Адам-Аллатағаламның ең көркем,ең әдемі туындыларының бірі. Сондықтан адам мен әдемі емеспін деп айтуға еш құқы жоқ деп ойлаймын, пенде қалай Аллатағаламның туындысына сын айтпақ. Ал сұлулық дегеніміз ол салыстырмалы ұғым, біреудің қаңсығы,біреуге таңсық немесе біреудің ғашығы енді біреудің көзіне де ілінбеуі әбден мүмкін. Сондықтан біз бәрімізде әдемі,сұлумыз сөзіме сеніңдер,мәселе бізге кімнің көзімен қарауда ғана. Атақты Балуан Шолақ бабамыздың "Сұрша қыз" әні арналған Ғалия апамыз, беті бұжыр-бұжыр,дәу қара келіншек болған екен деген сөздер бар, бұл әрине Балуан бабамыздың көзімен қарағанда емес.