұлы Ескелді (1692-1780) – қазақтың көрнекті биі, батыры. Туып өскен жері Жетісу алабы. Іле, Қаратал, Көксу өзендерінің бойы. Шыққан тегі – Ұлы жүз Жалайыр, оның ішінде Сиыршы атасынан өрбиді. Шежіре дерегі бойынша Сиыршының Бірманағынан – Байкөбен – Тоқымбет – Жанғабыл – Жылкелді – Ескелді болырп өрбіді.
Толығырақ мына жерде http://axi-referat.ucoz.kz/load/aza_khandary_bileri_batyrlary/29-7-2