+2 дауыс
1.7k көрілді
Мына макаланы окып, суреттi караныздар : АҚШ Қытайдан күтетін төрт қаупін айтты Қытайдың қорғаныс саласына бөлетін қаржысы жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл өзгерістерді жіті бақылап отырған АҚШ осыған алаңдай бастады. Қытай басшысы Ху Цзиньтао (ортада) әскери ұшақ таситын "Ляонин" кемесі тұрған Далянь әскери-теңіз базасында, Қытай, 25 қыркүйек 2012 жыл. he Christian Science Monitor басылымының жазуынша, АҚШ қорғаныс министрлігі (Пентагон) өткен аптада жариялаған есебінде Қытай тарапынан туындап отырған басты төрт мәселені тізіп шыққан. «Қытайдың әскери жағынан күшеюпроцесін баяулататын түрі байқалмайды» дейді АҚШ қорғанысминистрінің Шығыс Азия бойынша орынбасары Дэвид Хэлвей Қытайдың әскери мүмкіндіктері туралы есепті жария еткенде сөйлеген сөзінде. КИБЕРШАБУЫЛДАР ЖИІЛЕДІ Қытай АҚШ-тың ақпараттық желілеріне кибершабуылдар жасайды деген айыптаулар бұған дейін де айтылып жүрген. Бірақ бұл жолы бірінші рет АҚШ әскерилері Қытайдағы әріптестерін,яғни Қытай халық азат ету армиясын мұндай тыңшылық әрекетке тікелей қатысы бар деп айыптады. – 2012 жылы бүкіл әлемдегі компьютерлер жүйесіне, соның ішінде АҚШ үкіметіне қарасты құралдарға шабуыл жасалды. Олардың кейбіріне Қытай үкіметі мен әскери ұйымдарына тікелей қатысы болуы мүмкін деген күдік бар, – деді Пентагон өкілі. Дипломатиялық және мемлекеттік институттарға қарсы жасалған кибер-тыңшылықтар картасы. 14 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет) Аталған есепте Қытайдың өз әскериәлеуетін арттыру үшін компьютерлік тыңшылық саласында қолданып отырған басқа да амалдары туралы айтылады. «Қытай шетелдік инвестицияны, біріккен коммерциялық кәсіпорындарды, академиялық саладағы алмасуларды, Қытайға қайта оралған студенттер мен зерттеушілерді, үкіметке қарасты индустриялық және техникалық шпионажды пайдаланып, өзінің технологиялық мүмкіндіктерін, әскери зерттеу саласындағы әлеуетін арттыруды жалғастырып келеді» дейді Пентагон. ҒАРЫШ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ АҚШ әскери мекемесінің есебіне қарағанда, Қытай 2012 жылы барлау және бақылау мүмкіндіктерін арттыру үшін ғарышқа 18 рет зымыран ұшырған. Есеп сонымен қатар Қытайдың «дағдарыс не конфликт кезінде қарсыластарының ғарыштағы құралдарды пайдалануын шектейтін не оған жол бермейтіндей әлеуетін арттыру бағытында жанталаса жұмыс істеп жатқанын» атап