Ғылыми терминдер (фотоэффект, фотосинтез, аккумулятор), заман ағымына байланысты енген сөздер (велосипед, такси), кірме, шет елден келген сөздер, ғаламшар, планеталар атаулары (негізі ғаламшарлар атауы ғылыми терминге жатады) қазақшаланбайды. Мысалға қазақтың "Көкпар" деген сөзін басқа тілге аударсаң, мысалға орыс тіліне "Кокпар", ағылшын тілінде "Kokpar" деп тура аудара береді, яғни өз тілдеріне аудара алмайды. Біз де сондай, қазақшалай алмасақ тура мағынасында айтуымыз керек.