+9 дауыс
719 көрілді

Байқап отырсам жаңадан тамаша сұрақтар қойылып жатыр. Неге сіздер соған емес өзінің нақты жауабын алған сұрақтарға жауап бересіздер! Жаңа сұрақтар ескі сұрақтардың көлеңкесінде көптеп қалып жатыр. Олай өтірік балл жинаудың не қажеті бар? Әсіресе осы жақында тіркелгендер! Білгіш болсаңыздар жаңадан қойылған сұраққа жауап беріңіздер! Сіздердің кесірлеріңізден мен жеке басым жаңа сұрақтарды таппай қаламын соңғы істерден. Өтірік балл жинауды доғарыңдар! Өздеріңіз сұрақ қойдыңыздар делік. Сіздер сол сұрақтарыңызға шұғыл жауап алғыларыңыз келіп тұр. Өзіңіз аса күтіп тұрсаңыз алдыңызға ескі нақты жауабын алған сұрақтарға жауап беріп шықса өзгелер өздеріңіз қандай жағдайда боласыздар? Ойланыңыздар осы мәселені. Қазір каникул. Көп балалар осы сайттын пайдаланарын сеземін. Дені дұрыс сұрақ қойсаңыздар қайтеді. Тек өздеріңізге , қоғамға қажетті сұрақты қоймайсыңдар! қайдағы жоқ қай команда күшті, Қайрат Нұртас депутат болады деген секілді я өздеріңізге пайдасы жоқ,я маған пайдасы жоқ сұрақты қойып адамның мезісін шығарасыңдар. Құдай біледі осылай сұрақтар бей-берекет қойыла берсе каникулда мынандай сұрақтар пайда болады:

  1. Көшеде жүргенде қолды қалай ұстау керек?
  2. Қалай көшеде түкіру керек?
  3. Қандай зат пайдаланғанды ұнатасыздар?
  4. Қай команда жеңілетін сияқты?
  5. Қандай қағаз орамал қолданған дұрыс?
  6. Қандай ылғал орамал қолданасыздар?

Сияқты сұрақтар қаптап кетсе не болады?Ойлағымда келмейді. Саналы адамсыздар ғой! Ойланыңыздар! Сайттың берекесін алып жүрмеңіздер! Сайтты форумға , сауалнама жинайтын жерге айналдырмаңыздар! Сайт мақсатынан ауытқымасын! Сайт байлығы осы біз қолданушылар және біздің қойған сауалдарымызбен берген жауаптарымыз! Сапалырақ байлық болайық осы сайтқа!Үлгіге мен сіздерге *коркем* деген қолданушыны айтайын. Сұрақтары қандай сапалы.Ол сұрақтар неге сапалы? Өйткені ол сұрақ оның өзіне де бізге де пайдалы.Тек керек сұрақтарыңызды қойыңыздар! Ахмет атамыз жасап кеткен қазақ әліпбиімен жазайық! Сайт құндылығын түсірмеңіздер!

 

Көп болса минустарсыздар! Көп болса спамдарсыздар! Қатты ашуланса сайт әкімшілігі банмен жазалар! Бірақ осы екі күн кейбір сұрақтар шаршатып ашуыма тиіп кетті. Кез-келген сынды көтеруге дайынмын. Тек мына жазылғандарды ұмытпайық! Жүректеріңізде титтей де ұлтқа деген имандарыңыз болса мынандай казнетің тұнық білім бұлағын арзан сөзбен ластамаңыздар!

Ұйымдасқан түрде Жауапсыз сұрақтардың санын азайтсақ қайтеді! Қарасам пайдалы сұрақтар екен.                        https://surak.baribar.kz/unanswered
Белгісіз
ойымыз бір, менің де айтқым келіп жүрген нәрсе еді. Осындай сұрақтар есебінен жауап жазудан қалдым. мардымды сұрақ жоқтың қасы.

8 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Жахар,мен де осындай тақырыпта жазуды жөн көріп отыр едім,сен менің алдымды орап кеттің,айтқаныңа қосыламын.Кеше 3д кинодағы қос экран жайлы,бүгін фотоаппарт жайлы сұрап едім,ешкім жауап берген жоқ,керісінше,қай футболисттың аты ұзын,тағы бірденесі ұзын,кім жеңеді деген сияқты мыжың сұрақтарға жауап беруге дайын тұрамыз,Көркемнің жақсы қолданушы екенін мен де мойындаймын.
+4 дауыс

Айтқандарыңмен қосылам,және де сондай бірсарын сұрақ қойғандарға ескерту жасап,ондай сұрақ қоймауын өтінсең өзіңе қарсы ұмтылады,ұнамаса,оқыма,басқалары жауап береді деген сияқты сөздер айтып