өткен. Қытай әскери-әуе күштерінің ұшағы. Көрнекі сурет. «Қытай халық азат ету армиясы «жаудың барлау және коммуникация спутниктерін қиратып, бүлдіріп, ұрлаудың қажеттігіне» баса мән беріп отыр, мұндай шабуылдар жауды «соқыр да керең» етуге көмектесетіні айтылады». Қытай сарапшыларының сөзінше, «спутниктер мен басқа да сенсорларды жою не қолға түсіру арқылы қарсыластың ұрыс алаңында бастама көтеруінің алдын алып, олардың дәл көздейтін қаруларын оңай пайдалануына кедергі жасалады». АЛЫСТАН КӨЗДЕЙТІН ЗЫМЫРАНДАР Қытай арнайы кемелерді алыстан дәл көздейтін баллистикалық зымырандар шығаруды мықтап қолға алған. Бұл зымырандар АҚШ-тың ұшақ тасымалдайтын кемелерін 1300-2800 шақырымнан қирата алады. Қытай осы салаға көп қаржы салған, сондықтан бұл АҚШ-тың аймақтағы әскери ұшақ тасымалдаушыларының санына әсер етуі мүмкін. «Біз Қытайдың өте алыс қашықтықтан дәл көздей алатын зымыран жасау саласындағы мүмкіндіктеріне алаңдаймыз. Әрине, бұлар су бетімен жүретін үлкен кемелерге, соның ішінде ұшақ тасымалдағыштарға қатер төндіреді» дейді Пентагон өкілі Хэлвей. КҮРДЕЛІ КЕМЕ, ШАБУЫЛДАУШЫ, ПИЛОТСЫЗ ҰШАҚ АҚШ қорғаныс мекемесінің есебі "Қытай қазіргі уақытта төртінші, бесінші сатыдағы әскери ұшақтарының көпшілігін АҚШ-тан шпиондық жолмен ұрланған мәліметтерді пайдаланып жасап жатыр" дейді. Сонымен бірге Пентагон Қытайдың жақында жасаған ұшақ тасымалдағыш кемесін осы елдің «әскери-теңіз флотындағы соңғы жылда болған ең үлкен жетістік» деп бағалайды. Қытайдың өздігінен ұшатын ұшағы.13 қараша 2012 жыл. «Ұшақ тасымалдағыштарда әскери жасақтар құру арқылы Қытай әскери-теңіз флоты әсіресе алыс қашықтықтағы әскери операциялар жүргізу мүмкіндігін арттырды. Қытай халық азат ету армиясы су асты майданына қатысты бағдарламаларға да қыруар қаржы жұмсап, ядролық шабуылдаушы суасты кемелерін жасап жатыр» дейді АҚШ қорғаныс министрлігі. АҚШ сияқты Қытай да пилотсыз ұшақтар флотилиясын қалыптастыруға және бұл технологияны сатуға мүдделі. «Қытай әлемнің біраз бөліктеріндегі әуе шоуларында пилотсыз ұшақтарды сатуға талпыныс жасағанын кейбір есептерден байқадық. Мұны біз жіті бақылауда ұстап отырамыз» дейді АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Дэвид Хэлвей, The Christian Science Monitor басылымында жарияланған мақалаға қарағанда. АЛ БIЗ КОРГАНЫСКА ДАЙЫНБЫЗБА ?! ЖАСЫРМАНЫЗДАРШЫ. БУЛ ЕШКАНДАЙ САЯСИ СУРАК ЕМЕС, АРБIР КАЗАК АЗАМАТЫНА КОЙЫЛАР СУРАК.

