Енді бастап жатқан блоггерлерге пайдалы 10-кеңес. 1 - інші бөлім
1. Блогыңыздың қандай бағытта жұмыс істейтінін нақты белгілеп алыңыз , дұрысы өзіңіздің қандай тақырыпта жақсы білетініңіз жайлы қозғаған жөн. Көптеген бағыттарда тақырыпты қозғап миыңызды ашытпағаныңыз дұрыс. Өзіңізге ыңғайлы бір бағытты таңдап сол тақырыппен жұмыс жасаңыз.
2. Блог атауында сіз таңдаған бағытқа сай келетіндей таңдаңыз.
3. Блог дизайнын барынша қарапайым қылып жасаңыз , өйткені қолданушының назары тек қана материалда болғаны дұрыс.
4. Өте жарқыл және түсініксіз шрифттерді таңдамаңыз , оқырманға түсінікті болуы қажет.
5. Блогқа тек қана өзіңіз жазған немесе сатып алған мақалаларды салыңыз. Қандай жағдай болмасын басқа сайттардан көшірмеңіз.
6. Мақалаларды өзіңіз жазуға тырысыңыз және жиі жариялап тұрыңыз.
7. Мақала 800-2000 әріптен кем болмауы тиіс.
8. Мақала жазарда атақты ақындардың шумақтарын , тақырыпқа сай мақалдарды қолдансаңыз артық етпейді.
9. Блогыңызды іздеуіш құралдарға (Google,Yandex т.б) тіркеңіз.
10. Жазған мақалаңызға дұрыс ілмек таңдаңыз.
Бұл енді бастап жатқан блоггерлерге 10- кеңестің 1 - інші нұсқасы.Алдағы уақыттарда 2 - інші бөлімі шығады Соңына дейін оқығандарыңызға рахмет. Бізбен бірге болыңыздар.
www.WebSheber.ucoz.com