0 дауыс
21.7k көрілді
1989 жылы Жаңаөзенде болған "маусым оқиғасы" туралы нақты ақпараттар болса жазыңыздар.
1989 жылғы Жаңа өзен нақты ақпаратты кім сұрайды?
өтініш 1989 жылғы жаңа өзен көтерілісі туралы кім кітап жазуда

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

1989 жылы маусымның 16-19-ы күндері Жаңаөзен қаласында кешегі Кеңес үкіметінің шаңырағын шайқалтып кете жаздаған үлкен көтеріліс болды. Бұл көтеріліске бүгінгі күнге дейін лайықты тарихи баға беріле қойған жоқ. Біреулер «1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы» десе, енді бірі «Жаңаөзен көтерілісі» деп атап жүр. Шындығында мұны оқиға емес, «халық көтерілісі» дегеніміз дұрыс. Оқиға деп әдетте күнделікті болып жатқан тосын жағдайларды атаймыз, мысалы, жол апаты, төбелес, өрт т.б. 
Жаңаөзен көтерілісі Маңғыстау облысын түгелдей шарпыды. Жетібай, Құрық Шетпе, Бейнеу кенттерінде, Қаламқас, Қаражанбас кенорындарында, Форт-Шевченко, Ақтау қалаларында жаңаөзендіктерді қолдаған халық толқуы болып өтті. Бұл толқуға облыс көлемінде 80 мыңға жуық адамдар қатысты. Әскер, тікұшақ, танкілер пайдаланылды. Қан төгілді. 
Халық неге көтерілді? Халықтың бұлайша ашынуына қандай жағдайлар әсер етті? Салдары қандай болды? Жаңаөзен көтерілісінің тарихи маңызы неде? Бұдан біздер қандай сабақ алуға тиістіміз? Міне, бұл жолы осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітуді жөн деп санадық.
Біріншіден, империялық кеңес үкіметі қазақ халқының тілін, дінін, әдет-ғұрпын ұмыттырып, жерінен, рухынан айырып, орыс тілді мәңгүрт халық дайындағысы келді. Сондай тәсілдердің бірі жергілікті қазақ халқын азшылыққа айналдыру үшін жан-жақтан өзге ұлт өкілдерін әкеліп, шұрайлы жерлерге орналастырды. Ол үшін «тыңды игеру» деген желеумен Қазақстанның солтүстік облыстарына миллионнан аса өзге ұлт өкілдерін әкеліп қоныстандырды және сырттан келген басқа ұлттардың өкілдеріне барлық жағдайларын жасады. Тіпті, қазақтың жер-су аттарын ұмыттыру үшін оларды өзгертіп, елді мекендерге келімсектердің қатындарының, тіпті ертіп келген иттерінің аттарына дейін берді. Бұл күндердің күнінде «менің жерім» дейтіндей дәлел қалдырмау үшін керек болды. Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылдай уақыт болса да ол атаулардан әлі күнге дейін толықтай арыла алмай келеміз.

Жергілікті қазақтар екінші сорттағы халыққа айналды. Кез келген мәселені шешудің өзі кавказдықтардың (әсіресе, шешендердің) рұқсатымен жүзеге асып отырды. Кавказдықтар мен қазақ жастарының арасында жиі-жиі төбелестер болып тұрды. Адам өлімі болған кездер де көп болды. Бірақ, жергілікті билік бұл оқиғаларды жоғарғы жақтардан үнемі жасырумен келді. Жергілікті халықтың ашу-ызасы күннен күнге күшейе түсті.
1989 жылдың 16-шы маусым күні сағат кешкі 19.00. шамасында жастардың би кешінде қазақтар мен кавказдықтардың арасында төбелес болды, мұның арты талай жылдардан бері сыздауықтай сыздап тұрған жараның жарылуына әкеп соқты. Көтерілісті ешкім ұйымдастырған жоқ, стихиялы түрде жүрді. Бұл - ұлтаралық қақтығыс түрінде басталған, кеңестік қызыл империяның солақай саясатына қарсы жергілікті қазақтардың өз саяси-экономикалық, әлеуметтік құқықтарын талап етуі болатын. Олар жоғарыда отырған компартия басшыларына өз үндерін естірту үшін көшеге шықты.
Жаңаөзендегі толқуға 25-30 мыңдай халық қатысты. Бұл жағдай империялық кеңес үкіметінің төбе шашын тік тұрғызды. Мұндай көтерілісті дер кезінде басып жаншып тастау үшін мұздай қаруланып, арнайы дайындықтан өткен төрт мыңдай жазалаушы жасақ (спецназ) түсірілді. Ол аздай екі мыңға жуық ішкі әскер мен милицияны әкелді. Сол кезде Жаңаөзен қаласы соғыс орталығына айналғандай әсер берді. Көшелерде әскери техникалар, БТР-лар, танктер, әуеде әскери тікұшақтар күндіз-түні шыр айналып ұшып жүрды. Олар кез келген сәтте бомбалауға, атқылауға дайын болатын. Қақтығыс негізінен әскерлер мен жергілікті халық арасында өтті. Солдаттардың қару қолданып, халыққа оқ жаудыруы жергілікті адайларды ашындыра түсті. Арнайы жасақпен қақтығыс кезінде 21 қазаққа оқ тиіп, олардың үшеуі қаза тапты.

Толығырақ

Керемет жазылыпты.
өтіні жаңа өзен туралы кітапты кім жазуда?
+2 дауыс
Жаңаөзен оқиғасы — 1989 жылы маусым айында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған жергілікті халықтың бас көтеруі. Бұл әлеуметтік кикілжіңнің шығуына басқа республикалардан келіп жұмыс істейтіндердің жергілікті халықтың дәстүрлерімен, мүддесімен санаспай, дөрекілік көрсетуі себеп болды.
Дүмпу жергілікті тұрғындар мен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнен басталып, арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. Сырттан келгендердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды. Бұл оқиғаның астарында жылдар бойы қордаланып, дұрыс шешімін таппаған тұрғын үй, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі кезек, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелер, сондай-ақ, мұнай мен газ өндірісін Мәскеудегі орталықтан басқаратын одақтық министрліктердің, әміршіл-әкімшіл жүйенің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар даярламай, жұмыс күштерін республикадан тыс жерлерден әкеліп, жергілікті халықтың мүддесін ескермей жүргізген сыңаржақ саясаты жатты
...