Менде екі смартымдада бар. Ол көбінесе спутниктік жерсерікпен байланыс жасауға арналған. Сіз онымен мысалға GPS навигаторды жол көрсету үшін пайдалана аласыз! Өзім ондай көп пайдаланбаймын. Себебі батареяны өте көп пайдаланады.
GPS (ағылш. Global Positioning System — жаһандық позициялау жүйесі, Джи Пи Эс деп оқылады) — аралықты, уақытты және орналасу нүктені анықтауға арналған навигацияның жерсеріктік жүйесі. Жердің кез-келген жерінде (полярлық аумақты қоспағанда), кез-келген ауа-райында, сонымен қатар ғаламшардың ғарыштық аймағында нысанның орны мен жүру жылдамдығын анықтап бере алады. Жүйені АҚШ Қорғаныс министрлігі жасаған.[1]