0 дауыс
2.2k көрілді
Шашым ұзын, бірақ жұқа, тарағанда бір уыс болып түседі не істесем болады? Шашты тусірмейтін қандай емдер бар? Шампуньдар болса,немесе шоптер?

2 жауап

0 дауыс
Шашты жұмыртқамен қалай жууға болады? Ол үшін алдымен шашты жылы сумен жуып алып, жұмыртқаны массаж жасай отырып бас терісіне жағып, 5 минут ұстаймыз. 1 шай қасық раушан жапырағы, 1 шай қасық жалбызды (мятаны) 300 мл қайнаған сумен араластырып, 5 минут қойып қоямыз да шашты шаямыз, оның өздігінен бөлме температурасында кепкені жөн. * Шаш түскенде қалақаймен (крапива) емдеу ұсынылады, ол шашқа қуат береді. Жас қалақайды гүлдегенге дейін кесіп алып, одан тұнба даярлап, суытып, шашты жуғаннан кейін шайыңыз. * Пияз сөлінің төрттен бір бөлігі мен ошаған тамыры тұнбасының алты бөлігін араластырып, алынған сұйықтықпен шашты жуу ұсынылады, ол шаштың түсуін тоқтатуға көмектеседі. * Емен мен пияз қабығын бірдей мөлшерде алып, бір литр қайнаған су құйып, бір сағаттай жай қыздырылған отта қайнату керек. Одан соң, бөлме температурасында суытып, шашқа жағып, басты жылы етіп орамалмен ораңыз. 1-2 сағаттан соң орамалды алып тастап, кептіріңіз. Пияз қабығы бояғыш қасиетке ие болғандықтан, емдеу кезінде шашыңыздың боялып кетпеуін қадағалаңыз. *100 г кептірілген, ұсақталып туралған қалақайдың жапырағына жарты литр су мен жарты литр сірке суын құйып, жарты сағаттай жай қыздырылған отта қайнату керек. Содан соң суытып, сүзіп алып, тұнбамен сусабын қолданбай, күнделікті шашты шаю керек. Бұдан өзге күніне төрт рет тамақтанардан жарты сағат бұрын жарты стакан қалақай тамырының тұнбасын ішкен жөн (бір ас қасық қалақай тамыры мен жапырағына 400 мл су құйып, жай қыздырылған отта 10 минут қайнату керек). *1 литр қайнаған суға 2 ас қасық ақ тал (ива) тамыры мен 2 ас қасық түйежапырақ тамырын 8-10 минуттай қайнатыңыз да, суытып, тұнбамен екі күнде бір рет шашты жуыңыз

                                Толығырақ мына жерде

http://www.kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action;jsessionid=1E5914C007573103CF52945698CDC9D1.node1?newsId=5913
0 дауыс
алоэ веранын шампунь жане бальзамын алыныз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 19.10.2013 Тазалық сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
10 жауап
...