Мен де тура өзіңдеймін,Аяла. Бірақ сен тегің мен атыңды жасырмай жазыпсың,бұл сенің балаңның әкесіне,жарыңа ауыр тимей ме,әлде ол сауатсыз ба?Байқауымда сен балаңның әкесін менсінбейтін сияқтысың,бірақ ол сенің өміріңдегі үлкен қателігің болуы мүмкін,содан абай бол.Адам алғашқы махаббатын ұмытпау керек,бірақ бақытты өмірін,өзін сол бақытқа бөлеп отырған жандарды құрметтеу керек.Ол махаббаттан кем болады деп ойламаймын.Сен жақсы адамсың,бірақ әрі-сәрі күй кешпе,ол қазіргі өміріңнің болашағына қауіпті,сондықтан да айқын позиция ұста.Адам 60-жасында да қателесіп кетуі мүмкін,Алла содан сақтасын.