+1 дауыс
1.1k көрілді
Бедеулiктiң себептерi неде?
Сәлем Айгерім. Сайтымызда қазақша әріптер көрінеді. Сондықтан қазақша әріптермен жазсаңыз риза болатын едік. Өңдеп отыру біз үшін ыңғайсыз.
бердеу ме жоқ әлде Бедеу ме?

1 жауап

0 дауыс
Бедеулік.Кейбір ерлер мен әйелдер бала сүю үшін қолдан келгендерінің бәрін істеп бақса да, нәтиже болмайды. Жүктілікбасталмай қояды. Мұндай жағдайда не еркектің, не әйелдің бедеулік зардабына ұрынғаны анық. Көбіне мұндайда оларға ештеңе де көмектеспейтіні сөзсіз, әйтсе декейбір себептерге байланысты жағдайдың оңғарылып кетуі де ғажап емес. Бедеуліктің себептері[ өңдеу] 1. Ұрықсыздық.Кейбір адамның организмі өмір бойы бала жасай алмайтындай боп қалыптасады, яғни мұндай жандар тумысынан ұрықсыз болып жаралады. 2.Әлсіздік немесе тамақтанудың жетімсіздігі.Кейбір әйелдерде қаны аздықтамақтың аздығы немесе организмде иод қоспасының жетімсіздігі оны жүкті боп бала көтеру мүмкіндігінен айырады. Осындай себептергебайланысты әйел өзінің жүкті боп қалғанын сезініп үлгергенше, түсік тастайды. Бала көтере алмай жүрген және түсік тастауға бейім әйелдер дұрыс тамақтанып, иодталған түзды күнделікті аста көбірек пайдаланғаны жөн, ал мүлдем қан аздық жағдайында ( анемия), темір қоспалы дәрілер ішу керек. Бұл оның екіқабат боп, дені сау бала көтеруіне қолайлы жағдай туғызады. 3. Созылмалы инфекция,бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеп соқтырады. Егер ауру асқынып кете қоймаған жағдайда, оны емдеп жазуға болады. Соз бен хламидияауруының алдын-алу және оны кешеуілдетпей емдеп, жазу әйелдің ұрықсыздығын болдырмаудың бірден-бір кепілі. 4.Ер адамдардыңкейбірде әйелдерді ұрықтандыра алмайтын жағдайлары да кездеседі, мұның себебі олардың организмінен жасалып, жинақталып шығатын шәуһеттің(сперматозоидтың) көлемі тиісті мөлшерден аз болады. Мұндай еркектер бірқатар уақыт бойына, әйелінің етеккір цикліндегі ұрықтануға қолайлы сәті түскенше, яғни жүкті болу мүмкіндігінің алғашқы және соңғы уақыты аралығындағы мезетке шейін жыныстық қатынас жасаудан өзін тежей тұруы қажет. ЕСКЕРТУ: Ерлер мен әйелдерге ұсынылатын гормондар мен басқа да дәрі-дәрмектердің ұрықтандыруға септігі жоқ, тіптікөмектеспейді, әсіресе ер адамдарға тигізер пайдасы аз. Пайдасы тимейтін ем-домдарға қаражатыңызды шығындамағаныңыз дұрыс. Бала көтеруден үміті үзілген әйелдің өзін-өзі бақытты етіп, еңсесін биік ұстап өмір сүруіне сөзсіз толық мүмкіндігі бар, *.Сіздің жетім балапар үйінен ұлне қыз бала асырап алуға мүмкіндігіңіз бар. Асырап, бауырына басқан сәбилерін өзінен туғандай аялап өсіретінталай ата-ана жұбын көруге болады. *.Сіз медицинасаласында қызмет істеп, адамдарға өзіңіздің қамқорлығыңыз бен адал бауырмалдығыңызды сыйлауыңызға да бо-лар еді. Өз балаңыз болғанда, соған арнайтын аналық сүйіспеншілігіңізді басқа сәбилерге бағыштаудан да, адамның бақыт табатыны — өмір шындығы емес пе! Сіздің бақытыңыз — өзіңізге де, басқаларға да арналатын үлы бақыт. *.Егер сіз ауылдық жердің тұрғыны болып, бала көтермегендігіңіз үшін сырт көздің сұғынан қиянатшегетіндей болсаңыз, өзіңізді түсінетін өзіңіз секілді жандармен сырласып, бірлесіп өмір сүріп, тіршілігіңізді баласыз да мәнді, мағыналы етуге тырысыңыз. Ақпарат: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%B4%D0%B5%D1%83%D0%BB%D1%96%D0%BA?seg=1

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...