15 жауап

+7 дауыс
 
Жақсы жауап

Ел басына күн туса ереулі атқа ер салып, жалаулы найза қолға алар ерлеріміз бар. Көк бөрінің ұрпақтары ешкімге есесін жібермес.  Біз бәріне дайынбыз. Ақтық деміміз шығып, соңғы қанымыз шыққанша айқасамыз. Өзгенің езгісіне ұшырап, дұшпанның етегіне жабысқанша тізе бүкпей түзде өлген артық. Азаттықтың ақ құсын қолдан жіберіп қоймаспыз. Ұрпақ саулығы алтыннанда артық. 300 жыл бодан болғанымыз жетер. Не атымыз естісе дұшпан сескенетін босағасы берік, нарқасқа ұлдары бар ел боламыз, не жер бетінен жоқ боламыз. Жасасын қазақ, жасасын!

Неге жасырдың Марат?!
Оған айтатының болса жеке хабарлама арқылы жазғын. Сайт ішінде таласып-тартысудың жөні жоқ.
Лоббистті не істейсің енді? сенің қолыңнан келеді ғой.
Мен бұл қолданушының осындай әдепсіздік танытқаның бірінші рет көріп тұрмын. Алда-жалда қайталанатын болса 1 аптаға құлыпталады.
сендер не барин согыска дайындалып отсындарма, оданда билимдеринди жетилдириндер,
билекті 1ди жыгады билимді 1000ды жыгады. 1 ҚАЗАҚҚА 100 қытыйдан келет, білімді болсаң 1000 қытайды жеңесің. спортпенде шұғылдан, қазақтың атын шығаратындай
Бауырым, кез-келген уакытта согыс болып кетуi мумкiн, оган ешкiм кепiлдiк бермейдi. Согыстын аты согыс, ЕРКЕК АДАМ АРКАШАН ЖЕРIН, ЕЛIН КОРГАУГА ДАЙЫН ТУРУЫ КЕРЕК !!! СЕН АЙТКАНДАЙ БIЛIМДI БОЛУ КЕРЕК АРИНЕ, БIРАК ЕШКIМ КОЛЫНА КАРУ УСТАЙ АЛМАСА ЕЛIН, ЖЕРIН КIМ КОРГАЙДЫ??? ЕРКЕК АДАМ ОКУДА ДА, ФИЗИКАЛЫК ТУРГЫДА ДА, ОТБАСЫНДА ДА ТЕПЕ-ТЕНДIКТI САКТАУЫ КЕРЕК, СОЛ УШIНДЕ ОЛ ЕРКЕК БМ !!!
"Сақтықта қорлық жоқ" деген. Білімді болған абзал әрине. Сол ақылыңа білектің күшін серік тіптен жақсы. Абылай хан өте ақылды, шешен адам болған. Жауларын сөзбен бағындырған. Сөзіне көнбегенді қылышына басын идірген. Атақты жауынгер, серіктерін қоршауда қалса да шығын қылмай әкелген Бауыржан Момышұлы өзінің әскеи тактисасы жүзеге асуы үшін қос қолдың күшін пайдаланған.
+7 дауыс
Соғыстан Құдай сақтасын, төндірмендер!
Соғыстан құдай сақтасын!!!!
Соғыстан Қытай сақтасын!!!
Белгісіз
–1 дауыс
Қандай жау болсада,қыз болсамда жауға қарсы тұруға,өз ұлтымды,өз отанымды,кең байтақ жерімді қорғауға дайынмын) Қазірдің өзінде азды-көп нәрсені естіп-көріп сырттай күйініп жүрміз)))
1 ҚАЗАҚҚА 100 қытайдан келет. егер патриот болсаң қазақтың қара домалақ балаларының санын көбейт.
1 қазақтын шамасы 100 қытаиға келеді!!!
адлет ендеше созинди далелде, жигиттин 2 сойлегени олгени, ен курыганда казакка олимпиададан 1 алтын алып берш кытайдан озып немесе казактын бетке устар азаматы боп кытайлардан корга, ал егер булар колыннан келмесе коп сойлей берме интернетте отырып алып, барлыгына да айтарым осы создеринди испен далелдендер
+1 дауыс
Кибер деген не соны біліп алшы
Айналайын, сенен жаксы бiлемiн! Сен сиякты iштен шыккан паразиттер казакты куртады!
0 дауыс
Мен өз ойымды білдірсем!

Қытай бұндай жағдайға қалай жетті бізде солай жетуіміз керек! Олар ғылым-білімге мән берудің арқасында осындай адам шошырлық қалыпқа енді. Өздерінің мақсаттарын айқындап , заңын соған қарай бағыттады. Қатал болды. Бізде солай болуымыз керек деп ойлаймын. Қазір 21 ғасыр. Қолға пулемет алып соғысатын соғыс 20 ғасырдың еншісінде қалған. Бізге ол ата-бабамыздың ескі қарулары керек емес ! Бізге тек сол бабаларыыздың өр рухы керек. Біз тек тиісті мамандықты оқуымыз керек! Қытай қарсы қазақтардың жаңа ұрпақтары керемет қару ойлап табуымыз керек! Робот жасауымыз керек! Сіздер бос сөзбен қолданырыңа Калашников алып шығып көрсеңдер сендерді лазермен өртейді. Біріге бастасаңдар атомдық бомбамен жарады! Біз сондай қиын жағдайға тап болмау үшін оқи беруіміз керек! Бар маманның алда жалда болатын соғысқа өз пайдасы болады! Сіздер тек сол қалаған мамандықтарыңыздың жемісін көрулеріңіз тиіс! Бірлігіміз мықты болу керек! Кезінде талай ғасыр ешкімге бас имеген Қазақ хандығы сол ауызбіршіліктің жоқтығынан бодан болды. Қайдағы қаңғыбас қалмақтардан озбырлық көрді. Біздің ауызбіршілігіміз ғана ғылыммен ұштасып елді Қытайдай паразиттерден қорғайды!