0 дауыс
Басқасын білмеймін бірақ өзім тек жаңа сұрақтарға жауап іздеймін, қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Жаңа қосылғандар деп көпке топырақ шашпаңыз. Мен де жаңа қосылғанмын. Бұл сөзіңізге ашуланып та қалдым. Бірақ жаңағыдай жөнсіз, ойына келген сұрақтар туралы сыныңызға қосыламын.
+1 дауыс
Айтпақшы, көріп отырсам біраз сұрақтарды мында қоймай ақ интернеттерне ақ тауып алуға болатын сұрақтар. Админ мүмкін бір функция қосарсыздар? Тек болмай бара жатқанда, интернеттен таба алмайтын сұрақтар болса ғана қоя алатындай?! Осы жағын ойланып көріңіздерші.
қатеңізді жөндеп жіберіңіз!
Белгісіз
Кәзір жөндеймін
Белгісіз
Нұрлыбек сен редактор емессің ғой қалай сонда
Белгісіз
Мен үшін жауап жаза салғн ғой:D
Бір досым бар редактор аты абылай
Белгісіз
Zhahar сенде логин барма
Белгісіз
Бір досым бар редактор аты абылай, бұл жерді де коррупция жайлайын деген ба? Тым болмаса досыңның атын үлкен әріппен жаз,адам ғой зат емес.
+1 дауыс
менде қосылам                                      ,
+3 дауыс
Жахар дұрыс айтың! Менде көптен бері осы мәселе жайында қолданушыларға ескертейін деп едім. Мынадан кейін сабақ алмаса қайдам.... Айтқан мәселең дұрыс. Баяғы 2011 мен 2012-нің сұрақтарына жауап беруде қолданушылар. Өткенде ғана Жако ағамыз бір сұрақты жапты. Аты "Кішкентай сәбиге ат таңдау туралы"-ма сондай. Ол сұрақ 2011-де қойылған. 2 жыл өткесін сол сұраққа біреу жауап беріп жатыр. Сонда жаңағы жауап берген адам сәби 2 жыл бойы атсыз (есімсіз) жүр деп ойлады ма екен. Тағы бір алаңдататын жайт сұрақты дұрыс қоя білмеу. Сұрақтың нақты бөліміне "ДОСТАР КӨМЕК КЕРЕК......????" немесе "АНАУ ТУРАЛЫ, МЫНАУ ТУРАЛЫ" деген секілді сұрақтар қаптап кетеді. Және де санатын дұрыс таңдамай жатамыз. Және ІЛМЕКТІ МЕЙЛІНШЕ КӨП ЖАЗСАҚ, СЖ-НЫҢ АТЫ ТЕЗ ТАНЫМАЛ БОЛАДЫ. Сондықтан сұрақты дұрыс, қатесіз қояйъқ. Оны өңдеп отыруда оңай іс емес! СОНДЫҚТАН АҚЫЛҒА КЕЛЕЙІК...!
Хех,Ақжол,мынауың анектодқа бергісіз екен,екі жыл атсыз жүретіні,СЖ тілімен айтқанда атын өңдеп алсын дейтін шығар
Я шын болған. Оны Жако ағайдың жапқанын көрсең "Бұл қыз жақында садикке барады".) Сонда осылай істейтін қолданушылар не ойлайды екен. Көксегендері "БАЛЛ" ма?
Бұл шындық,осыған мен де жазғам:"Ол сәби қазір екіге толып кеттіғой"-деп.
+1 дауыс
Егер шынымды айтсам бәрі + яғни балл алғысы келіп біреудің жауабына жағаласып, кейбір кезде өз-өзіне балл қойып жатады. Сондағы мақсаты тезірек редактор, сосын тағы бірдене болу. Одан не пайда?

Сайт редакторларды немесе тағы бірдемелерді жинау үшін құрылмаған ғой. Сайттың мақсаты іздеген сұрақтарға дер кезінде жауап алу. Осы мәселені ойлаану керек. Мақсат редактор болу емес, мақсат сапалы жауап беру!!!
+3 дауыс
Жахар, мың жерден жақсы жауабы бола берсiн, алайда сол сұрақтың жауабын фактiмен, далелмен, НАҚТЫЛАЙ түссе несi жаман?! Сосын айтшы, қай жерге срогы өтiп кеткен сұраққа жауап берме деп ойып жазып қойыпты?! Ереже солай болса онда 6 ай срогы өткен сұрақтың бәрiн шетiнен тыпырлатып өшiрiп тастайық та? Егер математика, физика, химиядан есеп болса дәл дұрыс жауап болса онда сұрақты жабу керек, өйткенi есепте тек бiр жауап болады, ал қалған теориялық, логикалық сұрақтарға жауап берсе несi айып??? Қайта БIЛIП ТҰРЫП ЖАУАП БЕРСЕ жақсы жауапты нақтылай түспей ме?!
Базар жоқ!
Белгісіз

Ұқсас сұрақтар

...