Бірақ, өзіңіздің жеріңіздің жаман жерін баршаға жайғаныңыз ыңғайсыз болды. Сіздің бұл тақырыпты қозғасасаңыз да өзін-өзі тиып жатқандар жоқ. Және шымкентте боқтамайтын жігіттер бар. Сіз соны көрмей жүрсіз-ау. (Қатты кетсем айып етпеңіз)
Және қазақша жазсаңыз екен, сонымен қатар қатені көп жібереді екенсіз. Көбінесе дегенде і әріпі қалып қойған, өзім де деген сөзде де шылау сондықтан бөлек жазылады. Шымкенттенмін дегенде е әріпі жоқ, гой емес ғой десеңіз. Реті болса қазақша әріптердің орнына орыстың г, к, о, и секілді әріптерін қолданбауға тырысайық. Бұл жалғыз сізге айтылған пікір емес. Барлығымыз қазақша және қатесіз жазсақ.
Қателеспесем, "Ислам және Өркениет-ау", бәлкім ол газет емес шығар, білмедім. "Шешеңді айтпасаң , шерің тарқамай ма?" деген мақала оқып едім. Мүмкіндік болса, егер тауып жатсаңыз, оқуға тырысып көріңіз.