0 дауыс
26.6k көрілді
Менің білгім келетіні қазіргі кезде құлаққа қандай оталар яғни операциялар жасалады? толық мәліметтер керек

6 жауап

+2 дауыс
Құлақ аурулары[1] – құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына отит, перихондрит, отогематома, құлық, т.б. жатады. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін түрі – сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесінің невриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардың түсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады. Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның естуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирург. операция жасау қажет.
0 дауыс
Кулагым катты ауырып жур типти исип кетти шаншит каксайт букил басым тисим бари,бирнеше кун болды бул неликтен
0 дауыс
Кулагым ауырады кулык агады бала куннен хронически казирги кезде кулагым естимей бара жатыр аудиометрияга тусирдим натижеси:ДS: Правостор НСТ. 1-2 ст осы кулыкты калай токтатуга болады????
+1 дауыс
Құдақты нервасы өлген дейді оны енді қалвй емдеуге болады
0 дауыс
Құлағымның дабыл жарғағы жарылған диди үнеми шулайд жəне естуі нашарлап кетті қанда
0 дауыс
Кулагым 2 ши кун жан- жагы исип солкылдап ауырып жатыр , и кулык агады иси бар,хранически аудиограммага тусирдим 1жагы ен томенги исту каблеттте ал 2ши жагы орташа есту каблетте калай емдеуге болады ??
...