 Республикамызда тәуелсіздік үшін барын салуы керек. Қытай мен Американдықтарға берген мұнай кендеріміз өзімізге қайтаруға ат салысуы керек. Әскерімізді ең соңғы үлгідегі қару жарақпен қамтамасыз етуі тиіс! Білім-ғылымға қазіргіден де жоғары талап қойып ұрпақа жағдай жасауы қажет. Ал олай істеу үшін жемқорлықты жою керек! Әрине айтуға да , жазуға да оңай бірақ барлығы өзімізден басталатынын ұмытпайық!
Бауырым, жарадын!  саган ризамын!  Салмакты создiн сапасын ешкiм тусiне бермейдi...
Рахмет тек спамдамаса екен деп отқаным!
Белгісіз
Жас тұлпарлар шабыстарың жаман емес. Осы қалыптарыңнан таймай өр рухты, мызғымас қайратты өздеріңмен қатар келе жатқан толқындарға дәріптей біліп, сендерден кейін іле-шала шыққан сәйгүліктерге үйретіп, дұрыс жол сілтей біліңдер. Олардың ұшқыр қиялдарын ұштастыра біліп серпін беріңдер. Сонда ғана нәтижесі шығады. "Былай-былай істеу керек" деп айтуға оңай. Соны сөзбен емес іспен көрсетсеңдерші!
уахахаха))))) Бояушы бояушы деген  сайын сақалында бояпты деген екен)))))))))))))))))
Мақал айтқан екенсің байланыстырып айтқаның жөн болар еді...
–1 дауыс
Отан ушін отка тус демеуші отан ушін отқа да суға да түсуге дайынмын.

Сондыктан Патриотты  жастарымыз көбею керек ертенгі кунімізге алаңдамайтындай
–1 дауыс
Идеяға қарсы идея  жеңіске жетелейді.Олар кибершабулға шықса,біздер де кибертосқауылға көшуміз қажет.Қазір IT қарыштап дамыған заманда,Қытайдан бәрін күтуге болады.
+1 дауыс
менің оз ойым;

ешқандайда соғыс болмайт, біз битбітшілікті қалайтын елміз, егерде соғысты қалаған болсақ әлем бойынша 2 ші орын алатын атом боммасынан бас тартпайтын еді. қазіргі кезде ҚАЗАҚСТАН барлық елдермен дос, америкаменде қытайменде бұның бәрі ел басымыз Нұрсұлтан Н. Ә. саясаты. оданда соның амандығын тілейк. одан кейінгі ел басыда осындай боса ешқанда соғыс болмайт. бұл сөзімнен қорқып отыр деп ойлайтын шығарсыздар, мен бұл өмірде ешкімнен қорықпайм, БІР АЛЛА дан басқа. ал егерде соғыс болатын болса әлемде адам қалмайт, барі атом бомбасынан қырылат дүниеге дені сау балада келмейт, жер беті нағыз тозақтың озі болат. қазіргі заманда адам баласының қолынан коп нәрсе келет. ол соғысқа қазақ жігіттерінің намыстарымен оларға қарсы тұра алмаймыз. Қазақ елі Құдайдың нұры жауған ел, АЛЛАМ сақтасын соғыстан,ал егер басқа елден озғымыз келсе оқу  керек, спортпен шұғуылдану керек, сүйтіп қана озамыз олардан.
+1 дауыс
Біз қорғанысқа дайынбыз,біздің де басшымыз бар



Теңіз қорғанысымызда бар



Әуе қорғанысымыз да жоқ емес







Құрлықта да қоғаныш күшіміз бар







Ең бастысы жерімізге көз алартқан жауымыздың басшыларын бір-бірлеп тұрып осылай атамыз

Мадияр бұл қарулар ескіріп келеді!
Белгісіз
Жаңасын ойлап тапқанша ұстай тұрсын,жасап шығарармыз
+1 дауыс
мына сөздеріне таңғалдым, негізінде барлықтарынды аитпаим бірақ  кеибіреулері интернет героиларғои өнкеи  , духтары жооооооқ!!
осы созине  косылам, баганагы созиме ренжиме, жигитсинго
0 дауыс
Демек бізде қорғанысты күшейтуіміз керек.Қорғанысқа ақшаны көп бөліңдер.Театр аша бергенше қорғанысқа ақша бөліңдер...
0 дауыс
Кибершабуыл деген интернет арқылы түрсі сетьтерге вирус, троян жібері. Немесе ақпараттық шабуыл. Қазір Қытай АҚШтың ірі компанияларының сайттарын үнемі шабуылдап жатыр. Қазақстанға шабуыл жасамайды. Себебі, біздегі компаниялардың 80 пайызы Қытайдың басқаруында.
0 дауыс
ӨТкенде Отарда Өткен парадта әскеріміздін осал емес екенін көрдім
–1 дауыс
Жалғыз Қытай емес США да өз кезегінде Қытайдың әскери саиттарына сан мәрте шабуыл жасаған.Бір жерден оқығандарыңды көшіріп жазып елді дүрліктірме және бұл сұрақ қайталанған
0 дауыс
Ел басына күн туса бар күшімізді салып елді қорғаймыз

Ұқсас сұрақтар

...