0 дауыс
4.1k көрілді
Маусым айы басталғалы бері менде бір аллергия пайда болды. Мұрнымнан сұйықтық көп аға береді, азанғы уақытта ұйқыдан оянсам мұрным бітіп дем ала алмай қиналып тұрамын, одан бөлек көз, құлақ қышиды. Дәріханадан "динаф", "аллергонаф, "эриус" деген дәрілерді қолдандым және қолданып келем, еш әсері жоқ. Құрметті аллерголог дәрігерлер немесе емші апалар, осы бір пәледен құтылатын қандай ем тәсілдер бар?

2 жауап

0 дауыс

Аллергия мазаламау үшін не істеуге болады?
Ең алдымен витаминдерге бай тағамдармен тамақтаныңыздар. Тағам түрлеріне аллергиясы бар адамдар гиппоаллергендік диета сақтауға тиіс. Ал шаң-тозаң иісі сезілсе түшкіре жөнелетіндер өсімдіктің гүлденетін кезеңінде қасына жоламау керек. Сондай-ақ, далада таңғы 6-дан 10-ға дейін жүрмеңіз. Себебі ол уақытта өсімдіктер тозаңды көп бөледі. Үйде жұмсақ ойыншықтар ұстамаңыз, жерге ковралан, кілем, палас төсемеңіз. Жалпы, тозаң түсетін заттарды ұстамауға тырысыңыз. Шаңсорғышпен жұмыс істегенде дәкеден жасалған ылғалды маска таққан дұрыс. Құрғақ, ашық, желді күні далада жүрмеуге тырысыңыз. Шаң-тозаң киім мен шашта жиналатындықтан киімді жиі ауыстырып отырған дұрыс. Даладан келген соң тезірек душ қабылдаңыз. Үй жануарларын ұстамаңыз. Бөлмеңіз құрғақ әрі күн түсетін болуы керек, оны жиі желдендіріп тұрыңыз.

Керек мәлімет
Аллергия инфекция емес, ол бір адамнан екінші адамға берілмейді. Дегенмен аллергиясы бар адамдардың балалары да осы кеселге бейім келеді, яғни дерт тұқым қуалайды.

Толық ақпарт!

0 дауыс
Қазіргі дүние жүзілік проблеммалардың бірі осы аллергия ғой. Оның емін ешкім тапқан жоқ осы күнге дейін. Тек сол аллергияны болдырмайтын жағдайларды жасап жүру керек болды. БОЛДЫ.
Айтқандай аллергияны жоятын тавигил супрастин бар. Ал мұрынды маримермен тазартып тұр ол да көмегін береді.

Ұқсас сұрақтар

...