+3 дауыс
9.0k көрілді
Сiңлiмнiң тырнағында ақ дақтар пайда бола бастады. Ауырмайды, ешнарсе етпейдi дейдi. Әжем болса :- Бақытты болатын адамның тырнағына осылай дақтар пайда болып тұрады деп өзiнше жорып қояды. Жақсы сөз -жарым ырыс дегенмен де ол дақтар неден пайда болады?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Сұлулыққа жаны құмар бойжеткендер әрдайым қолдарының сүйріктей әрі тырнақтарының ұзын, жіптіктей болғанын қалайды. Тырнақ жұқа кератин мен қатайған қабықшадан тұрады.Терінің астынғы қабатында май торлары орналасады. Саусақтың басын зақымданудан қорғайтын тырнаққа қарап-ақ адам ағзасының сырын ашып айтуға болады.

Тырнаққа жақсы күтім қажет

Мәселен тырнақтағы ақ дақтар қан құрамындағы гемоглабиннің аздығын көрсетеді. Екі жаққа бөлініп сынғыш келетіндері адам бойына дәрумендердің жетіспейтінінен хабардар етеді. Ал сарғая бастаған тырнақ, сары аурудың белгісі.Тырнақ жанындағы етке сүйемелденіп өскен жағдайда күбіртке пайда болады.

Марат ОТАРОВ, дәрігер-дерматолог: «Негізі әр адамның тырнағы оның денсаулығын айқындап береді. Егер тырнағыңыз әлсізденіп, сынғыштанып кеткен жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз деген кеңес айтамын. Кальций деген сияқты дәрумендер де бар. Тырнақты қалпына келтіріп, қатайтады. Анау тырнаққа жағатын бояуларды көп жаға берген болмайды, тырнақ шаршап, өз болмысынан айырылады. Тырнаққа да танағу қажет. Сонымен қоса, жұмыртқа, балық, күріш, жаңғақты көбірек жеңіз дейміз. Сүт өнімдері де (айран, құрт деген сияқты)  тырнақ ауруларының алдын алатынын ескертеміз. Сондықтан осы аталған тағамдар Сіздің күнделікті ас мәзіріңізден табылғаны дұрыс дер едім» .

Тырнақ ауруларының алдын алу үшін ас мәзірін өзгерту маңызды

Тырнаққа түс беретін бояуларды жиі қолдануға болмайды, себебі ол түрлі аурулардың қозуына өзіндік себін тигізеді. Сондай-ақ тырнақ бояуын өшіруге арналған сұйық еріткіш тырнақтың саулығына, өсуіне, қатаюына тосқауыл болады. Бұл жылтырсырды жоятын қоспаның құрамында метилацетат, су, ацетон, глицерин, әтірлегіш, аквадерм дәрумендерінің жинағы топтасқан. Еріткіш құралды пайдалану кезінде тырнақ бетіндегі жұқа кератин жылтыр қабықшасы зақымданады.

Егер тырнағымыз әдемі, сау, сынбай өссін десеңіз үй жағдайында жасалынатын ең қарапайым да жеңіл халық емін жасап көріңіз.

Тырнаққа үй жағдайында да халық емін жасап тұрған дұрыс

Ең алдымен әрбір тырнағымызға жеке-жеке құлпынайды кигізіп, 15 минут малып аламыз. Құрамы дәруменге толы құлпынай тырнақтың қалыпты өсуіне өз ықпалын тигізеді. Әлсіз тырнақты қатайту үшін желатин ұнтағын жылы сумен араластырып, тырнақтарымызға жаға бастаймыз. Құрамындағы кальций тырнақтың қатты болуын қамтамасыз етеді. Ал лимон тек жүйке жүйесін тыныштандырып қана қоймай, тырнақ бетіндегі жұқа кератин қабықшасын да қорғайды. Лимон тілінділерін 5 минут бойы тырнақ үстіне жауып ұстаймыз. Келесі әдіс тұз қосылып қайнаған картоп суымен байланысты болмақ. Қайнатылған картоп суы суыған соң, қолымызды 10 минутқа саламыз. Дайындалған қайнатпа құрамындағы тұз бен крахмал тырнақтың еттерін жиырып, инфекцияларды жояды.

Сонымен адам ағзасындағы қорғаныш қабықшасы болып саналатын тырнақ осындай емдік күтімді қажет етеді.

АҚПАРАТ АЛЫНДЫ

+1 дауыс
Әжеңіздін сөзіне сенейік, жақсы айтылған екен, менде де жиі пайда болып тұрады)) Ол меніңше механикалық соққы тигеннен пайда болады, яғни тытнаққа бір қатты зат тиіп кеткенде сол жердың зат алмасуы бұзылып мини некроз пайда болып ағарып қалады, ол ешқандай зияны жоқ деп ойлаймын. Бірақ менің жауабым дәлелденбеген, жай өзімнің болжамым)
+3 дауыс
Баяғыда кішкетай кезімізде сол ақ дақтар көп болса қуанатын едік,неғұрлым көп болса,соғұрлым көп жаңа заттарға ие боламыз деп (әке-шешеміз алып береді деп)балалық ырымдарғой.Ол дақтар тырнақ өскен сайын,тырнақпен бірге жоғарылап,шығып кетеді.
+1 дауыс
ол нарсе тукте коркынышты емес ондай мендеде болды кейын озы ак кетып калады
...